Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. Күлтегін.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар туалы соның ішінде, Орхон ескерткіштері жайлы мағлұматтар беру.
2.Дамытушылық: Шығармаларды талдай отырып, әр оқушыны ой түюге баулу, өз бетінше іздену дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Өз елін, туған жерін қорғауға, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер
Пәнаралық байланыс: География, Қазақстан тарихы, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою. «Ой қозғау» стратегиясы.
Ежелгі дәуір әдебиетіне қандай шығармалар жатады?
Ежелгі дәуірі әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
Балалар, "түрік" деген сөзді естулерің бар ма? Олар бірден Туркияны есіне алады. Осы кезде Түркиянын Кіші Азияны мекендейтіні картадан көрсетіледі.
Тағы кім бар?
Түркімендер бар.
Олар кайда? (Картадан көреді.)
Баска тағы кімдер бар?
Бүл жерде балалар киналуы мүмкін. Мүғалім түркі тектес халықтарға: казак, кырғыз, өзбек, үйғыр, каракалпак, ноғай, башкұрт, чуваш, хакас, бурят (саха), тоба, алтайлықтар, қарашай, балкар, күмык, гагауз, мажар (венгрлер), түрік, түрікмен сиякты жиырмадан астам казіргі халыктар жататынын картадан көрсетіп, олардың V—VIII ғасырлар арасында "Түрік кағанаты" аталатын империя күрғанды-ғын, оған казіргі Монғолияның аумағы да кірген. Монғолиядағы Орхон өзені бойында хан ордасы болған. "Түрік", "түркі" сөздерінің мағынасы бір екенін, тек Анадолы түріктерінен ажырату үшін өзге түріктерді "түркі" деп атаған.
— Ал осындай үлкен империя қалай құрылды, кім құрды деп ойлайсыңдар?
Өрі карай тарихқа кыскаша шолу жасалады. Онда VI ғасырдың ортасына таман Бұмын (кейде Түмен деп те аталады) қағаннъң түркі тайпаларыньщ басьш қосып, әйгілі Түрік кағанатын құрып, 552 жылы кайтыс болғаны: бұмыннын мұрагері Мұқан қағаннын Сары теңізден (Хуан-хэ) — Каспийге, Гобиден Байкөлге (Байкал) дейінгі аралыкта созылып жатқан Түрік кағанатыньщ батыс елкесінің билігін өкесінің інісі Естемиге бергеніне тоқталады. Ол өзі Орхон әзенінің жоғарғы ағысындағы (картадан көрсетіледі) хан ордасында отырған. Осы жерге 568 ж. Византия елшісі Земарх келіп, түркілердің алтын, күмістен жасалған ыдыс-аяк, түрлі шебер бұйымдарын көріп, таң-тамаша калған. Мүкан мен Естеми кағандардан соң, кағанат екіге: Батыс және Шығыс кағанаттарына бөлінген. Көрші Таң империясының уысына түсіп, 630—680 жылдар арасында осы империяның кол астында қалады. (Орхон ескерткіштерінде бұл окиғаны күңірене жырлайды). Елтеріс хан тәуелсіздік алады (оны жырда: "Елбілге анадан Елтеріс атты ер туды" — деп мадактайды). Елтеріс өмірден өткенде, артында Білге, Күлте гін атты 7—5 жасар балалары калып, жасы жетпегендік-тен, Елтерістің інісі Қапаған хан болады1. 715 ж. Қапаған каза болған соң, Күлтегін өскербасы, Тоңұкұқтьщ акылшы, кеңесшісі болып отырған. 713 ж. Күлтегін, 734 ж. Білге, одан соң (дәл кай жылы екені белгісіз) Тоңұкұк өмірден озғаннан кейін, түркі салтымен олардың моласынын басына биіктігі 3 м, ені 2—2,5 м алып тастар койылып, тірісінде жасаған жақсы істерін жыр қылып жазған. Міне, шолуда осылар қамтылуы керек.
— Ү-ҮІІІ ғасырларда түркілер қандай жазумен жазғанын білесіңдер ме?
Тақтадағы түркі алфавиті талданады.
— Осы әріптер қазақтар арасында сакталған ба?
Мысалы: ру таңбаларын еске түсірейік: қьшшактьщ екі әліп (ІІ) таңбасы, арғынның — көз таңбасы (о-о), коңыраттың босаға таңбасы (П), жалайырдың—тарақ таңбасы (Ш), керейдің—кресі (X), дулаттың — дөңгелек (о), үйсіннің оқ таңбасы (Т), т.б.таңбаларын қазақ шежірелерінен қарап, көрсетуге болады. Бұл әріптермен сақ заманынан X ғасырға дейін жазып келген, X ғасырдан 1929 жылға дейін араб әрпі колданылған.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға ескерткіштен үзінділер оқыту.
— Енді жаңағы тасқа жазылған жырдың мазмұнына оралайық.
Бұл мәтінде түркілердің 630-380 жылдары тауғаштарға іріптар болып қалғанын еске салатындығы айтылады.Кіріптар болу себебі: Бұмын, Естеми қағанның орнына отырған ұрпақтарының біліксіздігінен тәуелсіздігін сақтайалмағаны анықталады. Жүздеген халықтың іргесін бүтіндеген Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ екені көрсетіледі.
Сұрақ арқылы жырдың мазмұнын талдау.
1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?
2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?
3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?
а) Тақырыбы не жайында?
ә) автор ойы (идеясы) қандай? ( Тәуелсіздік, елдің бірлігі, елге қорған болған батырларды дәріптеу.)
б) Өлең құрылыс жағынан қазіргі қазақ өлеңімен бірдей ме? Салыстырып көріңдер.( Жырдың идеясы,құрылысы, кейіпкерлердің бейнеленуі, стильдік қайталаулары қазақтың эпостық жырларына ұқсас.)
Сөздікпен жұмыс. Түсініксіз, мағынасы қиын сөздерді теріп жазып, оқушыларға мағынасын түсіндіру.
Тауғаштар – Қытайға қараған түркі тайплары
Тонұқұқ – «тоң» - бірінші, алғашқы, «ұқұқ» - ұғымтал, білімпа, заң шығарушы
Білге- ақылды, дана білікті.
Қаған – хан
Шад, апа бектер, тархан, бұйрық бектер – әскери лауазымдар атауы.
Тоғыз оғыз – ру-тайпаның аты.
Өтүкен – түркілердің қасиетті мекені. Монғолия аймағында.
V.Сабақты қорытындылау. Бекіту. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:
«Күлтегін» жырынан үзінді жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |