Семинар сұрақтары: Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында



Дата18.12.2021
өлшемі25,77 Kb.
#103106
түріСеминар
Байланысты:
тарих


Студент:Тазабек Марал

Семинар сұрақтары:

1.Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында.

2. Жасампаздық негізі Қазақстандық мемлекеттіліктің үлгісі. Президенттің әлемдік өркениеттердің серіктестігі жөніндегі ойлары, қазіргі заманның сын- тегеуріндеріне берген жүйелі жауабы ретінде.

3.«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы.
1.Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында
Мемлекет басшысы кеше ұсынған «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» барлық қазақстандықтарға тамаша тарту болды.  Елбасымыз бұған да қашандағыдай барынша адалдық тұрғысынан келіп, айтарын айқын жеткізді – ол бұл қадамға жүйелі дайындалып, орайлы сәті туғанда өз шешімін жария етіп отыр. Аталған бастамалар өте өзекті еді, ол туралы қоғамымызда үнемі әңгіме болып жүрген. Президент мұны білді, бірақ құрғақ уәде беру оның әдетінде жоқ екені баршаға белгілі.

Адам үшін ең бастысы, сөз жоқ, басында баспанасының болуы. Кез келген мемлекет өз азаматтарын пәтермен қамтамасыз етуді қалайды, бірақ бұған бәрінің бірдей шамасы келе бермейді. Бүгінде елімізде 4 млн-нан астам отбасы бар. Енді солардың барлығына тың  мүмкіндік туып отыр. Ол үшін «Жетi – Жиырма – Жиырма бес» атты президенттік бағдарлама жүзеге асырылмақ. Бағдарламаға сәйкес, жұмыс істейтін адамдарға 7% мөлшерлеме бойынша 25 жылға ипотекалық несие берілетін болады, бұл ретте бастапқы салым мөлшері баспананың жалпы құнының 20%-ынан аспайды.

Қазіргі таңда әлем мүлдем және түбегейлі өзгерді. Утопиялық  идеология атаулы тарихтың тезінен өте алмай, күлі көкке ұшты. Өмірде тегін ештеңе жоқ – мұны бүгінде жер бетіндегі әркім-ақ біледі.

Сондықтан, баспаналы болғың келсе, оны сатып алу керек. Ал ол үшін жақсы жалақың болуы қажет. Президент салыстырмалы түрде төмен еңбекақы алатын қазақстандықтардың жағдайын ойлап, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың табыс салығын 10 есе – 1%-ға дейін азайтуды ұсынды! Оған қоса үнемделген қаражатты олардың жалақысына қосу қарастырылып отыр. Демек, бұл шара барлық жалдамалы еңбеккерлердің ең кемі үштен біріне – 2 млн-нан астам адамның тұрмысына әсер етпек. Нағыз халық қамын көздеген саясат деп осыны айтуға болар!

Кірісің мол болуы үшін, әрине, біліктілігің жоғары болуы керек. Бұл орайда, сөз жоқ, жоғары білім алу – жаһандық үрдіс. Жоғары білікті мамандарсыз 21-ғасырдағы озық 30 ел қатарына қосылу мүмкін емес.

Сондықтан да Мемлекет басшысы жоғары білімге қолжетімділікті және оның сапасын, арттыру міндетін қойды. Деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде 17 мен 29 жас аралығындағы жастар саны 3,5 млн-нан асады, соның тек 15%-ы ғана оқып жатыр. Бұл олқылықты түзету үшін қосымша тағы 20 мың грант бөліп, оның жалпы санын 2018/19 оқу жылынан бастап 74 мыңға жеткізу ұсынылуда.

Қайда тұратынын, қай ақшаға пәтер жалдайтынын білмейтін, үнемі соны ойлап жүретін студенттер Индустрия 4.0 элементтерін өмірімізге кеңінен енгізу ісін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан Президент талантты жастарымызға шынайы әкелік қамқорлығын көрсетіп, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орыннан кем емес заманауи жатақханалар салу жөнінде міндет қойып отыр. Біздің болашағымыз –біздің жастарымыз!

Нарықтық экономиканың негізі – кәсіпкерлік екені мәлім. Егер үлкен өзен кішкентай жылғадан басталады десек, шағын бизнес – шағын несие беруден бастау алады деп тұжыруға болады. Мемлекеттің бүгінгі басты міндетінің бірі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

Деректер бойынша, биылғы қаңтар айында елде өз-өзін жұмыспен қамтығандар – 2 млн-нан, жұмыссыздар саны 440 мыңнан аса адам болыпты. Шағын несие беруді 2018 жылы 14 мың адамды қамти отырып, былтырғыдан екі есе деңгейге, 62 млрд. теңгеге дейін көбейту туралы шешім – ең алдымен ел халқының 42%-ынан асатын ауыл тұрғындарына деген қамқорлықтың көрінісі. Ауыл – еліміздің жан-жүрегі, ол күнделікті жанашырлыққа зәру!

Жоба іс жүзінде барлық қазақстандықтарды қамтып, олардың асыл армандарына жол ашып береді.

Осынау өзекті Президенттік бастамалар ұлттың бақуаттылығының негізі болып табылатын әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталып отыр.  

Біз оған міндетті түрде қол жеткіземіз, өйткені халықтың ертеңгі күнге берік сеніммен қарауы үшін тынбай еңбек етіп келе жатқан, еңбек ете беретін біздің Елбасымыз бар!


2. Жасампаздық негізі Қазақстандық мемлекеттіліктің үлгісі. Президенттің әлемдік өркениеттердің серіктестігі жөніндегі ойлары, қазіргі заманның сын- тегеуріндеріне берген жүйелі жауабы ретінде
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаламынан 50-ден астам кітап шыққан. Соның ішінде 2017 жылдың аяғында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінің алатын орны ерекше. 
Республикамыздың қоғамдық-саяси, мәдени және ғылыми өмі­ріндегі елеулі оқиғалардың біріне айналған бұл кітап – ғасыр­лар­ға бергісіз Ұлы дәуірден қалып­та­с­қан тәуелсіз Қазақстан мем­лекеті­нің шежіресі іспеттес. Өйткені оны осы тәуелсіз елдің шығу «те­гін», қалыптасу кезеңдерін, даму бағыттарын жақсы білетін адам жазды. Кітаптың мазмұн­дық желісі жан-жақты ойластырыл­ған, ғы­лыми тұрғыда дәйектел­ген, дә­лел­ді және нақты фактілер­ге негіз­д­е­­ліп түсінікті тілмен қыс­қа да нұс­қа жазылған. Оның ерек­шелігі – Н.Ә.Назарбаевтың әр істің басында болып, оларды идея­лық жағынан қамтамасыз етіп, өзі көріп, өз қолымен атқар­ған жұмыстарын осы кітабында ой елегінен өткізуінде жатыр. Президенттің ел тағдыры үшін маңызы бар іс-шаралардың жос­пар­лану кезеңінен бастап, олар­дың орындалу барысы мен нә­ти­желеріне дейін тікелей өзі­нің бақылауында ұстап отыруы, барлығынан хабардар болып, мәселені терең меңгеруі оқыр­ман­дар тарапынан Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевқа деген қызы­ғушылықты арттырып, оның жеке пікірін білуге деген ұмтылыс тудыратыны түсінікті нәрсе.

Елбасы өзі салған «қазақстан­дық жолды» араға ширек ғасыр уақыт салып қайта жүріп өткен­дей. Оны саралап, сол кездері қа­был­данған шешімдер негізінде ескі қағидаларды қалай қиратып, батыл реформалар жүргізіп, инновацияларды өмірге енгізгенді­гін дәлелді көрсеткен. Кітапта жаңа саяси жүйе құрудың өзін­дік, тек Қазақстанға ғана тән ерек­­ше­ліктері айқындалған, нарық­­тық экономи­каның негізі мен құқық­тық мем­ле­кеттің іргетасын қалау­­дың ерек­ше­ліктері көрі­ніс тап­­қан. «Алдымен экономика,  со­дан кейін саясат» қағи­да­ты­ның шешуші рөл атқар­ған­ды­ғы­на көңіл аударылған. Осы нәт­и­же­лердің негізінде жинақ­тал­ған жеке тәжірибесі мен сая­си ұстанымдарын Елбасы та­ғы да бір ой елегінен өткізіп, ел­дің, халықтың болашағына бағ­дар­ланған жаңа стратегиялық жос­пар­ларды рет-ретімен ұсы­нып, оларды жүйелі түрде іске асы­рудың тетіктері мен алғы­шарт­тарына тоқталған. 


Дағдарыстарды еңсеріп, жаң­ғыру процестерін ілгерілету бары­­сында көптеген жаңашыл эко­но­ми­калық, саяси механизмдер мен қағидаттар пайдаланылды. Солар­дың ішінде Елбасы дағда­рыс­тарды серпіліс үшін тиімді пайдаланып, қалыпты жағдайлардан ғана емес, сондай-ақ дағдарыстан да ұпайын жоғалтпай, пайдамен шығып отырды. Олар өз кезегінде елдің экономикасы мен мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып оты­руға септігін тигізді. 

Президенттің мінсіз логикаға негізделген басым бағыттарды дұрыс айқындауының арқасында эконо­мика саласындағы табыс­тары­мыз сайып келгенде саяси реформаларға ұласты. Халық­тың әл-ауқаты өсті, елде тұрақты­лық орнады, азаматтардың этнос­тық сипатына қарамастан заң алдын­дағы теңдігіне, яғни ұлтара­лық бейбітшілік пен келісімге қол жеткізгендігіміз аталмыш кітап­тың арқауына айналған. Елба­сы еңбегінде сыртқы саясат­тың ай­қын және мызғымас басым­дық­­­тарына да егжей-тегжейлі тоқ­таған. Көпвекторлық қағида­тына негізделген сыртқы саясаты­мыз Қазақстанның әлемдік деңгей­дегі беделін көтергендігі, оны халықаралық сахнада танымал еткендігі де нақты көрініс тап­қан. Осының барлығын талдай келе, Н.Ә.Назарбаев «мемлекеттік құ­рылыс пен дамудың айрық­ша қазақ­стандық үлгісі қалып­тас­ты деуге толық негіз бар», деп қорытады.


Еңбектің құндылығы – бола­шаққа жол салған жетістіктердің аталуында. Елбасы олардың қата­рына жаңа мемлекеттің құры­луын, тәуелсіздіктің тәжі – Аста­на­ның салынуын, Қазақстан хал­қын біртұтас ұлт ретінде қалып­тас­тырудың басталғандығын және қазақстандық даму моделінің жасал­ғандығын жатқызады. Тари­хи тұрғыдан алып қарағанда Пре­зи­денттің жасампаздық дәуірі – тәуел­сіздік кезеңдерін негіздеп, тұжы­рымдауын орасан зор маңызы бар оқиға деп қарастырған жөн.

Бір сөйлеген сөзінде Елбасы ХХІ ға­сырдағы Қазақстан табы­сының кілті ретінде жаңғыру ұғымын бірінші орынға қойып, «Жаңғыру – менің мемлекеттік саясатымның басты өзегі», деген болатын. Ең­бектің тағы бір ерекше тұсы да осында болса керек. Өйткені бұл жұмыс Қазақстанды жаңғыртудың үш толқынын жүйелі түрде зерделеу негізінде жазылған. 

Бұл ғылыми және саяси тұр­ғы­дан алғанда мүлдем жаңа көз­қарас, ал методологиялық жағынан келгенде де орынды ұстаным. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ Н.Ә.Назарбаев ел дамуы­ның басты бағыттарын, болашағын айқындау мәселесіне көп көңіл бөлді. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасында алғаш болып стратегиялық бағдарламалар қалыптастырып, оны кезеңдерге бөліп, аралық қысқа және орта мерзімді жоспарлар жасауды қол­ға алды. Жасампаздық дәуірінің екінші кезеңімен тұспа-тұс келген Қазақстан Республикасының Конс­титуциясының қабылданып, прези­денттік иснтитуттың ныға­юы дағдарысты еңсеруге, ұзақ мер­­зімдік «Қазақстан-2030» стра­тегия­сы негізінде мемлекеттің жүйелі дамуына жағдай жасады.

Бетбұрыстық сипат алған осындай әлеуметтік-экономикалық, сая­си және қоғамдық даму үрді­сі Ел­ба­сының жыл сайынғы Қазақ­стан халқына Жолдаулары арқы­лы мемлекеттік саясаттың басым­дықтарын анықтап, оларды тиісті жоспарлар негізінде іске асыруға мүмкіндік тудырып отырды.


Осылайша, сонау 90-жылдар­дың бас кезінен бастау алған жаң­ғыру процесі өзіндік логика­сы бар, жүйелі сипатқа ие болып, бүгінгі рухани жаңғыру кезе­ңімен өз жалғасын тауып отыр. Оның диалектикалық бастауын­да да, оның қайнаған ор­тасы мен кіндігінде де, даму про­­ц­е­сін­де де, қазіргі жаhандану за­ма­­нында халқымыздың рухани мәйегін нығайтып, оны әрі қа­рай жалғастыру жолында да Ел­басы тұрды. Ендеше жаңғыру сая­са­тының үш толқынының басын қосып сараптау, зерделеу, сол жаңғырулардың контекстінде бола­шаққа бағытталған тағдыр­шешті қорытындылар жасап, страте­гиялық жоспарлар құру Н.Ә.Назарбаевтың еншісіне тигені де заңды нәрсе.

Бұл кітаптың маңыздылығы қазақ­стандық даму үлгісінің таби­ға­ты мен эволюциясын жан-жақ­ты және терең зерттеуге ар­нал­­­ған­ды­ғында. Осы жағдайдың өзі біз қа­растырып отырған еңбек­ке тек та­рихи публицисти­ка жанры тұр­ғы­­сынан ғана қарау­ды аздық ете­тін сияқ­ты. Оны толық­қанды ғылы­ми ба­сы­лым, бай және құнды дерек­көз ре­тінде қарастырған орынды шығар.

Оған негіз де бар. Автор кі­тап­­ты жазу барысында өзінің түп­­­нұс­қалық жазбаларын, мұ­ра­­ғат­тық құжаттарды, статис­тикалық мәлі­меттерді кеңі­нен пайдаланған. Оның үстіне Мемлекет басшысы талдап отыр­ған стратегиялық құжаттар, жал­пыұлттық бағдарламалар мен ресми шешімдердің барлығы кезінде Елбасының жеке баста­масымен, ұсынысымен ғылы­ми тұрғыда негізделіп, оның тікелей басшылығымен өткен мәжілістерде жан-жақты талқы­лаудан өткен дүниелер. Мәсе­лен, кітапта арнайы қарас­тырыл­ған Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жол­даулары айтқандарымыздың дәлелі бола алады. Оларға Прези­денттің қай­та­дан оралып, тарихи кезең­дер­мен, жаңару саясатымен байланыстыра жүйелеуі осы кітаптың тағы бір ұтымды қыры деп есептеймін.

3.«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы.


Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды». Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. 2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен бірге, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық, - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті Дмитрий Медведев. - Бұл аса күрделі келіссөздердің нәтижесінде туған өте маңызды, көптен күткен оқиға болды». Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді. 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда былай делінген: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа­һан­дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ». Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Таяудағы онжылдықтағы бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысты Президент әңгіме жалпы көлемі 6,5 триллион теңге инвестицияны құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайында болып отырғанын атап өтті: бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайыздан астамын құрайды. Мұның бәрі Қазақстанға таяудағы үш жылдың ішінде 200 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның саяси жүйесін дәйекті жаңартуда таяудағы ондылдықтағы құқықтық реформа маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде елеулі жұмыс атқаруға тура келеді, оның негізгі бағыттары Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленді. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян және ресей компанияларынан жалпы сомасы 20 миллиард доллар инвестициялар тартылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет