Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№ 22 дəріс сабақ. Тақырыбы: Шумер жəне Вавилон əдебиеті



Pdf көрінісі
бет78/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
№ 22 дəріс сабақ. Тақырыбы: Шумер жəне Вавилон əдебиеті 
Дəріс мазмұны:
Ниппур каноны: мифтер, дұғалар, гимндер. Гильгамеш туралы аңыз.
 
№23 Дəріс. Шекспир шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар: 
Ағылшынның əлемге аты əйгілі драматургы əрі 
ақыны Уильям Шекспир. Өмір жəне шығармашылық жолы. Драматургиясы. 
 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерді ағылшынның əлемге аты əйгілі драматургы əрі 
ақыны Уильям Шекспирдің өмір жəне шығармашылық жолымен, драматургиясымен 
таныс ету.
 
Дəріс мазмұны: 
Ағылшынның əлемге аты əйгілі драматургы əрі ақыны Уильям Шекспир 1564 
жылы 23 апрельде Эвон өзені бойындағы Старфорд деген кішкентай қалада дүниеге 
келген.Болашақ драматургтың əкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді. 
Жас ақын осы туған қаласындағы «Грамматикалық мектепте» оқиды.Бұл мектеп 
негізінен латын тілін,қала берді көне грек тілін оқытушы еді.Бірақ əкесінің 
кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай,16-ға толар-толмас жасында жұмыс 
істеуге мəжбүр болады.Сөйтіп,ол бірде ет сатушының шəкірті болса,енді бірде 
ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады. 
Шекспирді жергілікті ірі помещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды 
жасырын түрде ауладың жəне сатиралық балладаңа іліктірдің деген сылтаумен 
жазалауға бұйырады.Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға кетеді. 
Лондонға 
келгеннен 
кейін 
Шекспир 
өзі 
жақсы 
көретін 
театрды 
төңіректейді.Əуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарса,соңынын 
бірте-бірте актерлікпен,одан əрі дрматургиямен шұғылданады. 


Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз 
байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы қаладағы студент-жастардың 
күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған 
пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер 
болып ойнайды. 
1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады 
да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді. 
Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мəліметтер тым аз.Оның шығармаларынан 
бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 жəне «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен 
«Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы жəне 154 сонеті 
бар.
Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде 
танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі» 
пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын əрі жазушы екенін танытады. 
Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін 
үздіксіз 
қойылып 
келеді.»Оттело»,»Асауға 
тұсау»,»Ромео 
мен 
Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы жəне соннттері қазақ тіліне 
аударылып басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет