Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының оқу-ағартушылық жөніндегі жаңашыл әдістемелік-педагогикалық ойлары. (Эссе) Орындаған



Дата08.02.2022
өлшемі66,28 Kb.
#124429
Байланысты:
Ауханова С.СӨЖ2
Pre-Intermediate (A2) test for courses( grammar, reading,listening), мектепшілік оқушылардың сабаққа қатысу журналы, Ауханова С.СӨЖ2, матем 6

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының оқу-ағартушылық жөніндегі жаңашыл әдістемелік-педагогикалық ойлары. (Эссе)


Орындаған: Ауханова С.Ж.
Тексерген: Умбетаев М.Б.

Алматы, 2021жы


Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.Абайдың пікірінше , адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден , баланың шыққан тегі жақсы болуы керек, екіншіден , оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден , балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді , ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім арқылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп , білім алуды міндет етіп қойды . Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар , елді өркениетке жеткізер жалғыз жол - оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық , зорлықты, алтыбақан алауыздықты , күштілікті , жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап , жастарды адал еңбекке , отырықшылыққа , егіншілікке , өнер-білімге шақырады.Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып , өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан , ойсыздық , салғырттық , күншілдік , көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, өткенді есте сақтау , көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау , нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. "Егер есті кісінің қатарында болғың келсе , күнінде бір мәртебе , болмаса жұмысында бір , ең болмаса айында бір , өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал" , - дейді. Яғни , адамның өзін - өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы , ақылды - ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты , ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр , алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама - қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге , ортаға байланысты екенін дәлелдеді.Өзінің отыз жетінші қара сөзінде : " Мен , егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам , адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім",- деді.Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық , этикалық , эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой - пікірлерге толы. Абай түсінігінше , табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз , түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.Абай түсінігінше , табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы "көзімен көріп, құлақпен естіп , қолмен ұстап , тілмен татып , мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады",- дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмарлығы. Екіншісі - білсем екен деужан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл , ғылым ... ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі" деген қорытынды жасайды.Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста , үнемі өзгерісте , дамуда болады, адамды қоршаған ортаның - табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп , рухани қажеттілікті ойламайтын , біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге , өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге , деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды.
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу , шекпен қия үшін пайдаланып , парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой , - деп сөкті . Жастарға халық қамын ойлаған ақын- жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, "білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен" ,- дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып , білімді алған.
Би болған , болмыс болған мақсат емес
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел билеу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін , терең түсінген ол : " Барынды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет... өнер де , ғылымда орымта тұр. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі" ,- деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Абай. Қара сөздер. Поэмалар - Алматы : Ел, 1992.
2. Абай . Нақты сөздер. - Алматы : Көшпенділер, 2007
3. Абай. Өлеңдер , поэмалар , аудармалар , қара сөздер. - Алматы : Мектеп , 2007
4. Абай. Энциклопедия. - Алматы : " Қазақ энциклопедиясының " Бас редакциясы , " Атамұра" баспасы,
5. Абай . Энциклопедия. - Алматы : " Қазақ энциклопедиясының " Бас редакциясы , " Атамұра" баспасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет