Үй тапсырмасының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер
10 апта. Тақырыбы: Эмоциялар мен сезімдер
Жоспар:
1.Эмоцияның негізгі қызметтері мен қасиеттері.
2.Сезімдердің психологиялық сипаттамасы.
3.Жоғары сезімдер.
Эмоция және сезімдер туралы түсінік.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз.
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары.Мысалы: Шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.
Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді»
Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.
Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, көңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, көнілсіздік т.б. сезімдер жатады.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.
Эмоцияның түрлері. Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет- әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану. Мұндайда адам қысылады, көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек көретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам өз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу өте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтату керек,сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам өзін-өзі: өзін ақылмен алып жүру, өз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты: «Ашуға берілу көбінесе басқаның кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен бірдей». Өте дәл айтылған!
Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді.
Қызғаншақтық та жағымсыз эмоциялардың бір түрі. Кейде, адамдар туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты күйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды:
«қызғаншақ өзіне-өзі жау, өйткені ол өзі тудырған жауыздықтан сорлайды». Кім өзін-өзі қызғаншақпын деп ойлайды ғой дейсіз.Айқын түрде білінбесе де қызғаншақтық кең тараған. Мысалы: сәнге ден қойған адам менде анау, не мынау жоқ, немесе өз ойынша өзінен қабілеттсіз әрі абыройы төмен адам ана не мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім. Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басының ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады.
Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда өтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай
ұшқалақты лепірмелікке бармйды. Дені сау адамның аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен болады
Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды.
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:
Организмнің мазасыздануы.
Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы төмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.
Фрустрация. (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.
Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың барі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.
Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді».
Достарыңызбен бөлісу: |