Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет71/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы?



  1. Қаңлы тайпалық бірлестігінің астанасы болған қай қала?

  2. Б.з.б. І ғ. Қандай тайпалар арасында қырқыстар басталған?

  3. Қаңлы тайпалық бірлестігі қандай шаруашылық түрімен айналысты?



Дәріс №14


Тақырыптың атауы: Түрік қағанаты – Қазақстан тарихындағы алғашқы ортағасырлық мемлекет.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге түріктердің шығу тегі туралы қытай аңызының екі версиясын талқылай отырып, түрік-теле, түрік-авар, түрік-иран, түрік-византиялық қақтығыстар, Түрік қағанатының құлауына әсер еткен саяси-экономикалық себептер жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Түрік этногенезі туралы деректер мен зерттеулер. 2. 552 ж. Түрік қағанатының құрылуы. Бумын қаған. 3. Мемлекеттің Мұқан қаған тұсында Орталық Азияда саяси үстемдікке жетуі. 4. Естеми қаған тұсындағы Батысқа жорық. Түріктердің Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. 5. Қағанаттың әлсіреуі және екіге бөлінуі.

Ү ғасырға қарай Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек(телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі-түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй княздігіне түріктер(туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.

552-шы жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Бумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554жж.) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргештерді өздеріне қаратты. 563-567жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне(Боспорға) шықты. Оның баласы Түркісанаф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, 582-593жж. бүлік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.

Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Осы елші Кавказ жері арқылы Константинопольге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, Сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.

Түрік қағанатының ыдырау себептері:

1. 581-588 жылдары бұған дейін ыдыраңқы күйде болған Қытай жұрты Суй династиясының қол астына біріктірілді; онда жасалған экономикалық реформалар Қытайдың экономикалық және әскери қуатының тез өсуін қамтамасыз етті; нәтижесінде күшейіп, үздіксіз соққы беріп отырды;

2. 581-583жж. жұттың болуы және үздіксіз соғыстар жүргізіп, басып алған жерлерінде жеке билік орнатуға ұмтылу саясаты қарапайым көшпенді халықты қалжыратты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет