Бөж тақырыбы: Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы



бет1/3
Дата30.11.2022
өлшемі213,56 Kb.
#160517
  1   2   3
Байланысты:
дулат Яссауи тану
Жарылхасын Шұғыла

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Факультеті «Спорт және Өнер»
Кафедрасы «Орындаушылық өнер»
Мамандығы: 6В02123 – «Актерлік өнер»
БӨЖ
Тақырыбы: Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы.

Орындаған: Бегалиев Дулат
Тобы: ӨӘК 111
Тексерген: Бейсенов Айбек

Түркістан 2022 ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:

1. Ислам діні


2. Исламның бес ірге тасы
3. Хақ дін ислам және ғылым
4. Исламның қалыптасуы

III.Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I Кіріспе
610ж. шамасында ешқашан Тәуратты оқымаған, тіпті Исайя, Иере-мий және Иезекл туралы да естіп көрмеген араб көпесі ескі еврей пайғамбарларына ұқсас тәжірибені бастан кешірді. Меккелік құрай-ыштайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдұлла әр жылырамазан айын-да отбасымен қала сыртындағы Хира тауында рухани оңашалануды әдет-ке айналдырған болатын. Бұл түбектегі арабтар арасында сирек те болса кездесетін құбылыс еді. Тау басында Мұхаммед Ұлы Аллаға мінәжат ететін, әрі осы қасиетті мекенге табанытиген жоқ-жітікке садақа үлестіретін еді. Мұхаммедтіңкөп уақытын ауыр ой үстінде өткізуі ғажап емес.Өмірінің кей-інгі кезеңдері көрсеткеніндей, соңғыуақытта қанша көркейсе де, көпшілік-ті үрейлендіретінМеккедегі дүниеқұмарлық үшін қатты алаңдайтын.Небәрі жарты ғасыр алдын құрайыштар да, арабшөліндегі басқа бәдәуи тайпалары секілді, көшпелі өмір салтын ұстанатын. Ендігі жерде әрбір күн тіршілік үшінжанталасты қажет ететін болды. Құрайыштар VI ғасырдың соңғы жылдарында саудада үлкенжетістіктерге жетіп, Мекке қаласы Араб түбегінің үлкенорталығына айналды. Құрайыштар адам нанғысыз дәрежеде байып кетті. Бірақ мұншалықты үлкен өзгерістер тайпаның өмір салтына кері әсер етті, бұрынғы құндылықтардың орнын дүниеге дегенқұмарлық басты. Көңілдерді үрей биледі. Мұхаммедқұрайыштардың қауіпті жолға түскенін көре білді және жаңа шарттарға үйлесімді тіршілік етулері үшін оларға жаңа бір идеологияның қажеттілігін сезінді. Ол кезде саяси шешімдер көбіне діни сипатта болатын. Мұхаммед руластарының жаңа діні ақшаға құрылып жатқанын түсінді. Бұған таң қалудың да қажеті жоқ еді, өйткені, оларды дәл осы байлықтары көшпелі өмірдің тауқыметінен, үнемі жалғасып жататын аштық пен Араб шөлін мекендеген тайпалардың қатыгездігіненқұтқарғанына күмәнданбайтын. Әрбір тайпа күнделікті жойылып кету қаупімен бетпе-бет келетін. Енді қажеттіазықтары көп Мекке біртіндеп сауда-саттық пенқаржылық қатынастардың халықаралық орталығына айналды. Тіпті тайпа мүшелерінің өздерін өз өмірлерініңқожайыны сезінетін кейбіреулері байлық мәңгілік өмірсыйлайтындығына сенетіндей көрінетін. Мұхаммедмұндай тоғышарлық (истака) культі тайпаны түбіыдырататынын білді. Бұрынғы көшпелі тіршіліктебірінші орында қоғамның қамы тұратын, ал жекемүдделер екінші кезекте еді: барлығы да өз өмірлерініңтайпаның амандығына байланысты көркейетінін түсінетін. Өзі кіретін этникалық топтағы жоқ-жітік пен кедей-кепшікке көмек қолын созу – мүлтіксіз орындалатын дәстүр қалпында еді. Ал қазір қауымдыққұндылықтар индивидуализммен алмасты, бақталастықәдепкі іске айналды. Адамдар тек қарақан басыныңқамын ойлап, жоқшылық тауқыметін тартқандарға назар аудармайтын болды. Тайпадағы әрбір ру Мекке байлығынан қомақты үлес алу үшін өзара бәсекеге түскен еді және бағы тайған кейбір рулар (Мұхаммедтің руы Хашимилер секілді) опат болудың алдында тұрғандарын сезетін. Егер барша құрайыштар өз өмірлерінің өзегі ретінде биік бір құндылық жаратып, ашкөз менмендіктерін жеңбейтін болса, көп ұзамайтайпа өзін моральдық және саяси тұрғыдан өзарақақтығыстар

нәтижесінде жойып бітетінін Мұхаммед жақсы сезген еді. Арабияның басқа аймақтарында да жағдай мәз емес болатын. Хижаз бен Нәжді мекендерінде бәдәуи тайпалары күнкөріс үшін өзара қатал күрес жүргізетін.Тайпа тіршілігін қамтамасыз етуге тиіс қоғамдық рухтыәлсіретіп алмай, қауіпсіз өмірдің кепілдігі үшін арабтартіпті діннің орнын да алмастыра алатын мурувва идеологиясын қалыптастырды. Дәл мағынасында дін арабтарға тән емес болатын. Оларда пұттар пантеоны мен құлшылық орындары болды, әйтсе де бұлҚұдайлары мен қасиетті орындарының рухани өмірдегі орнын айқындап беретін жетілген мифология қалыптастыра алмаған еді. Арабтарда о дүниелік өмір сенімі де жоқ еді, оның орнына, «заман» немесе«тағдыр» ретінде аударуға болатын дәһрдің жоғарғыкүшіне сенетін; өлім көрсеткіші өте жоғары саналатынбұл қоғамда мұның маңыздылығы түсінікті жағдай.Батыстық ғалымдар мурувва түсінігін көбіне «ерлік,жауынгерлік» мағынасында аударып жүр, бірақ оның мазмұны бұдан да ауқымды: бұл ұғым соғыста -жауынгерлікті, қайғы-қасіретте - сабырлық пенқайсарлықты және өз тайпасына адалдықты, шын берілгендікті көрсетеді. Мурувваның адамгершілік канондары бойынша бәдәуи қарақан басының қауіпсіздігін ойламастан, тайпа басшысы сайидқа сөзсіз бағынуы тиіс. Әрбір араб тайпасына қарсы жасалған қиянаттың өшін алу үшін мұндай бекзат іске өзінтұтастай арнауы тиіс және тайпаның әлсіздерінпанасына алуы керек. Тайпа тіршілігін үйлестіру үшінсайид азық-түлік пен мүліктерді теңдей бөлетін, алтайпаластарынан біреуі өлтірілсе,”қанға – қан,жанға –жан” ұстанымы жүзеге асатын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет