Шеңбер сызу, ішіне сурет тақырыбы бойынша ұғымдарды жинақтау
Синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерді пайдалану
«Ирби - менің досым!»
Биылғы жылда біздің елімізде Азиадалық жетінші қысқы спорт ойындары дүркіреп өтті.
Осы ойындардың талисманы кішкентай Ирби атты барыс болып жарияланды. Мен тікелей Ирбимен таныс емеспін. Бірақ жақынырақ танысқым келді. Содан мен Ирбиге интернет желісі арқылы электронды хат жібердім. Менің үлкен қуанышымда шек болған жоқ, өйткені жауабын тез арада алдым. Ирбидің хатынан мен көп жаңалық алдым. Мысалы, біздің мемлекетіміздің спортшылары жалпы Азиадалық ойындар бойынша І орын алғанын, соның ішінде 32 алтын медаль, 21 күміс және 17 қола медальдарға ие болғанымызды, ІІ орынға ие болған – ол Жапония елінің спортшылары, олар 13 алтын, 24 күміс және 17 қола медальдарына ие болыпты, ал үшінші орынға Оңтүстік Корея ие болды, олардың қоржындарында 13 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль бар екен. Азиадалық ойындарға жалпы 26 мемлекет қатысыпты. Осы үлкен шараға байланысты банк 2 миллион дана 2000 теңгелік ақша шығарыпты. Біздің елімізде көптеген спорттық мекемелер ашылды. Азиада бітсе де, сол мекемелер өздерінің жұмыстарын жалғастыра береді, - деді маған Ирби, өйткені спорт-тіршілік негізі, ал біз сияқты балалар және де бүкіл халық спортпен шұғылданса онда біздің ұлтымыздың да рухы мықты болады деп ойлаймын. Хатының соңында Ирби менің достарыма, туысқандарыма үлкен сәлем жолдады. Досым хатына қоса өзінің суретін де беріп жіберді.