«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
ПС-8.2
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
3 беттің 2 беті
әңгімелеуден бастау қажет. Соның ішінде "түрік" этнониміне жарқын түсінік
беретін қытай жазба деректерін ерекше атап көрсету қажет. Түркітілдес
халықтардың
тарих
сахнасына
біртекті
тайпалар
тобы
болып
шықпағандығын, бірақ кейіннен шаруашылық-мәдени белгілері, тілі мен
этникалық шығу тегінен ұқсас болып кеткендігі жайлы айту керек. Сонымен
қатар моңғол мен Шыңғыс хан туралы ерте деректерге мән беріңіздер,
Сабаққа дайындықты қазақ халқы мен мемлекеттік жүйесінің
қалыптасуының тарихнамасын зерттеуден бастау керек, өйткені қазақтардың
этногенезі мен этникалық тарихы туралы сұрақ өте күрделі болып табылады.
Бір жағынан, отандық тарих курсының бұл мәселелері қазіргі кезге дейін
әрқилы болып айтылып келді. Сондықтан сабаққа дайындалғанда қазақ
халқының шығу тегі туралы әртүрлі концепциялардың мазмұнын, әсіресе
автохтондық (Гавердовский Я.П.) және миграциялық концепцияларын
білген жөн. Қазақтардың билік қатынастарына, идеологиясы мен
саясатындағы рулық ұйымдардағы генеалогиялық байланыстың ролін
көрсеткен жөн. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі Қазақстан тарихының
тарихнамасындағы ең даулы мәселелердің бірі болып қала береді.
Қазақстандық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері
жайлы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Әрбір көзқарастың өз орны бар. Студенттерге осылардың барлығының
мазмұнымен толық танысып, өз тұжырымының объективті мазмұнын
анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |