Тапсырма: Кестені толтыр
№
|
Эктодерма
|
Мезодерма
|
Энтодерма
|
1
|
Тері
|
Қан айналу жүйесі
|
Ас қорыту жүйесі
|
2
|
Жүйке жүйесі
|
Зәр шығару жүйесі
|
Тыныс алу жүйесі
|
3
|
Сезім мүшелері
|
Жыныс жүйесі
|
Ас қорыту бездері
|
4
|
|
Бұлшық ет
|
|
5
|
|
Қаңқа
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жануарлар онтогенезі
Өсімдіктер онтогенезі
Бластула, гаструла, , нейрула сатыларына сипаттама
№ 11 семинар сабағы
Тақырыбы: Түр, түрдің критерийлері
Мақсаты: Түрдің морфологиялық критерийін зерттеулерімен танысып және оған сипаттама беру
Сабақтың жоспары:
Морфологиялық – генетикалық, физиологиялық, биохимиялық критерийлеріне анықтама беру және олардың ерекшеліктері
Географиялық-экологиялық, этологиялық критерийлеріне сипаттама және олардың айырмашылықтары
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Түр критерийлері: Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді. Түр критерийлері: морфологиялық , генетикалық, физиологиялық , биохимиялық, географиялық, экологиялық және этологиялық деп бөлінеді.
Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді.
Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметалар, зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар пайда болады.
Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасу, көбею, тітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |