Екінші сұраққа байланысты:
Қазіргі заманғы Тәуелсіз Қазақстан
тарихын оқып-білу барысында қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық
және рухани өзгерістерді білдіретін құжаттар мен материалдар танылады.
Яғни, Қазақстан тарихының негізге алынатын құжаттық қоры болып заңдар,
заңнама актілері мен стратегиялық бағдарламалар саналады Қазақстан
экономикасын жаңғырту жөніндегі дереккөздердің арасында мемлекет
басшысының заңдық күші бар, әрі экономикалық дамуға дем беретін
жарлықтарын, Қазақстан халқына арнаған жолдауларын және ірі
халықаралық форумдар мен мәжілістерде сөйлеген сөздерін атап өтуге
болады.
Тарихнаманың маңызды арқауы ретінде Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президентінің «Тарих толқыны» атты еңбегінде қазақ тарихын он
екі кезеңге бөліп қарастырғандығына талдау жасау керек.