Семинар сабағы №3 Тақырыбы



Дата17.11.2023
өлшемі17,04 Kb.
#191701
түріСеминар
Байланысты:
201,Серікханқызы Жания семинар сабағы


201-топ,Серікханқызы Жания
Семинар сабағы №3


Тақырыбы: «Педагог тәжірибесіндегі педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі қазіргі әдістемелік тәсілдер»
Тапсырма:

Іс-әрекеттегі зерттеу анықтама жіктемелері







Ғалымдардың аты-жөні,еңбегі,шығу анықтамалары

Ғылыми зерттеу жұмысына берген анықтамалары,ойлары

1

В.Л. Бенин, « Педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздер»і атты докторлық зерттеу жұмысы.

Автор мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің тұлғалық бағыттылық көрсеткіштерін анықтайды.



2

Н.В. Кухарев, "Педагог-мастер- педагог исследователь"атты монографиясында жалпы білім беретін мектептін өзін-өзі дамытатын жүйе жағдайында педагог-зерттеушінің қалыптасуының жүйе құрылымдық нобайын ұсынады.

Ғылыми- практикалық құрылым педагогтың зерттеуші ретінде педагогикалық енбектің тиімділігін жобалауы мен диагностикалауға бағытталады



3

Қасымбаев Жанұзақ, «Семей қаласының тарихы (1718-1917)» атты монографиясы

XIXғасырдың соңында Семей қаласындағы халыққа білім беру ісі қалай қарқынды дамығаны жайлы нақты деректермен келтірілген. 1883 жылы «Сибирская газета» басылымында: «Біздің қала оқу орындарына бай емес. Қалалық және приходское училищесі мен әйелдер мектептерінде ғана қажетті білім алатын еді»,- деп келтірілген

4

Нәзипа Құлжанова, “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады.

5

В. А. Сухомлинский »Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу — барлық жастарға орта білім беруге арналған.

Маңызды ой-пікірі — педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету.

6

Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден шарттарды орындауды талап еттi

Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет