Семинар сабағы Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру Сабақтың жоспары
№1 семинар сабағы Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер
Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру
Сабақтың жоспары: 1.Биологияға кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері және даму тарихы
2. Молекулярлы –генетикалық, клеткалық, ағзалық деңгейлерге анықтама беру және олардың ерекшеліктері
3. Түрлік-популяциялық, биогеоценотикалық, биосфералық деңгейлерге сипаттама және олардың айырмашылықтары
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме: Биологияға кіріспе пәні бүкіл тіршіліктің пайда болуы, құрылымы, қызметі және табиғатта тірі тіршіліктің таралуы, және де олардың шығу тегі және өлі табиғатпен өзара әрекеттерін зерттейді.
Молекулалық деңгей. Бұл - тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.