Семинар сабаќтарыныњ тапсырмалары жєне єдістемелік ±сыныстар


Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар



бет6/14
Дата03.10.2023
өлшемі161,5 Kb.
#183524
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Әдістемелік+құрал(семинар).+Культурология

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
«Тип» және «Типология» дегеніміз не?
Типтің түрлерін атаңыз?
Мәдениеттер типологиясы қалай жүзеге асады?
Мәдениет типологиясының мақсаты неде?
Мәдениеттің қандай модельдері антропология мен мәдениеттануда қарастырылады?
О. Шпенглер іліміндегі мәдениет типологиясының мәні неде?
Н.Я. Данильевскийдің мәдениет типологиясының мәні неде?
К. Ясперстің мәдениет типологиясының ерекшелігі неде?
Әдебиеттер: 2-бөлімін қараңыз
_______________________________________________________________


6- Семинар. Арғытүріктердің мәдени мұрасы және ежелгі түркі өркениеті мен оның ерекшеліктері.
* Семинар сабағының мақсаты:
Мәдениеттің ежелгі көшпелілік типі. Ежелгі түрік өркениеттерімен таныстыру.
* Негізгі сұрақтар:
1. Мәдениеттің ежелгі көшпелілік типі. Ежелгі түрік өркениеті.
2. Номадтық мәдениетті дамтудағы арғытүріктердің кезеңі.
3. Түрік жазуы


* Әдістемелік ұсыныстар:
Алтайдағы Түрік қағанаты кезеңінен қалған тарихи мәдени скерткіштердің бірі - Орхан жазбалары. Ескерткіштр - тіл жағынан түркі тайпаларының бәріне қатысты жазба мұралар. Зерттеушілердің анықтауы бойынша ескерткіштерді тілдік айырма әртүрлі аймақтан табылғандығына сәл де болса айырым белгілеріне қарай 3 топқа бөлініп келеді:
1. Енисей жазу ескерткіштері
2. Талас жазу ескерткіштері
3. Орхон жазу ескерткіштері
Қазақ халқының мәдениеті – ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілеріде орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдение мұралары ұрпақта-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет