Семинар сабақ. ХІХ-ХХ ғғ. материалистік және иррационалдық бағыттар. ХІХ ғасырдағы материалистік ілімдер



Дата17.03.2020
өлшемі16,63 Kb.
#60330
түріСеминар
Байланысты:
Семинар 11-14-1

11-12 Семинар сабақ.

ХІХ-ХХ ғғ. материалистік және иррационалдық бағыттар.

1. ХІХ ғасырдағы материалистік ілімдер.

2. ХІХ ғасырдағы идеалистік ілімдер.

Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы материалистік және иррационалдық бағыттардың сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

К.Маркс: жаттанған еңбектің мәнін ашу. Жаттану және жеке меншік. Әлеуметтік проблематика - марксизмнің ядросы. Материалдық базис - қоғамдық өмірдің бүкіл жүйесінің басты звеносы. Маркс ілімі және әлемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф.Энгельс табиғи ғылымдардың философиялық негіз-демесі туралы.



Ф.Ницше - Шопенгауэрдің «өмір философиясын» жалғас-тырушы және өзгертуші. Христиан құндылықтарын қайта баға-лау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты - оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордің экзистенциализмі мен «өмір философиясы-ның» ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдық таң-дау мәселесі оның философиясының орталық проблемасы ретінде.



Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 175-186 бет.

2. Әбішев К. А.Философия - А.,1998 8-19 бет

3. КішібековД.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, 7-17 бет.

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 9-24 бет.

5. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 6-11 бет.

6. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ.А.Философия, 1999, 5-17 б.

7. Қасабек А. Тарихи философиялық таным - А., 2006



13-14 Семинар сабақ.

Қазіргі заман философиясының негізгі концепциялары.

1. Неопозитивитизм, прагматизм, психоанализ.

2. Персонализм, экзистенциализм, феноменология.

3. Неофрейдизм, неотомизм, постмодернизм.



Сабақтың мақсаты: XX ғасырдағы философияның сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілерін Блум таксаномиясы бо йынша айшықтау:

Сабақ кезеңдері

Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттердің

іс-әрекеті

1. Білу (қайталау, еске түсіру) 

Қызығушылықтарын ояту

Студенттердің лекция сабағында өтілген жаңа тақырыпты игеруге деген ынтасын арттыру.

Оқу бағдараламасына сәйкес XX ғасырдағы философияның сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптайды..

2. Түсіну (түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау)



Студенттердің түсінік айту және өз ойын еркін жеткізе білу деңгейін айшықтау.

Студенттер ХХ ғасыр философиясының негізгі концепцияларының өзіндік ерекшеліктері мен байланысының тұжырымдарды айшықтау.

3. Қолдану (жасап көру, көрсетіп беру)
Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс.



Студенттердің жаңа тақырыпты қолдана алу деңгейін айқындау.

Студенттер жаңа тақырыптың негізгі мәселелерін өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді және өз мамандығымен байланыстыра айшықтайды.

4. Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)



Студенттердің тақырыпты талдай білу деңгейін бақылайды.

ХХ ғасыр философиясының негізгі философиялық мектептерінің негізгі тұжырымдарын байланыстыра отырып, ерекшеліктерін талдап береді.

5. Жинақтау(құрастыру, шығармашылықпен орындау)


«Жаңа тақырыпты біз былай түсінеміз»

(кітап, шығармашылық жұмыс, жинақтау, бағалау) .




ХХ ғасыр философиясының негізгі философиялық тұжырымдарының негізі мәселелерінің туындау себептері мен салдарын сараптайды.

6. Бағалау (ұсыныс жасау, таразылау



Студенттердің жалпы сабақ барысында жинақтаған бағаларын жалпы қорытындылайды.


Қоғылған мәселелерідің шешілу жолдарын ұсыну.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О. Конт: философияның міндеті - объективті өмір сүретін матери-алдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпы-лау және жүйелеу. Махизм: әлем «түйсіктер комплекстері» түрінде.

Неопозитивизм - қазіргі батыс философиясының субъек-тивтік-идеалистік бір бағыты ретінде, ғылымды философияға қарсы қойып, тек арнаулы ғылымдар ғана дүниені танып білудің бірден-бір көзі, философияның зерттейтін пәні жоқ деп санайды. К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

XX ғ. экзистенциализмі Европадағы терең әлеуметтік дағ-дарыстардың бейнесі ретінде. Философиялық талдау объек-тісі - адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сөзімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің катего-риалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталған-дық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М. Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К.Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің «шекаралық жағдай-ларда» ашылуы. Француз экзистенциализмі. Ж.П.Сартр: экзис-тенциализм гуманизм ретінде. Адам тек «проект» қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А.Камю: адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенқиализм. Н. Аббаньяно: экзистен-циализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика - түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі. В. Дильтейдің гременевтиканы рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г.Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) туралы. Түсіну - диалог процесінде өмірді "ұстап алу". Мәтін философиялық рефлексия феномені ретінде.

Бұл бағыттармен қоса постструктурализм, модернизм, постмодернизмнің ерекшеліктерін айқындау керек.



Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 186-216 бет.

2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, бет.

3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 57-66 бет.



4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 70-86 бет.

5. Алтай Ж., Қасабек А., Философия, 1999,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет