Семинар сабақтары және өзіндік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата05.03.2020
өлшемі367,24 Kb.
#59625
1   2   3   4   5
Байланысты:
treatise18748


_________________ 

1. Құсайынов А. Сапалы білім – заман талабы // Егемен Қазақстан. 2007 жыл. 

7 ақпан. 


2.  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  75 

жыл    дық  мерейтойын  мерекелеуде  оқыған  «Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі 

дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» тақырыбындағы актілік дәрісі. 

-А: Қазақ университеті, 2009. - 27б. 

3. Назарбаев Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Алматы, 2007. - 13 б. 

ӘЛ-ФАРАБИ  АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ   УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ 

 

Деректану және тарихнама  кафедрасы 

 

БЕКІТІЛДІ 

Тарих,  археология  және этнология 

факультетінің Ғылыми  

кеңесінің  

«__» _________2011 ж. № хаттамасы  

 

Декан 


____________ Ж.Қ. Таймағамбетов 

«___» _____________ 2011 ж. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шетелдер тарихының тарихнамасы 

пәнінің  

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 

 

Мамандығы  5В020300 -Тарих    



                              

Оқу  түрі  күндізгі 

Кредит саны  - 2 

Курс  4                                                 

Семестр 7   

 

 



Дәріс - 1  

Практикалық сабақ - 1  

Барлық ауд. - 2  

СӨЖ  - 1  

АБ саны - 2  

 

       



                                

 


                               

Алматы, 2011 

 

 

 



Пәннің оқу әдістемелік кешенін құрастырған  т.ғ.д., профессор  О.Х. 

Мұхатова   

 

 

 



 

 

5В020300 – Тарих мамандығының   эксперименталды білім беру 



бағдарламасы және оқу жұмыс жоспары бойынша құрастырылды 

 

 



 

 

Кафедра мәжілісінде қаралып,  ұсынылды   



 

Хаттама №              2011   ж.   

 

Кафедра меңгерушісі   



 

 

 



 Қ.М. Атабаев 

 

 



 

 

 



Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.  

 

Хаттама  №  “_____” ______________ 2011     ж.   



 

 

Төрайымы   



 

 

 



 

 

 О.Х. Мұхатова 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

СИЛЛАБУС 

  

 «5В020300 - Тарих» мамандығы 4-курс бакалавриат 

1.  Пән атауы: Шетелдер тарихының тарихнамасы. 

2.  Оқыту  түрі  –  күндізгі,  7  семестр,  4  -  курс,  қазақ  бөлімі  «Тарих» 

мамандығы бойынша 

3.  Кредит  саны  –    дәріс  -  1  кредит,  семинар  –  1  кредит,  СӨЖ  – 1  кредит  , 

аралық бақылау – 2. 

4.  Оқытушы:  Мұхатова  Оразгүл  Хасенқызы.  Айналысатын  ғылыми 

проблемалары: Қазақстан тарихының тарихнамасы, деректану мәселелері. 

5.  Байланыс  телефоны:  деректану  және  тарихнама  кафедрасы.  Тел.:  247-

14-40. (12-89); 



6.  Пәннің сипаттамасы.  

Тарихнама немесе тарихи ғылымдардың тарихы тарихи ойлардың даму 

үрдістерін  және  тарихи  білімдердің  жинақталуын  зерттейді.  Шетелдердің 

жаңа  заман  тарихнамасы  мәселелерін  жасап,  оны  оқытудың  қазіргі  кездегі 

ғылыми  және  саяси  маңызы  үлкен.  Шетелдер  тарихының  тарихнамасы 

тарихшы-студенттерді  оқыту  барысында  негізгі  элемент  болып  табылады. 

Тарихты  зерттеу  әдістерінің  дамуымен,  тарихшылардың  алдында  жалпы 

тарихи  үрдісте  өз  халқының  орнын  анықтау  проблемасы  тұрды.  Осыған 

байланысты,  көрші  халықтардың  ортағасырлық  тарихы  түпкілікті  зерттеле 

бастады.  Ақыр  аяғында  дүние  жүзі  халықтарының    тарихи  даму  процесінің 

заңдылықтарын іздеу әдісі қалыптасты. Шетелдік тарихнаманы оқыған кезде 

студент  ежелгі  дүние  мен  орта  ғасырлардан  бастап  Еуропаның  тарих 

ғылымының  генезисін  және  ары  қарайғы  дамуын,  үрдістерін  көре  алады. 

Түрлі  тарихи  дамуда  үлкен  рөл  атқарған  мектептердің  және  олардың 

бағыттармен таныса алады. 

       Тарихнама  пәнінде  ғылыми-тарихи  білімдердің  пайда  болу  және 

жинақталуы,  тарихи  ойдың  дамуы,  тарихи  ғылымның  қалыптасуы  және 

дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады. 



       Пәнді оқыту мақсаты: Нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі 

бағыттары  мен  ұстанымдарын  анықтайтын  тарихи  танымның  әлеуметтік 

негіздерін  көрсету.  Тарихнамалық  мәдениетті  қалыптастыруда  студенттерді 

тарихнамалық зерттеуде историзм принципін саналы түрде қолдануға бағыт 

беру.  Шетелдер  тарихы  тарихнамасының  маңызыды  міндеті  тарихи 

ғылымның  даму  заңдылықтарын  анықтау  және  тарихи  ойдың  түрлі 

бағыттарының  теориялық-методологиялық  принциптерін  үйрену.  Нақты 

тарихи  жағдайлардағы  тарихи  ойдың  негізгі  бағыттары  мен  үрдістерінің 

дамуын  айқындап,  тарихи  танымның  әлеуметтік  негіздерін  және  тарихи 

ғылымның  тұтас  мектептері  мен  бағыттарындағы  көзқарастар  мен 



методолгиялық  құрылымдарға  сол  елдің  ұлттық,  әлеуметтік,  саяси  даму 

ерекшелігі өзіндік ізін қалдырғанын көрсету.  

        Пәнді оқытудың міндеттері: 

-  әр  бағыттағы  тарихи  ойға  тән  тарихи  танымның  теориялық  және 

методолгиялық принциптерін үйрену; 

-  тарихи  зерттеу  әдістерін,  түрлі  мектептер  мен  бағыттардағы  тарихи  ойда 

деректерді  қолдану  және  талдау  қандай  деңгейде  болғанын,  тарихи 

зерттеудегі методология мен әдістің байланысын көрсету; 

-  тарихи  зерттеулердің    ұйымдық  түрлерінің  даму  тарихын  үйрену:  тарих 

қоғамдары, университтерр, академиялар, тарихи баспасөз, құжаттар жинағы, 

т.б. 


- батыс тарихнамасының даму кезеңдерін анықтау; 

-  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихнамасының  әлеуметтік  таптық  негіздерін 

айқындау. 

Студенттің білігі: 

-  әртүрлі  дүниетанымның  қалыптасуын,  тарихи  мәселелерді  түрлі  көзқарас 

тұрғысында талдаудың үлгілерін; 

-  тарихи  білім  көптеген  материалдардың  жинақталуын,  ғылыми  зерттеудің 

әдістерін игеріп, тарихи ойды дамытудың орталықтарының құрылу тарихын 

білуі тиіс; 

-  Халықтардың  тарихи  эволюциясының  өзара  байланысы,  жалпы  адамзат 

үрдісіндегі олардың рөлін; 

-  Шетелдердің  тарихы  бойынша  отандық  және  шетел  зерттеулерінің 

нәтижелерін меңгеруі тиіс. 

- Жалпы тарихтың тұжырымдамаларын түсіндіре білу; 

 жаңа және қазіргі заман тарихының ғылыми методологиясын көрсете білу; 

-  шетелдердің  жаңа  және  қазіргі  заман  тарихының  нақты  мәселелеріне 

өзбетімен талдау жасай білу керек; 

- түрлі орта мен мектептердің тарихи тұжырымдарына салыстырмалы талдау 

жасау біліктілігін меңгеруі керек; 

- тарихи даму бағытының дүниетанымы мен метедологиялық құрлымына әр 

елдің  ұлттық,  әлеуметтік  және  саяси  даму  ерекшеліктері  әсер  ететінін 

дәлелдеу;  

-  Құбылысты  зерттеудегі  философиялық  әдістерді  және  жалпы  ғылыми 

түсініктерді меңгеру.  

Пәнаралық  байланыс  жүйесінде  тарихи  білімді  қолдана  білу  білігі  болуы 



тиіс. 

Дағдылары: 

- жалпы тарих ғылымы даму нәтижесінде жинақталған тарихи мұраларға сын 

көзбен қарау; 

-  қандай  міселелер  түрлі  бағыттағы  тарихшылардың  назарына  аударғанын 

түсіндіре білу; 

- Европа мен Американың жаңа және қазіргі замандағы тарихи білімі қандай 

дәрежеде дамығанын көрсете білу; 


-  дүние  жүзі  тарихы  бойынша  мәселелердің    тарихнамасын;  гуманитарлық 

және әлеуметтік ғылымдардың негізгі ілімдерін: қоғамды танудың заманауи 

ғылыми әдістерін, оларды кәсіби қызмет функцияларын атқару кезінде пайда 

болатын міндеттерді  шешу үшін қажет болған жағдайда қолдана білу; 

-  қоғамдық  үдерістерді  талдаудың  заманауи  әдістерін  және  солардың 

негізінде кәсіби функцияларды атқаруда шешім қабылдаудай білу; 



-  ҚР  және  әлемдегі  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мәдени  поцестердің 

құбылысын ескере отырып, жинақталған тарихи білімін, тарихи болмысының 

көрінісін қалыптастыруда қолдана білу; 

-  ретроспективті,  салыстырмалы-тарихи  талдау  және  басқа  ғылыми  зерттеу 

әдістері  арқылы    жеке  құбылыстар  мен  оқиғалардың  арақатынасын  ортақ 

парадигма тұрғысынан адамзат қоғамының әлемдік-тарихи  дамуын бағалау;  

-  тарихи  білімнің  теориялық  ұстанымдарын  және  жалпы  құрылымын, 

олардың өзге де пәндермен өзара байланыстарын түсіну; 

-  өзіндік  зерттеу  қызметін  қазіргі  заманғы  теориялық  және  методологиялық 

бағыттарды қолдана отырып жүргізу; 

-    кәсіби  қызмет  саласында  пайдалану  үшін  тарихи  ақпаратты  жинақтау, 

сақтау және өңдеу; 

-  түрлі  құбылыстарды  жобалау  және  моделдеу,  болжам  жасау,  жүйелілік 

бағыты негізінде оларға сандық және сапалық талдау жүргізу; 

-  шетел тіліндегі ғылыми әдебиетті пайдалану; 

-  кәсіби және әлеуметтік түрлі қызметте тарих ғылымының әдістерін қолдана 

білу;  тарихи  түсінік  жүйесін  өзара  байланысын    қалыптастыруда  дағдысы 

болуы қажет. 



пререквизиттері:  ежелгі  дүние  және  орта  ғасырлар  тарихы,  саясаттану, 

мәдениеттану, философия, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі 

заман тарихы  

постреквизиттер: 

тарихнама 

және 

деректанудың 



теориялық-

методологиялық 

негіздері, 

тарихи 


және 

тарихнамалық 

деректер,  

тарихнамалық зерттеу модельдері.  

 

 

 



 

ГЛОССАРИЙ 

 

тарихнама  –  ежелгі  грек  тілінен  аударғанда  «история»  -  тарих  және 

«графия»  -  тарихты  сипаттап  жазу  дегенді  білдіреді.  Тарихнама  белгілі  бір 

тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулердің жиынтығы

тарихнама    ғылымы  –  тарих    ғылымының  тарихын  зерттейтін  ғылым 

саласы. 


тарихнамалық заңдылық  жекелеген тарихшылардың  іргелі еңбектеріндегі 

ой  –  пікірлерді  зерттеу  жолымен  ғана  емес,  ғылыми  ойдың  тарихнаманың 

дамуының  түрлі  кезеңдеріндегі  қозғалыс  процесін  көрсететін  тарихи 

шығармашылықты талдау нәтижесінде орнатылады. 



тарихи  білім  -    қоғамның    даму  барысында  жинақталатын  тарихи 

көзқарастар мен пікірлердің жиынтығы. 



тарихнамалық  дерек  –  тарихнам  пәні  бойынша  анықталатын  және  тарих 

ғылымындағы үрдістер туралы, оның жай – күйінен ақпарат беретін  тарихи 

деректер. 

тарихнамалық  факті  –  тарих  ғылымында  тарихнамалық  заңдылықтарды 

ашу үшін қолданылатын тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет. 



тарихнамалық  мектеп  –  тарихнамалық  зерттеулермен  айналысатын 

ғалымның  және оның  шәкірттерінің ғылыми ортасы. 



тарихнамалық дәстүр – тарихнамалық мектептер мен орталардың ұрпақтар 

сабақтастығы тұрғысынан жалғасын тауып, қалыптасқан ұстанымдары.  



тарихи  таным  –  тарихи  оқиғалар  мен  процестерді  ғылыми  әдіс  тәсілдер 

арқылы оқып- үйрену, олар туралы білім жинақтау. 



прогресс    теориясы  –  барлық  адамзат  өз  тарихының  түрлі  кезеңдерінде, 

дамуы  мен  дағдарыста  жағдайында,  соғыс  және  бейбітшілікте  біртіндеп 

нығаяды, себебі оның қазіргісі және болашағы бір бағытта  даму идеясымен 

байланысты болады. 



поэтикалық тарих адамның сезімі мен құмарына қарсы болды. Деректердің 

шын екені маңызды болған жоқ. Мұндай тарих типтік белгілерді анықтауды 

мақсат етті.  

Рационалды  тарих  дәуір  мен  ұрпақтың  әлеуметтік,  саяси  тәжірибесін 

анықтауды  мақсат  етті,  өйткені  жеке  адамның  тәжірибесі  өткен  тәжірибеге 

сүйене отырып қалыптасады. 

анархизм – әлеуметтік - саяси  ілім. Ол мемлекеттік билік пен саяси күрестң 

жағымды  ролін  жоққа  шығарады,  жеке  адамды  саяси,  экономикалық  және 

рухани биліктің барлық түрлерінен босатуды уағыздайды. Ол ХІХ ғасырдың 

40  –  жылдарында  Еуропада  пайда  болып,  негізін  М.Шпитнер,  П.Прудон, 

М.А.Бакунин қалады. 

идеология  –  халықтар,  таптар,  әлеуметтік  топтпр,  қоғамдағы  көзқарастар, 

идеялар  жүйесі.  Нақты  адамдар  тобының  сұранысын,  мүддесін, 

стереотиптерін  жүйелей  отырып,  идеология  олардың  өкілдерін  әлеуметтік  -

саяси жағынан топтастыруды жүзеге асырады. 



католицизм  –  христиан  дініндегіүш  негізгі  бағыттың  бірі.  ХІ  ғасырда 

Христиан шіркеуінің бөлінуі нәтижесінде толық жасалған. 



консерватизм  –  әлеуметтік  дамудың  прогресивті  ұстанымдарына  қарсы 

тұратын  идеялық  –  саяси  ағым.  Консерватизм  терминін  алғаш  рет  француз 

жазушысы  Ф.Шатобриан  қолданып,  ХУІІІ  ғасырдың  аяғындағы  Француз 

буржуазиялық  революциясына  феодалдық  –  аристократиялық  реакция 

идеологиясын  анықтады.  Консерватизм  идеологиясын  қоғамда  қалыптасқан 

тәртіптерді сақтауға мүдделі түрлі қоғамдық топтпр мен таптар таратты. Ол- 

дәстүрлі тәртіпке жақын, жаңа әлеуметтік - саяси өзгерістерге қарсы  ағым. 

тұжырымдама  –  көзқарастар  жүйесі,  қандай  да  бір  құбылыстарды, 

процестерді түсіну тәсілі, қандай да бір теорияның негізгі идеясы. 



либерализм  –  латын  тілінен  аударғанда  бостандыққа  қатысты,  еркін  деген 

мағынаны білдіреді. Батыс Еуропада либерализмнің идеялық - саяси дәстүрі 



1215  жылы  ағылшынның  Ұлы  еркіндік  хартиясынан  басталды,  өйткені  бұл 

құжатта либерализм ережелері бар, яғни жеке меншікті бұзбау, жеке адамға 

қол  сұқпау  туралы  айтылған.  Кейіннен  либералдық  принциптер  ХУІІ 

ғасырдағы ағылшын революциясы және 1688 жылғы Даңғты революцияның 

ықпалымен  қалыптасты.  Ағарту  дәуірінің  идеологиясы  ретінде  либерализм 

алғаш  рет  ХУІІ  -  ХУІІІ  ғасырларда  Англия  мен  АҚШ  -  та  пайда  болды. 

Қалыптасқан  ұғым  ретінде  ХІХ  ғасырдың  30-40  жылдары  Еуропада 

қолданылды. 

 

либералды  демократиялық  теория  –  классикалық  либерализм  идеялары, 

принциптері,  саяси  идеологиялық  бағыттары  мен  ұстанымдарын  негізге 

алған  демократия  үлгісі.  Идеялық  саяси  ағым  ретінде  классикалық 

либерализм негізін қалаған И.Бентам, Дж. Милль, А.Констан, А. Де Токвиль, 

В.Гумбольд  индивидті  қоғам  мен  мемелекеттен  бөліп  алды,  автономды  екі 

саланы  –  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамды  бөліп  көрсетті,  конституциялық 

және  институционалды  саланы,  қоғам  мен  жеке  адам  арасындағы  мемлекет 

өкілеттігін  шектеді,  көпшілікке  қатысты  азшылықтың  автономиясы  мен 

құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады. 

масондық  -    ХУІІ  ғасырдың  басында  Ұлыбританияда  пайда  болған  діни  – 

этикалық  ілім.  Көптеген  елдердің  дворяндық  және  буржуазиялық  ортасына 

тараған.  Орта  ғасырдағы  құрылысшылар,  рыцарьлық  және  мистикалық 

ордендерден  ұйымдар  атауын,  масондық  рәсімдер  алған.  Масондар 

адамзаттың  бейбіт  бауырластығына  қол  жеткізу  мақсатымен  дүние 

жүзілікқұпия ұйымдар құруға тырысты. ХУІІІ ХІХ ғасырдың басында саяси 

және қоғамдық өмірде едәуір рөл атқарды. 

теологиялық  принцип  -  тарихи  процесті  анықтаған,  нақты  міндетті  шешу 

жолындағы қозғалысты бейнелейтін, алдын ала анықталған мақсатты талдау. 



физиократтар  -  ХУІІ  ғасырдың  ортасында  Франциядағы  классикалық 

буржуазия саяси экономияның өкілдері. Физиократ мектебінің басты өкілі  – 

Ф.Кенэ.  Олардың  ілімі  феодалдық  жүйе  дағдарысқа  ұшырап,  Франция 

экономикалық  жағынан  құлдырап  жатқанда  қалыптасты.  Меркантилизмді 

сынай отырып, физиократтар  өкімет ынтасы сауда мен ақша қорын жасауға 

бағытталмауы керек деп есептеді, жерді көбейтсе,сол ұлттың игілігі болады 

деп  санады.  Физиократтардың  экономикалық  ілімінде  қосымша  құн  негізгі 

мәселе  болды.  Байлықтың  негізгі  көзі  табиғат,  сондықтан  қосымша  құн 

табиғаттың физикалық сыйлығы. Физиократтар жеке меншікті еркін бәсекені 

және сыртқы сауда еркіндігін жақтады. 



мелекеттік  бағыттағы  тарихнама  –  бұл  тарихнаманың  негізін  салушы 

белгілі  орыс  тарихшыс  В.Н.Татищев  болды.  Ол  өзінің  шығармаларында 

ынтымақтастық  пен  орталықтағы  билік  тарихына  көп  көңіл  бөлген.  Оның 

тұжырымдамасының  негізіне  қоғамдық  шарттың  табиғи  құқықтың  бір 

бөлігін мемелекет пен белгілі сословиеге өз еркімен беру – Батыстағы идеясы 

алынған.  Бұл  идея  мен  әр  елдегі  өмір  салтына  климаттың  әсер  етуі  туралы 

теориядан Татищев Ресей үшін монархиялық биліктің жағымды екенін және 

сол  қоғамдағы  тәртіптің,  оның  ішінде  басыбайлық  құқықтың  өзгермейтінін 

көрсетті. 


тарихнамадағы рационалдық ой – Америка Құрама Штаттарындағы бұл ой 

дүниені  жаңаша  түсінуге  негізделді.  Саяси  және  әлеуметтік  доктринаға 

бетбұрыс жасаған американдық қоғамдық ой бірінші рет теологияны ысырып  

тастады.  Рационалды  ой  табиғи  құқық  пен  қоғамдық  шарт  теориясына 

сүйенді, ал ол ұлттық сана сезімнің дамуына түрткі болды. Егер ХУІІ ХУІІІ 

ғасырларда  Еуропада  табиғи  құқықтық  ілім  сословиелі  теңсіздікке  қарсы 

бағытталса,  Солтүстік  Америкада  ол  американдық  отарлар  мен  ағылшын 

метрополиясы теңсіздіген қарсы тұрды.Осыдан келіп АҚШ – тың тәуелсіздігі 

туралы тұжырымдама шықты. 

романтикалық  ағым  -    француз  мәдениеті  мен  қоғамдық  ойында,  тарих 

ғылымында  ХУІІІ  ғасырдың  аяғы  –  ХІХ  ғасырдың  басында  Француз 

революциясының  әсерімен қалыптасты. Алғаш рет романтикалық тарихи ой 

Француз  революциясына  деген  дәстүрлі  реакция  шоғырында  пайда  болды. 

Сондықтан  алғашқы  романтизм  конрреволлюциялық  әрекет  ретінде 

теократиялық идеяға жақын болды. 



Либералды  романтикалық  тарихнама  –  ХІХ  ғасырдың  бірінші 

жартысындағы Германиядағы прогрессивті буржуазиялық тығыз байланысты  

тарихи  білім.  Оның  идеологтары  тарихты  танудың  саяси  қажеттілігінайтты. 

Олар  тарихтың  алдына  сол  кездегі  өзекті  саяси  мәселелерді  шешу  міндетін 

қойды.  Оның  көрнекті  ғалымдары  болып  Йен  университетінің  профессоры 

Г.Луден,  фрейбургтік  тарихшы  К.Фон  Роттен,  Бонн  ғалымы  Ф.К.Дальман 

табылды. 

Позитивизм  –  ХІХ  ғасырда  Германияда  пайда  болған  бағыт.  Уақыттың 

жалпы  рухы  ағартушылық  оптимизмнің  жаңғыруымен  және  қоғамдық 

прогреске  деген  сенімнің  болғанымен  сипатталады.  Тарихи  білімде 

танымның  ғылыми  әдістері  бекемделді,  оның  ішінде  жаратылыстану 

ғылымдарының  әдістері  үлкен  абыройға  ие  болды.  Тарих  үрдісті 

зерттеушілер  адам  мен  табиғат  бағынған  табиғи  заңдарға  баса  назар 

аударылды.  Жекені  емес,  жалпыны,  үнемі  әрекетте  болатын  дүниені 

зерттеуге  көңіл  қойды.  Адамдардың,  тіпті  халықтың  да  аты  аталмайтын 

тарихты зерттеу негізгі мақсат болды. 

тарихи  –  экономикалық  бағыт  –  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

неміс буржуазиялық тарихнамасындағы ғылыми бағыт. Оның қалыптасуына 

пролетариаттың  тап  күресі,  марксизм  әсер  етті.  Осы  бағыттың  өкілдері 

қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы жеке тұжырымдамасын 

қарама – қайшы қойды. Бұл орайда жеке меншіктің мәңгі екені, капитализм 

адамзат  тарихының  аяғы  екендігі  дәлелденді.  Тарихи  –  экономикалық 

бағытты    ұстанғандар  әлеуметтік  қайшылықтарды  реттейтін  реформаны 

жақтаушылар  ретінде  көрінді.  Капитализмді  сақтап  қалу  мақсатында  олар 

әлеуметтік  саясат  төңірегіндегі  үгітті  күшейтіп,  экономиканың  даму 

бағытына  мелекеттің  араласуын  құптады.  Өз  көзқарастарын  кеңінен  тарату 

үшін  олар  1872  жылы  Әлеуметтік  Саясаттың  Одағын  құрды.  Бұл  Одақ 

фашизмнің  алғашқы  билік  құрған  кезіне  дейін  өмір  сүрді.  Методологиялық 

жағынан тарихи – экономикалық бағыт қандай да бір жалпы заңдарды жоққа 


шығарды.  Ал  экономикалық  теорияны  түрлі  дәуірдегі  шаруашылық  туралы 

фактлерді жинақтап, сипаттаумен алмастырды.  



мәдениет  –  әлеуметтік  -  философиялық  категория.  Мәдениеттің  феноменін 

терең  зерттеу  Еуропада  ХУІІІ  ғасырда  басталып,  Ф.М.Вольтер,  Ж.Р.Тюрго, 

М.Ж.А.Н.Кондорсе, 

Дж.Вико, 

И.Г.Гердер, 

Г.Э.Лесинг 

есімдерімен 

байланысты  болды.  Ағарту  дәуірінде  мәдениет  идеясы  ақыл-ой 

бастамасының даму дәрежесін көрсетіп, құқық, саясат, мораль, дін, ғылымда 

ақыл  -  ойды  объективт3леу  ретінде  айқындалды.  Классикалық  неміс 

философиясы  мәдениетті  қоғам  мен  жеке  сананың  прогресі  ретінде  

қарастырды.  Гегель  мәдениетті  өнер,  дін,  философия,  ретінде  талдап,  бұл 

формаларды қоғамдық сананың «мәдениет бейнесі» деп сипаттады. 

өркениет – латын тілінен аударғанда азамат, азаматтық, мемлекеттік ұғымы 

ретінде түсіндіріледі. Ол ғылыми айналымға ХУІІІ ғасырда енген. Осы  кезде 

әлеуметтік  –  философиялық  мағынасы  кең  тарап,  дүние  жүзілік  тарихи 

үрдісті  және  азаматтық  қоғам  құндылықтарының  нақты  сатысын  белгілеу 

үшін қолданылды. Құндылықтар жүйесіне, дәстүрлер,символдар, социумның 

және  дәуірдің  өмір  салтына  сәйкесжергілікті  мәдениеттің  нақты  даму 

жағдайын,  оның  әлсіреуі  мен  күйреуін  белгілейді.  Өркениет  адамзаттың 

жоғары  даму  сатысын  көрсетеді.  Адамзат  тарихы  прогресін  өлшеудің 

типологиялық  бірлігі  ретінде  бұл  ұғым  жеке  аймақ  немесе  суперэтностың 

деңгейін, кезеңін, ерекшеліктерін сипаттау үшін де қолданылады. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет