ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері
_______ А.Қ.Мамбетова
«____» __________ 2015ж.
СЕМИНАР САБАҚ
Тақырыбы : Кембридж технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану
Оқытушы : Исматулаева Ә.М
Ақсукент 2015ж
Күні : 28.10.2015ж
Уақыты : 15.00
Ә.М Исматулаева : Алғы сөз ,тақырыпты ашып беру .Құрметті гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқытушылыры біздің шығармашылық топпен бірге понарамалық сабақты бастауға рұқсат етсеңіздер .
І.Мұғалімдерге "Амандасу" тренингін өткізу.
1.Италияда –құшақтасады
Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады
Зимбабада-арқасымен
Македонияда-шынтақпен
Никарагуада –иықпен
Австралияда-шапалақ,секіру,бөксемен
Қазақстанда қол алысады
Топты таныстыру :
Алдарыңызда әр саланың мамандары сіздерге бір технологияны пайдалана отыра бір сабақ үлгісін көрсеткелі отыр.
1.Шығармашылық топқа жауапты педагогика және өзін-өзі тану пәнінің маманы Исматулаева Әлия Мұратқызы
1.Салмақты ,байсалды ,тілшілердің шебері жаңашыл оқытушы , қазақ тілі және әдебиет маманы Содикова Шынар
2.Креативті ойлаушы ,тілші,ойы жүйрік ,тиянақты оқытушы ,қазақ тілі және әдебиет маманы Жунисбекова Гүлжан Қалдыбайқызы
3.Оптимист, пунктуальді ,жан жақты оқытушы ,орыс тілі және әдебиет маманы Ташпулатов Зафар Ботабаевич
4.Ізденімпаз,шығармашыл, сөзге шебер жаңашыл оқытушы, информатика пәнінің маманы Мырзаметов Жасур
5.Мақсаткер,дарын, жас оқытушы , кәсіптік пәндер пәнінің маманы Марифханов Азизбек
Жунисбекова Г.Қ : Технологияны теориялық түрде таныстыру .
«Кембридж технологиясының теориялық негізі»
Исматулаева Ә.М : «Бала болашағына байыппен қарайық »- атты тақырыпта «Алты ойлау қалпағы әдісі» бойынша тәжірибелік сабақ өту :
Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
Содикова Ш : Мағынаны ояту ,топтастыру
1-топқа: Сілтеме табушылар ( мұнда оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның қызықты жерін тауып оқиды )
2 – топқа: Ізденушілер ( мәтінге қатысты қосымша ақпараттарды оқушыларға ұсынады )
3 топқа: Дәнекер топ: ( оқиғаның қазіргі өмірмен байланыстырады )
4 – топқа: Сөз тапқыштар тобы: ( мәтінге сай мақал-мәтел, нақыл сөздерді табады )
5 – топқа: Бейнелеуші топ: ( Оқиға сюжеті бойынша сурет салады )
6- топ. Сұрақ құрастырушылар. (Әңгімені оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды)
Достарыңызбен бөлісу: |