Аустралопитектер. Олардың көптеген қазба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына қарағандаадамға едәуір дәрежеде көбірек ұқсас болған. Олар тік жүрген, беті жалпақтау, миының көлемі орташа 530 см3 болған.
Тік жүретін адам. Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар бұдан 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Тік жүретін адамдардың негізгі эволюциялық жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.