Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет78/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Оғыз-хазар, оғыз-қыпшақ байланыстары. 2. Оғыз мемлекетінің әлсіреуі және құлауы.

ҮІІІғ. ортасында қарлұқтар мен түргештердің байлығына таласып жеңіліс тапқан оғыздар Жетісудан Шу өзенінің аңғары мен тау бөктеріне қарай қоныс аударды. ІХ ғасыр басында қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігіне соққы берген оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін басып алады, ІХ ғасыр аяғы хазарлармен бірлесіп печенегтермен соғысу нәтижесінде Жайық пен Еділ өзендерінің аралығын өзіне қаратты.

Этникалық құрамы: халаж, жағра, жарук, қарлұқ, имур, баяндур, қай тайпалары. М.Қашғаридің жазуынша(ХІғ.) жиырма төрт тайпа болған екі фратрияға бұзұқтар мен ұшықтарға бөлінген.

Х ғасырда Батыс Хазарияға дейінгі Солтүстік Каспий маңы, Орталық, Оңтүстік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм Оғыз даласы деп аталады. Х ғасыр астанасы Янгикент қаласы болған. 965 жылы Киев князы Святославпен бірге Еуропа мен Азияны жалғастыратын Еділ бойы, Маңғыстау, Үстірт арқылы өтетін сауда магистральдары үшін, жайылым үшін маңызды Дон және Қаратеңіз жазықтықтары үшін хазарларға қарсы одақ құрды. Хазар қағанатын талқандады. 985 жылы князь Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандайды. Х-ХІ ғғ. Әли хан кезінде шектен тыс алым-салықнаразы болған сюбашылар оғыз көтерілісі болады. Оның мұрагері Шахмәлік тұсында 1041 жылы Хорезмді жаулап алды. Екі жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет