1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе.
Семинар сабағының тақырыбы-1:Қаржының негіздері
Сабақтың негізгі ұғымдарына түсінік беріңіз:
Ақша түсінігі - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақшаның қызметі.
- Құн өлшемі
- Айналыс құралы
- Төлем құралы
- Жинақтау және қорлану құралы
- Әлемдік ақша
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады.
Қаржы түсінігі- (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы функциясы-нарықтық қатынастардың негізі сатып алушылар мен сатушылардың мүдделерін байланыстыру арқылы ақша жасауға. Нәтижесінде, экономикалық қарым-қатынастар нарық қатысушылары табу, оның астында қаржы қарым-қатынас пайда және, осылайша, тиісті меншікті ақшалай қорларын құру, әр түрлі мақсаттар үшін ақша пайдаланыңыз. Бұл жағдайда, тұжырымдамасы мен қаржы функциясы нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимыл негізгі санаты болып табылады.
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады.
Қаржы қорлары– экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімнің жасалуы мен бөлінуі барысында құралатын ақшалай қаражат. Мемлекеттік және шаруашылық жүргізуші субъектілер шоғырландырады және өндірісті қолдап, дамытады, халықтың әлеум. қажеттерін қанағаттандырады.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |