15 семинар.
Тақырып: Астана – Қазақстанның жаңаруы және оның көпұлтты халқының жасампаздығының нышаны.
1. Астана-тәуелсіздік пен жаңа бастамалардың нышаны.
2. Астана – инновация мен әлемдік ынтымақтастықтың орталығы.
3. Астананың мәдени және рухани дамуы.
Сабақтың мақсаты: Астананың республика және әлемдік деңгейдегі мәдени және саяси маңызын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағының бірінші сұраққа дайындық барысында қала тарихына көңіл бөліңіз: қала қашан пайда болды, бұл өңірде қандай тарихи ескерткіштер болды, қаланың даму кезеңдері қандай. Астананы Алматыдан не себепті көшірілгеніне және Астананың сәулет ескерткіштерінің мағыналық мәніне назар аударыңыз.Екінші сұраққа дайындық кезінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларымен танысып оларды талдаңыз: Еуразиялық одақ құру идеясы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, кедендік одақ т.б. Басты назарды Астанада қандай маңызды халықаралық кездесулер мен конференциялардың өткеніне, ЭКСПО-2017 кезінде қандай халықаралық мәселелерді реттеу үшін келіссөздер алаңы жасалды. Әсіресе мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық қауымдастықта Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін қаншалықты әсер еткеніне баға беріңіз. Үшінші сұрақта Астананың тек саяси-әкімшілік орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық екенін,өнер, мәдениет және білім саласында қандай жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсету қажет. Назар аударатын маңызды мәселе – мәдение мұраны сақтауға, рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалардың республикадағы мәдени құрылыс үшін қандай серпін бергенін көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Евразия жүрегінде. – Елорда, 2005.
2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Елорда, 2018.
3. Смайыл А. Тарих таңдаған Астана».
4. Түгел С. «Астана хикаялары».
5. Жолдасбекова М. «Тәуелсіздік тағылымы».
6. Таңрықбаева. Ж. «Елімнің күн сәулесіндей Астана».
7. Кан Г.В. «Қазақстан тарихы. ЖОО арналған». – Алматы. 2013.
8. Астана. Энциклопедия. – Атамұра, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |