Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


Жалпы немесе кең мағынада адамньщ мінезі деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз



бет23/26
Дата18.02.2023
өлшемі282,73 Kb.
#169282
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар) (2) (1)

Жалпы немесе кең мағынада адамньщ мінезі деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз.
Осы анықтамадан туындайтын адам мінезі туралы айтқанда адамның барлық анық, дара байқалатын және өзіндік психологиялык, белгілері болып табылады. Адамға сипаттама беру оған даралық тұрғысынан психологиясын беру деп түсінеміз, оның сапаларының қосындысын көрсету емес, сол адамды басқа адамдардан ерекшелейтін белгілерін бөліп көрсету болып табылады. Мәселен, көп жағдайда адамның мінезі оның өмірі ұжымда қалай болатындығымен байланысты. Егер адам таза, әділ, еңбексүйгіш, кісімен тілтапқыш болса оның ұжымда жақсы өмір сүруі және еңбек етуі үшін қажетті шарты екендігін жақсы түсінеміз.
Керісінше, еріншек, өзімшіл, өркөкірек жан ұжымда жақсы сіңісіп кете алмайды, кейде ұжым мүшелерімен дау-дамайға келіп қалады. "Мінездері үйлеспейді" деген сөз тіркесінің мағынасы — ұжымдағы адамдардың мінезі әртүрлі, үйлесімділіктің болмауы.
Мұғалім өз шәкірттерін зерттей отырып, олардың анық байқалатын мінезіндегі даралық белгілерді анықтауға ұмтылады.
Психологтар мінездің мәнін аша отырып, негізгі белгілерінің біріне дара ерекшелігін атап көрсетеді. А.Г.Ковалевтің және В.Н.Мясищевтің берген анықтамалары бойынша, "мінез — бұл өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға".
В.А.Крутецкий мінезге мынадай анықтама береді. "Мінез — бұл жеке тұлғаның мәнді қасиеттерінің даралық - өзіндік бірігіп келуі".
Мінез дегеніміз — адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез — кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.
Мінез — жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде калыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.
Күнделікті өмірде адамды өзімшіл немесе көпшіл, қарапайым немесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы айтылғандардан көретініміз, мінез — жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылым.
Белгілі психологтар А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев, В.С.Мерлин, В.А.Крутецкий мінездің мәнін дүниеге карым-қатынастар жүйесінде, демек, бағыттылықта көре білді, ал И.В.Страхов мінездің эмоциялық түрінің рөлін атап көрсетті.
Қазіргі батыс психологтарында мінезге анықтама беруде әртүрлі көзқарас байқалады. Ерекше кең тараған түсінік — мінезді жеке тұлғаның этикалы қыры немесе түрі ретіндегі көзқарас.
Грек философы негізін салған "мінездеме" тек адамның адамгершілік бейнесін суреттеуден тұрады. Осындай мағынада "мінез" терминін XVII ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, "мінез" сөзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбетін бейнелейді, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге ие болады.
XIX ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің (А.Бек), сезім мен еріктін (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде қарастырады.
XX ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, ал тұтас тұлғаның қасиеті деп түсінді. Материализм мен идеализмнің күресінде мінездің тұқым қуалау немесе өмір барысында пайда болғандығы туралы мәселе ерекше маңызға ие болды. И.Кант XVIII ғасырда "мінездің темпераменттен айырмашылығы өмір барысында қалыптасады" деді.
Бірақ дара ерекшеліктерді түсіндіргенде ол туа біткен және омір барысында қалыптасқан қасиеттердің айырмашылығын түсіндірен жок, Рибо мінез тұқым арқылы берілетін қасиет екендігін атап өтті. Осы екі бір-біріне қарама-қарсы көзқарас күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Белгілі АҚШ психологі Боннер өзінің жеке тұлға туралы монографиясында "Мінез және адамгершілік мінез-құлық" атты арнайы тарау берді. Ол жеке тұлғаның этикалық мәселелерін ерекше атай отырып, сонымен қатар, мінездің тұтастық қасиетіне ерекше мән берді.
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісін қалыптастыруда байқалады.
Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштығы немесе енжарлығы — осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрек-қантамырлар, ас корыту және эндокриндік жүйелер.
Демек, ғылыми-жаратылыстану негіздері тұрғысынан мінез жүйке жүйесі қызметінің типтері белгілерінің және бас ми қыртысының уақытша байланыстар түрінде бекіген өмірлік көңіл-күйдің көрінісі болып табылады.
Мінездің көрінісі тек қана әрекетте және қылығында аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілінде, бет-пішінінде және дене бітімінде байқалады. Барлық тілдік ерекшеліктері мінездің және темпераменттің белгілі қасиеттерін білдіреді. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетіне із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында өзгеріп отырады.
Адам мінезінің ұлы білгірі Л.Н.Толстой былай деп жазды: "Тек қана көзі күлетін адамдар болады — бұл адамдар өте арам және эгоистер. Көзсіз аузы күлетін адамдар болады — бұл адамдар әлсіз, тұрақсыз және күлкінің бұл екі түрі де жағымсыз". Толстой өзіне-өзі мәз болатын, тәтті, бақытты, мөлдір салқын, әзіл аралас, ақымақ және т.б. күлкінің болатындығын атап өтті. Адамның көз жанары — бұл жанның айнасы. Оның мінез-құлқын көз жанарынан байқауға болады. Адамның мінез-құлқы жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының гуманист ақыны, көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенейді. Тек өзінің қарын қамын, яғни, тән қажеттілігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттілігін ойламайтындарға, еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді арбап, күн көрушілерге, өзінің жағымпаздығымен ұлық алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ұлы гуманист-ақын Абай өз кезіндегі жастардың жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды.
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр талап, Бұларды керек қылмас ешкім калап, Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен есекті жүндей сабап, - дейді Абай. Осындай жексұрындық мінездер мен әрекеттерді әшкерелей отырып, Абай жастарға:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге, - дейді.
Табиғатты айтсын мейлі, махаббатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршігер міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, казақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, ондағы адамға деген жарық пен жылылықты сезінеміз, адам басындағы әлі арылып болмаған сұмдық пен сорақылықтан жериміз де безінеміз, жексұрын мен жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:
Мансапқорлардың қасынан, Шықпайтындарға ашынам! Жалданып өскен жасынан, Жағымпаздарға ашынам! Өзіңе ғана бас ұрам, Сенесің бе, Отан осыған!? Ала аяқтарға ашынам! Ашынам-дағы тасынам. Құныңды несін жасырам, — деп адам басындағы жағымсыз мінез-құлықты ашына сынға алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет