Тақырыбы: Органикалық әлемнің көптүрлілігі
Мақсаты: Органикалық әлемнің көптүрлілігінің классификациясы және оларды сипаттау
Сабақтың жоспары:
Жасушасыз ағзалар және оларға сипаттама
Жасушалы ағзалар және олардың жіктелуі
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Ұзаққа созылған эволюциялық үдерістің нәтижесінде тірі табиғатта жауарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтар мен микроағзалардың орасан зор көптеген түрлері пайда болды. Қазіргі кезде жер бетінде ағзалардың 2 млн астам түрі тіршілік етеді. Олардың 1,5 млн артығы жануарлар дүниесін құраса, 500 мыңға жуығы өсімдіктер әлемі болып табылады. Ал саңырауқұлақтар мен микроағзалар түрлері өз алдына бірнеше миллионды құрайды. Осы уакытқа дейін ғалымдар жаңа түрлерді тауып, оалды сипаттаумен айналысуда. Қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалар үлкен екі империяға бөлінеді: жасушалық және жасушалық емес құрылымды ағзалар.
Тапсырма: Сызбаны аяқтау қажет
Достарыңызбен бөлісу: |