Кестені толтыр: Тірі материяның негізгі деңгейлері
№
|
Деңгейлер
|
Қарапайым бірлігі
|
Қарапайым құбылысы
|
1
|
Молекулярлы-генетикалық
|
ген
|
Конварианттылық, редупликация, генетикалық ақпараттардың жасушаралық тасымалдануы
|
2
|
Ағзалық
|
|
|
3
|
Популяциялы-түрлік
|
|
|
4
|
Биогеоценотикалық-биосфералық
|
|
|
Тірі жүйенің құрылымдық деңгейлеріне сипаттама бер:
Өздігінен жаңару:
Өздігінен пайда болу:
Өздігінен реттелу:
Гомеостаз:
Репродукция :
Филогенетикалық даму:
Дискреттілік және тұтастылық:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Иерархия және оған анықтама
Тірі жүйенің құрылымдық деңгейлері
Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
№5 семинар сабағы
Тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы
Мақсаты: Жасушаның бейорганикалық және органикалық құрамын анықтау және оның маңызын білу
Сабақтың жоспары:
Микроэлементтер және макроэлементтердің құрлымы және қызметі
Су және минералды тұздардың құрамы және оның жасушадағы маңызы
Органикалық заттардың құрамы мен жасушадағы атқаратын қызметі
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы органикалық және бейорганикалық қосылыстардан тұрады. Органикалық қосылыстарға: нәруыздар (белок), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейорганикалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Органикалық қосылыстарға жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.
2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.
3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі. Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады.
Жасушаның 80%-ы су. Ондағы қажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртқа шығарылады. Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасуша аралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзіледі. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді: 1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);
2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |