Демостың көп құлдары оның бəріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан
зəбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап
алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда
егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз əмірін
жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл
жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып
саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында
соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы
бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт
болып шығады. Комедия осымен аяқталады.
Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар”
комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның
шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы
қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана əрең ілігеді. Бұл комедиясында
Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім жəне тəрбие беру жүйесін қатал
сынға ала отырып, софистердің білім мен тəрбие қағидаларын полистік идеологияның
іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.
Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен
ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс
аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып,
өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында
осындай ақын армандарынан туындаған.
Достарыңызбен бөлісу: