Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№19 дəріс. Тақырыбы: ТҮРКІМЕН ƏДЕБИЕТІ



Pdf көрінісі
бет73/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№19 дəріс. Тақырыбы: ТҮРКІМЕН ƏДЕБИЕТІ
Қарастырылатын сұрақтар: 
Түркімен халқы жайлы қысқаша мəлімет. Ауыз əдебиеті, оның түрлері. Батырлық эпос 
– «Көрұғылы» / «Гер-оғлы»/. Бұл эпостың басқа түркі тектес халықтардағы 
нұсқаларынан айырмашылығы. Романтикалық жырлар – «Ғариб пен Сəнем», «Асыл 
мен Керім», «Таһир мен Зухра» т.б. жырлардың ауыз əдебиетіндегі орны. 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерге түркімен əдебиетінің қалыптасу, даму белестері туралы 
мағлұмат беру. 
Дəріс мазмұны:
Т. əдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше 
шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дəдəм Қорқуд» («Қорқыт ата 
кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл əдеби мұрада ертедегі сол 
халықтардың əдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) жəне 
Кавказ, Азия елдерінің эпостық дəстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері 
«Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), 
Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы 
тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 
2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси əлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты 
патриотизм сарыны мен азаматтық əуенде жазылған шығармалар пайда болды. 
Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен 
Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер 
циклі Т. əдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы əдебиеттегі 
жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. əдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» 
(төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының 
белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» 
дастанын жазды. Кемине (Мəмедəлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), 
Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) əлеуметтік 
теңсіздікті əшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.
Совет дəуіріндегі Т. əдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 
1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), 
Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Əдет 
құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. 
шығармалары əйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 
жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан 
Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. əдебиетінде 
тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың 
«Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-
74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) 
колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің 
(1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. 
тарихи романдары жарияланды. Қысқа əңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың 
(1906-44) новеллалары басылды. 
1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. əдебиетінің творчеств. əдісі соц. Реализм 
болды. 1928 жылдан «Совет əдебиеті» журналы шығып, Т. совет əдебиетінің дамып 
қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван 
ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» 
(1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 
жылдары Т. əдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), 


Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас əдебиетшілер 
келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» 
(1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа 
еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 
кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары 
прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 
ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың 
«Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, 
Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен 
əңгімелері басылды.
Түркімен əдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» 
(1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының 
«Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен 
əңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет