Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет51/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144

АДАМЗАТТЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ




Ғылыми атауы


Өмір сүрген кезі

Табылған аймағы


1

Рампитек

Б.з.д. 14-9 млн. жылдар

Индияда

2

Австралопитек

Б.з.б. 5-2 млн жылдар

Эфиопияда

3

Питекантроп

Б.з.б. 800-500 мың жылдар

Индонезиядағы Ява аралында

4

Синантроп

Б.з.б. 500-200 мың жылдар

Қытайда Пекин маңындағы Чжо-коу-дянь үңгірінен

5

Неандерталь адамы

Б.з.б. 150-140 мың жылдар

Германияда, Өзбекстанда

6

Кроманьон адамы (саналы адам)

Б.з.б. 20-10 мың жылдар

Францияда Кро-Маньон

Еңбекке бейімі бар адам-презинджантроп деген атпен белгілі. Оның қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ол ғылымда епті адам (Homo habilis) деп аталып кеткен. Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін келесі өкілі - ғылымда тік жүретін адам (Homo erektus) деп аталады. Оның екі түрі бар-синантроп және питекантроп. Келесі даму сатысындағы адамның түрі-саналы адам (Homo sapiens).

Палеолит екі дәуірге-ежелгі дәуір және соңғы дәуірге(мустье мен соңғы палеолит арасына меже қойылады) бөлінеді. Ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі-шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) б.з.б. 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Бұл дәуірде адамдар иемденуші шаруашылық-аңдарды аулаумен және жабайы өсімдіктерді терумен айналысты. Ерте палеолитте адамдар аңдарды аулау үшін, олардан қорғану үшін тобыр болып өмір сүреді. Соңғы палеолитте адамдардың рулық қауымы қалыптасқан. Рулық қауым алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік етті, мұның өзі матриархаттық дәуір деп аталды.

Орта тас дәуірінде мезолитте табиғи жағдай өзгерді. Ауа-райы жылып, мұздар ериді. Мезолит б.з.б. 12-5 мың жылдықтарды қамтиды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді ұсақ аңдар түрлері пайда болды. Бұл кезде адамдардың алғашқы механизмі-садақ пен жебе пайда болды және олар еңбек құралдарын жасауда микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент-тәрізді ұсақ қалақтар қолданған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет