Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№6 Дəріс. Ортағасырлардағы əлем əдебиеті



Pdf көрінісі
бет61/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№6 Дəріс. Ортағасырлардағы əлем əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар:
Орта ғасырлар. «Орта ғасырлар» терминінің 
бастауы. Тарихи жағдай. Мəдениет пен əдебиет дамуы. 
 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерді аталмыш кезеңдегі əдебиет жəне мəдениет дамуы 
барысынан хабардар ету. 
Дəріс мазмұны: 
Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мəдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал 
одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сəйкес келетін, ұзаққа созылған 
біртұтас мəдени дəуірді қамтиды. Ғылымда көне заманнан бастап жаңа заманға дейін 
созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың 
жылдан астам уақытты қамтиды, яғни Ү ғасырдан бастап ХҮ ғасырға дейін созылады. 


«Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда қайта өрлеу дəуірінде пайда 
болған. Бұл «орта ғасырлар» дəуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. 
І – «Бастапқы орта ғасырлар кезеңі»- дəуір бастауынан басталып – Х-ХІ 
ғасырларға дейін созылады; 
ІІ – «Жоғарғы, классикалық кезең» - ХІ ғасыр мен ХІҮ ғасыр. 
ІІІ – «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі»- ХІҮ ғасыр жəне ХҮ ғасыр аралықтарын 
қамтиды. 
Орта ғасырлар дəуіріндегі айрықша дамыған мəдениет салаларының бірі- əдебиет 
болды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде ауыз əдебиеті, оның ішінде батырлық 
эпостар ерекше қанат жайды. Бұл құбылыс əсіресе Англия жəне Скандинавия елдеріне 
тəн болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, 
ерекше құрметке ие болды. 
Ел арасына кең тараған ағылшын-саксондық батырлық эпостың бірі – 700 ж. 
шамасында жазылған «Боевульф» поэмасы болды. Ғалымдардың пікірінше, бұл 
дəуірдегі батыс еуропаның əдебиетте өзінің мазмұны мен əсерлілігі жағынан 
Скандинавияның эпикалық халықтық поэзиясына пара-пар келетін əдеби шығармалар 
болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі құдайлар мен батырлар жайындағы 
көне норвеждік жəне исландық мифологиялық жəне батырлық сипаттағы жырлардың 
жинағы болып саналатын – «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес əдеби туынды ХІІ 
ғасырда латын жазуының пайда болу кезеңінде жазылған. 
Бұл тарихи дəуірде рыцарлық əдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең 
атақты тамаша əдеби мұра – француздардың халықтық ерлік эпосы – «Роланд туралы 
жыр». Мұнда Испанияға жасалған əскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың 
əскери ерліктері жайында баяндалады. ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы неміс жазуының баға 
жетпес əдеби мұрасы – «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне 
бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Ү ғ. Бургунд 
корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары – уақиғаның негізгі 
арқауы болған.
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзияда дами бастады.Германияда 
лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезингілер (жалынды махаббат 
жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық» (сарай 
маңындағы) поэзия – француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы 
тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты жəне өз сүйіктісіне 
жан-тəнімен берілген рыцарьлық қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз 
ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары – 
Бертран де Борн (1140-1215ж.ж.), Джауфре Рюдель (1140-1170ж.ж.) жəне т.б. болды. 
Ортағасырларда əдебиет аренасына шыққан алғашқы жанрлардың бірі – 
рыцарлық əдебиет болды. Рыцарлық əдебиет əсіресе лирика мен роман жанрында кең 
дамыды. ХІ ғасырда рыцарлық əдебиеті дамыған елдің бірі – Франция болды. 
Францияның Прованс атты аймағы Ұлы Карл империясының күйреуінен соң 
тəуелсіздікке қол жетіп, Франциядан бөлінеді. Сөйтіп саяси жəне экономикалық 
егемендікке жеткен Прованс аймағында қоғамдық өндіргіш күштер мен өзге де 
тұрмыстық салалардың дамуы белең алды. Осындай қоғамдық сананың едəуір 
нығайған кезеңінде, француз əдебиеті де бұл дамудан тыс қалмады. Батыс еуропалық 
əдебиеттердің ішінде француз əдебиетінде алғашқы куртуаздық-рыцарлық идеал 
қалыптасты. Рыцарлық əдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар – трубадурлар деп 
аталатын ақындар болды (trobar-іздеу, табу). 


ХІІ-ХІІІ ғасырдағы француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі – «ваганттар» 
поэзиясы 
болды.Ваганттар 
деп 
кезбе 
ақындарды 
атаған. 
Олардың 
шығармашылығының бір ерекшелігі – вагант ақындардың католик шіркеуі мен 
дінбасыларын, олардың зұлымдық іс-əрекетін əділ сынның қыспағына алуы болып 
саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден 
шіркеу мүлде арылу керек деп санады. 
Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі 
оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты 
жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі боп саналады. 
ХІІІ ғ. ағылшын əдебиетінің мəңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд 
жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік əдебиеттің ең 
белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы – ағылшын əдебиетінің бет-
бейнесін айқын аңғартады. 
Италия əдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, сонеттер 
басым болып келеді. ХІІ ғ.-дың ортасында Италияда əйелдерге деген махаббатты 
дəріптейтін соны бағыт – «Жаңа əдемілік стиль» пайда болды.Бұл стильдің негізін 
салушы – ақын Гвидо Гвиницелли.ХІІІ ғ.-дың аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы 
құқықтық шығармалар да жарық көре бастады. Солардың тырнақалдысы – новеллалар 
жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Джованни Боккаччо 
атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды. 
Бұл дəуірде қала əдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері – Чекко 
Анджольери, Гвидо Орланди жəне т.б. Олардывң шығармаларында қала халқының 
өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала 
əдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша əсер етті жəне бұл 
мəдени процесс қалалық мəдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мəдени 
белсенділігімен ұштасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет