Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№21 Дəріс. Көне грек комедиясы. Аристофан



Pdf көрінісі
бет77/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
№21 Дəріс. Көне грек комедиясы. Аристофан. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт 
аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Əйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, 
“Халық жиналысындағы əйелдер”, “Байлық” жəне т.б. комедиялардың мазмұндық, 
сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті 
өкілі. 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерді Аристофан шығармашылығынан хабардар ету. 
Дəріс мазмұны: 
Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында 
дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мəліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі 
алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан 
лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның 
«Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы 
кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара 
бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең 
танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.
«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. 
Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың 
Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – 
Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап 
атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты 
комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық 
демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. 
Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін 
ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан 
бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі 
ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. 


Демостың көп құлдары оның бəріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан 
зəбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап 
алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда 
егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз əмірін 
жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл 
жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып 
саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында 
соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы 
бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт 
болып шығады. Комедия осымен аяқталады.
Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” 
комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның 
шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы 
қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана əрең ілігеді. Бұл комедиясында 
Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім жəне тəрбие беру жүйесін қатал 
сынға ала отырып, софистердің білім мен тəрбие қағидаларын полистік идеологияның 
іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.
Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен 
ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс 
аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, 
өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында 
осындай ақын армандарынан туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет