Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет55/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

Қарастырылатын сұрақтар: 
Ежелгі грек драмасының тақырыптық, көркемдік 
ерекшеліктері. 
 
Дəріс мақсаты: 
Студенттердің мəдениеттің ірі саласы - əдебиет бастауында 
болған драманың пайда болу, даму тарихын білуі.
Дəріс мазмұны: 
Драма жеке əдеби жанр ретінде Грекияда б.д.д. ҮІ ғасырда пайда болды да өз 
көрерменіне, ең алдымен, трагедия жəне комедия түрінде жетті. Ежелгі грек 
драмасының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, олардың өзектілігі əлі күнге дейін 
бізді таңғалдырып келеді. Бұл туралы қысқаша айтар болсақ, грек драмасының өн 
бойындағы негізгі сюжеттік желі – жеке тұлғаның өздік еркіндігі, қоғамдағы тұлғалар 
қақтығысы жəне олардың өзара қарым-қатынастары, яғни осы күні де өзінің 
өзектілігін жоймаған мəселелер еді. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қоршаған ортаның 
тылсым табиғаиына деген көзқарастары мен оның ішкі жəне сыртқы əлемнің бітім-
болмысын тануға деген құштарлығы да драмалық шығармалардың мазмұнынан 
қомақты орын алды. Əрине, драма мұндай дамыған озық күйде тек Грекияда ғана 
пайда бола алды. Себебі, драма жеке жанр ретінде өмірге келген кезең – Грекияда 
демократиялық өркениеттің орныққан тұсы еді.
Қауымдық тайпадан бөлініп шыққан жеке тұлғаның бойында қауымдық сананы 
жеңіп, өзінің ішкі жан-дүниесі мен оны қоршаған ортаның табиғатын тануға, 
жаратылыстың өндіргіш күштерін түсініп-білуге деген ұмтылыс пайда болды. 
Осындай қажеттіліктердің салдарынан бұл кезде бабалардан бері қалыптасып, ел 
санасына əбден сіңген Олимп құдайларының пантеонына да бірқатар өзгерістер енді, 
жаңа құдайлар мен оларға табынушылық пайда болды.
Солардың бірі – Дионис құдай (немесе римше - Вакх). Жалпы бұл құдайға 
табынушылық Грекияға өзге жерден – Фракиядан келді.


Дионис – табиғаттың гүлдену құдайы, яғни ежелгі гректердің түсінігінше, 
табиғаттағы жаңарып, жасару процестері осы Дионис құдайдың қолында-мыс. Бұл 
құдайға табыну ұжымдық табыну болып, кейіннен ол оргиастикалық сипат алды. 
Дионис құдайдың алдында адамдардың əр түрлі əлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі 
күнə болып саналды. Оған табынушылар өздерін ерлер – вакханттар, ал əйелдер - 
вакханкалар деп атады. Диониске арнап жыл сайын əр түрлі діни рəсімдер - 
мистериялар, мерекелік шерулер өткізіліп тұрды. Оларды “Дионисий мейрамдары” деп 
атады.
Бірақ, уақыт өте келе Дионис құдай да, оған арналған рəсімдер де ұмытылып, тек 
солардың жұрнағы ретінде бізге трагедия мен комедия түрінде драма ғана жетті. 
Əрине Дионис құдайға табынушылықтан гректің классикалық драмасына дейінгі жол 
өте ұзақ та ауыр болды. Дегенмен де, жалпы əдебиеттегі драманың бастауы осы 
Дионис құдайға табынудан шыққан діни рəсімдер – мистериялар болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет