Семинар сабағы 15 c ағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


Адамзаттың тұқымқуалаудағы патологиялық салмағы



бет3/13
Дата15.09.2017
өлшемі2,65 Mb.
#33062
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Адамзаттың тұқымқуалаудағы патологиялық салмағы



Тұқымқауалаушылық патология түрлері

1000 адамға таралуы (орташа)

Ген аурулары

10

Хромосомаларға байланысты аурулар

5

Туа бітетін ақаулар

20

Балаларда тұқымқуалау арқылы ауруларға бейімделуі

10

Ересектерде тұқымқуалау арқылы берлетін ауруларға бейім келуі

150

Генетикалық көзқарастан барлық аурулар төрт топқа бөлінеді:



  1. Тұқымқуалайтын аурулар – себебі ретінде патогендік мутациялардың әсері; сыртқы ортаға байланысты емес.

  2. Аурулар, бұларға тұқымқуалаушылық себебі ретінде ғана қызмет атқарады, бірақ олардың айқындалуына мутацияланған гендердің әсері болуы керек те соған сәйкес ағзаның жағдайы да, ортаның әсеріде қатар жүруі тиіс. Ондай аурулар көбінесе бара – бара есейген сайын сыртқы факторлардың әсерінен: асыра шаршау, асыра тояттанудан, салқын тигізуден (қант диабетінің кейбір түрлері, буынның сырқырауы (подагра)).

  3. Аурулар, себебі сыртқы ортаның әсерінен болады, бірақ оның пайда болу жиілігі мен ауырлығы тұқымқуалаушылыққа бейім адамдар болып табылады (атеросклероз, гипертоникалық ауру, жаралар, туберкулез, экзема (есекжем, бөртпе).

  4. Аурулар, бұнда тұқымқуалаушылқ ешқандай рөл ойнамайды (көптеген жарақаттар, жұқпалы аурулар, күйіктер ж.т.б.). Генетикалық себептері тек патологиялық процесстердің өтуіне әсер етуі мүмкін, тез жазылып кетуіне, бұзылған қызметтердің қайтадан орнына келуіне.

2.Тұқымқуалаушылық ауруларбұлардың себептері мутация болып табылады, ол дегеніміз тұқымқуалаушылық құрылымдардың өзгерістерінде. Олар генндік, хромосомалық және геномдық мутациялар болып бөлінеді.
Адамдағы мутация түрлері және оның салдары

Мутациялар

Сипаттамасы

Салдары

Генндік

Гендерде молекулярлық өзгерістер болады

Геннің алғашқы өнімдерінің синтезінің бұзылуы

Хромосомалық

Бөлек хромосомалардың құрылысындағы өзгерістер

Органогенездегі кәдімгі өзгерістер; өліммен аяқталады; хромосомалар аурулары

Геномдық

Хромосомалардың санының өзгеруі немесе олардың жиынтығындағы өзгерістер

Эмбриональдық даму кезіндегі терең өзгерістер; өлімге әкеліп соғу нәтижесі


Ішкі себептерден (спонтанндық) болатын мутагенез – ағзаның қарапайым физиологиялық жағдайларында пайда болады, сыртқы факторлардың көмегінсіз.

Жалқы (дара – индукциялық) себептерден болатын мутагенез – генетикалық аппарат жасушаларына физикалық, химиялық және биологиялық себептердің жарақаттау әсерімен болғанды мутагендер деп атайды.

Ағзаның реактивтілігі - ішкі және сыртқы ортаның жылжуына ағзаның өмір сүру өзгерістерімен жауап беруі. Олардың келесі түрлері бар:



  • Түрімен

  • Топтық

  • Жеке бастық

  • Физиологиялық

  • Патологиялық

  • Ерекшелік

  • Тән еместік

Реактивтіктің түрлері: қалыпты – нормергия; жоғары – гиперергия; төмен – гипергия; бұрмаланған – дизергия; толықтай жауап қайтармау – анергия.
3.Түрлік реактивтік – сыртқы әсерлерге жауап береді, әсіресе анатомо- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысал ретінде түрлік реактивтікке жануарлардың маусымдық мінез – құлықтары болуы мүмкін.

Топтық реакция – адамдардың белгілі бір топтары (немесе жануарлардың) сыртқы орта әсеріне барлық өкілдердің ерекше реакциясы. Ол белгілерге жататындары: жасы, жынысы, конститутциональді түрі, белгілі бір нәсілге жатуы, қан топтары, орталық нерв жүйесінің типі (түрі).

Мысалы, ерлерде буын ісігі, жаралар (язва), ұйқы безінің басының қатерлі ісігі, тәж қан тамырларының атеросклерозы, алкоголизм, ал әйелдерде – артрит (буындардың қабынуы), өтте тастың жиналу ауруы, өт қабының қатерлі ісігі, қалқанша бездің қызметінің бұзылуы ж.б.

Жеке бастың реакциясына әрбір адамның сыртқы және ішкі орта факторлар әсеріне жауап қайтару реакциясы.

Физиологиялық реакция дегеніміз ол сыртқы ортаның әрекеттеріне белгілі бір жауап, егерде ағзаның гомеостазы бұзылмаса.

Патологиялық реакция бұл ауру тудыратын себептерге жауап беру ерекшелігі және құрылымдық пен гомеостаздың бұзылу немесе жарақатталуынан болады.

Ерекшелік реакциясы ол ағзаның антигендерге жауап ретінде антиденелер өндіру болып табылады.

Тән еместік (ерекше емес) реакциясы ағзадағы кешенді өзгерістер және сыртқы сеьбептерге жауап ретінде пайда болуы, бірақ иммундық жауаппен байланысты емес.


Тексеру сұрақтары: 1.Этиология нені зерттейді? 2. Патогенез дегеніміз не? 3.Экзогенді себептерге жататындары. 4.Эндогенді факторларға жататын себептері қандай? 5.Аурулардың қолайсыз жағдайы немен байланысты? 6.Сыртқы қолайсыз жағдайларды қандай түрлерге бөледі? 7.Тұқым қуалаушылық дегеніміз не, әсіресе ауруларға байланысты болғанда?

8.Мутация дегеніміз не? 9.Гемофилия деген қандай ауру?10.Ағзаның реактивтілігі дегеніміз не? 11.Реактивтіліктің қандай түрлері бар?


Әдебиеттер тізімі: : 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.

4.Тақырыптың аты:Жалпы патология негіздері.
Мақсаты: Әдеттегі патологиялық үрдістер туралы толық мағлұмат алу.Қан тамырлар жұмысмен толығырақ танысу. Қанның мөлшерден көп немесе мөлшерден аз болуының себептерін айқындау.Ұлпаларда зат алмасу қалай жүреді және ол неге байланысты екенін анықтау. Тірі ағзада жасушалар мен ұлпалардың өлуі – некрозбен танысу.
Тірек сөздер: Некроз, гиперемия, ишемия, инфаркт, тромбоз, эмболия, стаз, дистрофия, дегенерация, инфильтрация, декомпозиция, трансформация, гангрена.
Негізгі сұрақтар:

  • Типтік патологиялық процесс.

  • Гиперемия дегеніміз не? Қан кету неден болады, оның себептері қандай?

  • Дистрофияның механизмдері туралы түсініктер. Ұлпалар мен жасушалардың өлуі. Некроздың себептері және оның түрлері.

Қысқаша мазмұны:

1.Типтік патологиялықи процесс деп біржақты (бүтін, стандартты) процестерді әртүрлі жарақаттау факторларын айтады. Оларға жататындар: қан айналудың бұзылуы; ұлпаларда зат алмасудың бұзылуы; некроз; қабыну; атрофия; гипертрофия; ісіктер.
Қан айналудың бұзылу түрлері: гиперемия: артериальды (жергілікті және жалпы) және венозды (жергілкті және жалпы);


  • Стаз;

  • Ишемия;

  • Қан кету;

  • Инфаркт;

  • Тромбоз;

  • Эмболия.

2. Гиперемия – қанның ұлпаларда көп мөлшерде болуы, оның себебі жалпы сонымен бірге жергілікті қанайналудың бұзылуы болуы мүмкін. Гиперемия өзіні дамуына байланысты артериальды және венозды болады.

Жалпы артериальды гиперемия дегеніміз айналымда жүрген қанның мөлшері әлдеқайда көп болуы мүмкін, бұндай жағдайлар сирек кездеседі.Көбінесе артериальды гиперемия жергілікті патологиялық процесс ретінде болады, белгілі бір аймақтарда қалыпты жағдайға қарағанда қан көбірек келіп, ал кететін қанның мөлшері қалыпты. Оның пайда болу себептері кейбір ұсақ қан тамырларының (артериолдар мен капиллярлар) кеңеюінен мүшенің қызметінің күшеюінен және сонда зат алмасу процесін үдетеді.

Артериалды гиперемияның келесі түрлері бар:


  • Ангионевротикалық – қан тамырларын тітіркендіріп кеңейтетін немесе қан тамырларын тарылтатын нервтердің салға ұшырауы;

  • Коллатеральды – магистральды артериальды қан тамыры бойынша қан ағудың қиындауы;

  • Постанемиялық – артерия қан тамырлары қысылуынан (ісіктен, қуыстарда сұйықтықтың жиналып қалуы ж.б.), ұлпадағы қаназдылық, бірақ тез жойылып кетуі мүмкін;

  • Вакатты – барометрлік қысымның азаюымен байланысты айқындалады, мысалы, сүңгуір мен кессондық жұмысшылардың тез жоғары көтерілуінен (жоғары қысымнан), газдық эмболиямен, тамырлардың тромбылануымен және қанқұйылуымен; жергілікті вакаттыгиперемия теріде дәрігерлік банкілер салғанда байқалатын, сиретілген аймақтара бос кеңістіктердің құрылуы;

  • Қабынудан – оның айқындалуы негізінде ұсақ артериялар мен капиллярларда қанның мол мөлшерде болуы.

Веноздық гиперемия ондай жағдайларда қанның келуі қалыпты да қайтуы жеткіліксіз. Веноздық толыққандылықты сонымен бірге тоқырау немесе көгеру, цианоз деп те атайды, себебі тері көгеріп айналасындағы аймақтарға қарағанда салқындау болады. Оның басты себептері жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол мүшелерде (жүректе, тамырларда, тыныс алу мүшелерінде);

  • Стаз – бөлек капиллярларда, ұсақ артерияларда және веналарда қан ағудың тоқтап қалуы;

  • Ишемия – патологиялық процесс, белгілі бір мүшеде немесе ұлпада қанның құрамы (көлемі) қалыпты жағдайға қарағанда азаяды. Ишмияның жергілікті түрлеріне жататындар: ангиоспазмалық – қан тамырларыңын тарылып (қысылып) қан тамырларын тарылтатын нервтердің қозуынан болады; абтурациялық – артерия қантамырларының тромбымен немесе эмболиямен бітеліп қалуы; компрессиялық – артерияның ісікпен, жгутпен, іріңмен ж.б. қысылып қалуы.

Инфаркт – мүшенің ұлпасының (өлуі) некроздың ошағы, артерия қанының келуі тоқтаған жағдайда болады. Оның негізгі себептері ол артерия қан тамырларының тромбымен немесе эмболиямен бітеліп қалуы.

Тромбоз – қаннан тығыз массалардың бөлініп, қан тамырлар қабырғаларында немесе жүрек қуыстарында жиналуы. Сол жиналған массаны тромб деп атайды. Тромбылардың келесі түрлері болады:



  • Ақ – тромбоциттерден, фибриннен және лейкоциттерден тұрады; жәй құралады қанның ағысы жылдам болғанның өзінде (көбінесе артерияларда);

  • Қызыл – тромбоциттер, фибриндер және лейкоциттерден басқа көптеген эритроциттер кездеседі, бұлар қанның жәй ағуына қарағанда тез құралады;

  • Аралас – жиі кездеседі; құрылысы бірнеше қабат және шұбар болып келеді; ақ та, қызыл да тромбылар кездеседі.

Ұлпаларда метаболизмнің бұзылуынан, сол ұлпалар қызметінің бұзылуымен қатар сапалы химиялық өзгерістерге ұшырайды – оны дистрофия немесе дегенерация деп те атайды.

3.Дистрофияның дамуының төрт негізгі механизмін айырады: инфильтрация – жасушалар мен жасушааралық заттарға қаннан зат алмасу өнімдері өте көп мөлшерде келеді; декомпозиция - жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын және соны құрайтын күрделі химиялық қосындылардың ыдырауы; трансформация – бір заттардың екінші бір затқа айналуы (мысалы, белоктар майларға немесе көмірсуларға); бұрмаланған синтез (жинақталу) – жасушаларда және жасушааралық заттарда аномальды (бұларға сәкес келмейтін заттар).

Некроз (өлу, «жергілікті өлу») тірі ағзада жасушалар мен ұлпалардың өлуі.


Тексеру сұрақтары:Типтік патологиялық процесс деп нені айтады? Ондай себептер қандай, атау керек. Қан айналудың бұзылуы неден болады? Оларға кіретіндер. Гиперемия дегеніміз не? Қан кету неден болады, оның себептері қандай? Тромбылардың себептері қандай?Ұлпадағы метаболизмнің бұзылуы неден болады? Дистрофия мен дегенерация дегеніміз не, айырмашылғы неде?

Әдебиеттер тізімі 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
5.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістері
Мақсаты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістерімен студентерді таныстыру. Олардың бөлек тәсілдеріне тоқтап жеке – жеке түсіндіру. Адамның температурасы жайында мағлұмат беру.
Тірек сөздер: Перкуссия, пальпация, аускультация, антропометрия, термометрия, ультрадыбыс, радиоизотопты, эндоскопиялық деген сөздермен таныстыру.
Негізгі сұрақтар:

  • Клиникалық зерттеу тәсілдері

  • Параклиникалық зерттеу әдістері (антропометрия)

  • Дененің термометриясы

  • Аспаптармен және қызметтік зерттеу тәсілдері



Қысқаша мазмұны:

1. Клиникалық зерттеу тәсілдеріне жатқызады:

  • сұрастыру;

  • физикалық тексеру, дәрігердің сезім мүшелерінің көмегімен жүргізіле-ді;

  • қарау;

  • перкуссия (саусақпен соғу);

  • пальпация (саусақпен сипау);

  • аускультаия (тыңдау).

2.Параклиникалық тексеру тәсілдеріне қосылатындары:

  • антропометриялық;

  • термометриялық (дененің қызуын өлшеу);

  • аспаптар мен функциональдық;

  • сәулелік (рентгенологиялық және магниттік тербелмелі жүйелік);

  • ультрадыбыстық;

  • радиоизотопты;

  • термографиялық (интроскопия, жылу арқылы);

  • эндоскопиялық;

  • зертханалық;

  • қызметтік сынамалар және басқалары.


Сұрастыру-тексерілушінің денсаулығы туралы жалпы мәлімет алу, тексеру уақытында қандай шағымдары бар, ауырған аурулары (анамнез) қандай, оны дәрігерге әкелген нақты ауру, өмірі туралы деректер (анамнез). Спортшылар- ға байланысты болған жағдайда, спорттық анамнез жинақталуы тиіс. Оған келесі сұрақтар кірер еді:

  • мектепте денешынықтыру мен спорт секцияларына қатысуы;

  • қазіргі уақыттағы спорт түрі;

  • мамандығы (дәрежесі);

  • қазіргі кездегі машықтану-кезеңі, жұмасына жаттығу сабақтарының саны, әрбір сабақтың ұзақтығы, спортшы бұл сабақтардың ауырлығын бағалауы;

  • көңіл-күйі;

  • спорттық нәтижелердің өсуіне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы;

  • күн кестесіне, жаттығуларына және демалыс сағаттарына жалпы сипаттама;

  • таңертеңгілік жігерлендіретін жаттығулар;

  • шыңдалудың қосымша амалдары ж.т.б.


Қарау-арқылы анықтау:

  • конститутциональді (дене құрылысы) типін;

  • дамуындағы кішігірім ауытқулар;

  • тірек-қиыл аппаратының қызметтік жағдайындағы көзге байқалатын зақымдар белгілері;

  • кейбір аурулармен патологиялық жағдайлардың сыртқы белгілері.

Кейбір аурулармен патологиялық жағдайлардың сыртқы белгілеріне жататындары:



    1. бет терісінің түсі;

    2. мұрынмен тыныс алудың бұзылуының айқындалуы;

    3. көз ерекшеліктері;

    4. ерін мен тілдің жағдайы.


Перкуссия (саусақпен соғу)-ағзаның жағдайын саусақпен соғып, шығатын дыбысқа байланысты негізделген зерттеу тәсілі. Барлық тығыз ауасы жоқ, не болмаса сұйық органикалық бөлімдерінен жәй дыбыс шықса, ал ауамен толтырылған жерлерден қатты дыбыс шығады.
Пальпация-(қармалау, сипау) мүшелер мен ұлпалардың сезгіштігі мен физикалық қасиеттерін, олардың орналасуын сезу арқылы тексеретін тәсіл.
Аускультация (ішкі мүшелерді тыңдау)-ішкі мүшелердің механикалық жұмысы кезінде пайда болатын дыбыс шуларын тыңдау тәсілі (стетоскоп, фонендоскоп).
Антропометрия (соматотипирование) –дене дамуының негізгі көрсеткіштеріне жататыны:

  • бойдың ұзындығы;

  • дене массасы;

  • көкірек қуысының көлемі;

  • өкпенің тіршілік сиымдылығы.

Оларды бағалау үшін жиі қолданылатын тәсілдер:



  • антропометриялық пішіндер мен стандарттар;

  • корреляциялар;

  • индекстер немесе көрсеткіштер;

  • персентильдер.


3.Дене термометриясы –дене қызуын өлшеу. Қолтықтың қалыпты температурасы 36,4- 36,8 ºC,тік ішекте қызу 0,5-1,0ºC жоғары.

Қызудың жоғарлау дәрежесіне байланысты ажыратады:



  • 37,0- 37,5ºC-дене қызуының аздап көтерілуі (субфебрильді);

  • 37,5-38,0 ºC-дене қызуының жоғарлауы;

  • 38,0-39,0 ºC-орташа жоғарлауы;

  • 39,0-40,0 ºC-жоғары болуы;

  • >40,0 ºC-өте жоғары;

  • >41,0-42,0 ºC- дене қызуының тым жоғары болуы.


4.Аспаптар мен функциональдық тексеру тәсілдері (негізгілері)

  • электрокардиография;

  • фонокардиография;

  • поликардиография;

  • электроэнцефалография;

  • реовазоэнцефалография;

  • электронейромиография.


Электрокардиография (ЭКГ) – жүректің жұмысы кезінде электр құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі. ЭКГ-ні жазу дәстүрлі үш стандартты, үш күшейтілген аяқ-қолдардан және алты көкірек қуысынан алынады.

Фонокардиография (ФКГ)- жүрек жұмысы кезінде пайда болатын, дыбыс құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі.

Поликардиография (ПКГ)- ұйқы артериясының сфигмограммасын және бір

уақытта ЭКГ, ФКГ тіркеу тәсілі. Сфигмография-тамырлар арқылы қысымның көтерілген толқындарының тарауын артериальды қабырға тербелістерін графикалық тіркеу тәсілі.



Электроэнцефалография (ЭКГ)-бас мидың биоэлектрлік белсенділігін зерттеу тәсілі.

Реовазоэнцефалография (РЭГ)-ұйқы және омыртқа артериялары жүйесіндегі қанайналуды зерттеу тәсілі (қан шығармай), тірі ұлпалардан электр тогын өткізгенде ондағы электр кедергісінің графикалық тіркеу негізінде жүреді.

Электронейромиография (ЭНМГ), және ынталандыру электромиогра-фиясы (ЭМГ)-нервке электр тогымен әсер еткенде жауап ретінде бұлшық ет пен нервтің биоэлектрлік белсенділігін тіркейтін тәсіл.
Тексеру сұрақтары:Клиникалық тәсілдер деген не? Оның қандай зерттеу тәсілдері бар? Параклиниекалық тәсілдерге не жатады? Оның тәсілдері қандай? Перкуссиямен нені тексереді? Пальпация деген ол қандай тәсіл? Аускультациямен нені зерттейді? Параклиникалық тәсілдердің айырмашылығы неде? Антропометрия зерттеудің қандай тәсілі? Анамнез деген не? Дене қызуының қандай градациялары бар?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
6.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Нерв жүйесінің негізгі зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Нерв жүйесін зерттеуде қолданылатын сынамалар мен тәсілдерді көрсетіп үйрету. Нерв жүйесінде спортшыларда жиі кездесетін аурулармен таныстыру.
Тірек сөздер: Неврологиялық тексеру, вегетативті жүйе, негізгі шағымдар, психологиялық статусты зерттеу, рефлекстерді зерттеу, жиі қолданылатын сынамалар.
Негізгі сұрақтар:

  • Нерв жүйесінің негізгі тексеру тәсілдері

  • Вегетативті нерв жүйесін тексеру тәсілдері

  • Нерв жүйесінің кейбір ауруларының белгілері


Қысқаша мазмұны:

1.Неврологиялық зерттеулер тәсілдері

Неврологиялық зерттеулерге кіретіндері арнайы неврологиялық қарау және параклиникалық тексеру тәсілдері. Оған кіретіндері:

  • шағымдарға талдау жасау;

  • психикалық ортаны тексеру;

  • қимыл-қозғалыс жүйелері (соның ішінде рефлекстерді);

  • сезімтал орта;

  • ми нервтері;

  • вегетативті нерв жүйесі.


Негізгі шағымдар. Нерв жүйесі ауырған кезде мазалайтын:

    • көңіл-күйдің өзгеруі (депрессия, эйфория, ашушаңдық ж.т.б.), ұйқы, жадтың бұзылуы, қалшылдау ұстамалары;

    • көзде екеулену, бас ауруы, бас пен беттің жансыздануы, бет бұлшық етінің әлсіреуі;

    • есту аппаратының, жұтудың және сөйлеудің бұзылулары;

    • аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіздігі, қимылдардың тежелуі, аяқ-қолдардың жансыздануы немесе тесіп ауруы;

    • қимыл координациясының бұзылуы, кеннеттен естен танып қалу, бас айналуы;

    • несеп шығару мен үлкен дәреттің және басқаларының жұмыстарының бұзылуы.


Психикалық статусты зерттеу клиникада сөйлеуді, оқуды, жазуды, тануды күрделі белгілі бір бағытта көзделген қимылдарды, ойлау мен жадты талдау.
Қимыл-қозғалыс жүйелерін зерттеу тірек-қимыл аппаратын сырттай қарау, еркін қозғалыстардың көлемін, күшін және қарқынын бағалау, бұлшық еттің тонусын, терең жатқан рефлекстердің, жүрістің және қозғалыстардың координациясын сонымен бірге еріксіз қозғалыстарды айқындау.

Рефлекстерді зерттегенде олардың тездігіне, симметриялылығына және патологиялық рефлекстердің кездесуіне (Бабинский симптомы –үлкен башпайдың жазылуы және басқаларының желпуіш тәрізді алшақтауы-табанның шет жағын тітіркендіру).

Дәлдік пен координацияны зерттегенде жүрісті талдау, тепе-теңдікті сақтау әсіресе тұрғанда (Ромберг сынамасы) және отырып белгілі бір қимылдарды жасау-саусақ-мұрын сынамасы ж.т.б.

Қозғалыс ортасын тексеру кейбір неврологиялық синдромдарды айқындауға бағытталған: парез(шала салдану), сал, гипо- немесе гиперкинез және атаксия.

  • Парез (шала салдану)-еркін қозғалыстардың бұзылуы- күшінің азаюы.

  • Сал- еркін қозғалыстардың мүлдем болмауы.

  • Гиперкинездер-еріксіз қозғалыстар және бұлшық ет тонусының өзгеруі.

  • Атаксия-дәлдік пен координацияның бұзылуы.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет