Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№ 20 дəріс сабақ. Тақырыбы: ҚАРАҚАЛПАҚ ƏДЕБИЕП



Pdf көрінісі
бет76/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
№ 20 дəріс сабақ. Тақырыбы: ҚАРАҚАЛПАҚ ƏДЕБИЕП 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Қарақалпақ 
халқының фольклоры. "Қырық қыз" эпосы. Қысқаша сюжеті. Гүлəйім, Арыслан, 
Жұрынтаз бейнелері. Эпостың көркемдік маңызы. 
XVIII 
ғасырдағы жазба əдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы шығармашылығы. 
"Күйзелген халық" дастаны. Дастанда қарақалпақ халқының ауыр тұрмысының 
бейнеленуі. 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерді қарақалпақ əдебиеті дамуынан хабардар ету. 
Дəріс мазмұны: 
Қарақалпақ – ауыз əдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», 
«Шадьяр» т.б. батырлық жəне лиро-эпостық жырлары ертеден мəлім. Жазба əдебиеті 
18ғ-дан басталады. Ол кезде əдебиет əлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа 
Ибраимұлы (1799-1880), əжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-
1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-
1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері 
мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен 
Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ əдебиетіне елеулі із қалдырған 
аса маңызды шығармалары. əжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», 
«Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ 
əдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. 
Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, əдеби сын, əдебиеттану ғылымы дамыды. 
А.Мусаев (1880-1936), С.Мəжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-
1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес 
өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), 
Ж.Аймырзаев 
(1910ж.т.), 
М.Дəрібаев 
(1909-42), 
Ə.Шамұратов 
(1912-53), 
Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған 
Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов 
(1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, 
сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді. 
Қарақалпақ əдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дəрібаевтың 
«Мыңдардың бірі», Ə.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық 
шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың 


«Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), 
Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары 
қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді. 
Қарақалпақ əдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. 
Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», 
«Тазагүл», Қ.Əуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» 
пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған 
Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», 
«Ашық Ғаріп», М.Дəрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дəуқараевтың 
(1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» 
пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. əдеби сын мен 
əдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дəуқараев, 
Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. 
докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп 
келеді. 
Қарақалпақ, қазақ əдебиеті ежелден туыстас. Екі ел əдебиетінің озық туындылары 
қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ 
ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ 
тілінде жеке кітап болып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет