Бөж тақырыбы: Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы



бет2/3
Дата30.11.2022
өлшемі213,56 Kb.
#160517
1   2   3
Байланысты:
дулат Яссауи тану

II Негізгі бөлім
Құдайдың өзі жайында міндеттелген доктрина Құрандажоқ; керісінше, теологиялық спекуляцияларға үлкен күмәнмен қарап қана қоймай, оларды занн – ешкім білеалмайтын заттар жайында дәлелсіз һәм жауапсызболжам жасау деп жоққа шығарады. Занның мысалы ретінде Қайта тірілу (Инкарнация) мен Үштік секілді христиан докриналарын алуға болады. Мұсылмандардың бұл идеяларды күпірлік санаулары таңғаларлық емес. Иудаизмдегі секілді, Исламда даҚұдай ең әуелі моральдық императив ретіндеқабылданған. Яху-дилермен де, христиандармен де,олардың киелі кітаптарымен де ешқандай байланысы болмаса да, Мұхаммед интуитивті түрде тарихи монотеизмнің нағыз мәніне бойлай алған. Исламға табан тіреп қарсы тұрған кейбір атақты құрайыштардың бірсүрені тыңдаған кезде өзгеше бір күйге енгені жайлы дахикаялар бар. Олар үшін Мұхаммед жаңа бір әдебитуынды жасап шығарған сияқты еді. Бұл шығарманыкейбіреулер әлі тыңда-уға дайын емес болса, енді біреулерді әсерге бөлеп те үлгерді. Құранның осындайәсері болмаса, Исламның тамыр жаюы мүмкін емес тееді. Ескі яхудилердің алғашқы діни сенімдерін тастап, бірқұдайшылдықты қабылдау үрдісінің жеті жүз жылға созылғанын білеміз. Алайда Мұхаммед қысқа ғана мерзімде, яғни жиырма үш жылдың ішінде арабтардың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұхаммедтің шайыр әрі пайғамбар ретіндегі ең-бегі, ал Құранның мәтін және иләһи тарту түріндегі сипаты дін мен өнер арасындағы терең байланысқа керемет мысал бола алады. Уахи түскен алғашқы жылдары Мұхаммед көбінесе діндесбауырларын жастар арасынан тапты. Меккеніңкапиталистік өмір салты уақыт өткен сай-ын олардың көңілдеріне кірбің түсіре берді. Әйелдер, құлдар мен еңәлсіз тайпа мүшелері сияқты айрықша мәртебесі жоқжәне бейтарап топтар да пайғамбардың жақтастарына айналды. Бізге жеткен көне деректерге қа-рағанда, Мекке жаппай Мұхаммедке жаңа түскен Алланың дінін қабылдауға дайын жағдайда болды. Бұл жағдайға, жаңа дінге бай-бағландар дұшпан-дықпен қарады. Біраққұрайыштар Мұхаммед пұттарға табынуға тыйым салғанға дейін оған ашық түрде қарсы шықпаған еді. Уахидың алғашқы үш жылында Мұхаммедтің бір Құдайлық түсінікті аса қатты насихаттамағаны жәнеадамдардың әдеттегідей Ұлық Құдай Алламен бірге

арабтардың басқа көне Құдайларына табына береміз депойлағаны белгілі. Алайда пайғамбар ескі Құдайлар мен пұттар жайлы үкімін естірткен кезде бір түнде бірнешеізбасары оны тастап кетті. Мұсылмандар қорлық пеназапқа ұшыраған азға-на кісінің тобына айналды.Осыдан таухид сенімінің сананың ауыр өзгерісін қажетететіндігін көреміз. Алғашқы христиандар сияқты алғашқы мұсыл-мандарға да қоғамға терең қауіптөндіретін «атеистер» деген айып тағылды. Меккеде қала өркениеті енді-енді аяққа тұра бастаған еді.Сондықтан мен-мен және өзімшіл құрайыштар оны тезжойылатын жетістікке балады.

әні жоқ дегенді білдіреді. Мұсылман тек жалғыз ақиқатАлла екенін түсінуі ке-рек.
(Оларға) былай деп айтқын, (Уа, Мұхаммед): «Алла – Жалғыз, Дара!» (Әлденеге деген) мұқтаждық Аллада жоқ. Ол тумаған да туылмаған. Оған тең келер ешнәрсе жоқ.Афанасий сияқты христиандар да бірЖаратушының, Болмыстың Қай-нарының құтқарушықұдіретке ие екендігін тілге тиек еткен. Бұл көзқа-растарын Үштік Құдай және Тірілу туралы насихаттарында да баяндаған. Құран семиттік иләһи таухидқа негізделеді және Құдайдың перзенті бар дегенкөзқарасты жоққа шығарады. Жер мен көкті жаратқанАлладан басқа Құдайы жоқ және тек Ол ғана адамды құтқарып, оған рухани және матери- алдық ризығын беріп тұрады. Тек Оның әс-самад «бүтін жаратылыстың себепсіз Себебі» екенін қабылдау арқылы мұсылмандар заман мен кеңістік-тен тыс ақиқатқа үн қоса алады.Және қоғамды бөлшектейтін тайпааралықалауыздықтардың алдын алады. Мұхаммед таухидтің рушылдық сананың дұшпаны екенін білетін еді. Бүкіл құлшылыққа лайықты бір Құдайы жеке адаммен қатар қоғамның да ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне жол ашады. Бірақ қарапайым бір Құдай ұғымынан да сөзқозғау қиын. Бұл түсінік тек біздің ұғынуымыз үшін ғана, біздер сияқты болмыс емес. Мұсылман-дарды салат, яғни намазға шақыратын Аллаһу Акбар! тәкбірі Құдайы ман басқа да ақиқаттың шегін нақтылайды.Сонымен қатар Ол туралы айтқан сөздеріміз бен оның Өзі (әз-Зат) арасындағы нәрселерді айыруға мәжбүр-лейді. Бірақ осы ақылға сыймайтын және қол жетпейтін Құдай өзінің та- нылуын қалаған. Ескі дәстүрге қарағанда (хадис) Құдай Мұхаммедке «Мен жасырын бірқазына едім және танылғым келді. Мен танысын депдүниені жараттым» деген. Табиғаттың нышандары (аят) мен Құран аяттары төңірегінде ой толғап, мұсылмандарҚұранда Құдайдың Жүзі (уәжб’уллаһ)деп келетін иләһи әлемнің дүниеге арналған сипаты жайында пікір қозғай алады. Алдыңғы екі діндегі сияқты, Ислам да Құдайды тек іс-әрекеті арқылы біле алатынымызды меңзейді;Құдай осылайша өзінің тіл жетпес болмысынадамдардың шектеулі түсінігіне сай ұсынады. Құранмұсылмандарды жан-жағынан қаусырған ҚұдайдыңЖүзі мен Затын тану үшін қажетті са-на-сезімге қолжеткізуін (тақуа) қалайды: «...Жүздеріңді қай тарапқабұр-саңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар....».Христиан дініндегі Әке түсінігі сияқты, Құран даҚұдайды Шексіз құбылыс деп сипаттайды, шынайы болмыс тек Оған ғана тән: Жер бетіндегі жан иелерініңбарлығы жойылып, ғайып болады. Ұлылық пен шексіз дарқандық иесі – Алла ғана мәңгі қалады.Құранда Құдайдың тоқсан тоғыз аты немесе сипаты айтылған. Бұл есімдер Оның ұлықтығын, жер-жаһандағы бүкіл жаратылыстың бастауы екеніне мән береді. Осылайшаәлем тек Ол әл-Ғани (бай және шексіз) болғаны үшін бар; Ол тіршілікке жан берді (әл- Мубии), Ол барлық нәрсені біледі (әл-Алим), Ол сөзді жаратқан (әл-Калима). Сондықтан Онсыз тіршілік, білім мен сөздің болуы мүмкін емес. Бұл тек Құдайдың шынайы болмысы жәнеқұдіретінің айқын көрінісі. Бірақ иләһи есімдер кейде



бір-бірінің күшін жояды.

Мәселен, Құдайы әрі әл-Қаһар, үстем және дұшпандарына қаһар қылады, әрі әл-Халим, соңына дейін сабыр, шыдам көрсетеді. Ол әрі әл-Қабиз, сығады, қысады, әрі әл-Басит, ашады, кеңейтеді. Әл-Хафыз,төмендетеді және әр-Рафи, жоғары-латады. Құдайдыңесімдері мұсылман иманында маңызды орынға ие: олар-ды жатқа айтады, тәспімен зікір етеді және сонымен дұғақылады. Бұлардың бәрі мұсылмандарға Құдайдың адамикатегорияларға кірмейтінін және қа-рапайым танымдараясына сыймайтынын аңғартады.Исламның алғашқышарты боп, уақыт өте келе аш-шахада мұсылмандықиманның символы болды: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның ел-шісі».Бұл тек қана Алланың бар екендігін мақұлдау ғана емес, сонымен қа-тар Алланы жалғыз шынайы Ақиқат деп мойындау. Тек шынайыАқиқат – Ол, сұлулық пен кемелдік Оған тән: ғаламдағы бұл қасиеттерге белгілі бір өл-шемде ие болған тіршілік иелері мен болмыс атаулы тек шынайы Ақиқатқа (Кұран, 2:115.289Кұран, 55:26–27.) жақындаған кезде ғана бұлқасиеттерге ие бола алады. Шахада мұсылман-дардыңҚұдайды мұрат қылып, тіршілігінің негізі ретінде тануларын талап етеді. Құдайдың бірлігі жайлы сөз, тек қана бәнат ал-Лаһ секілді құдайларға табынуды тыюдегенді, формалды түрде сандық анықтауыштыбілдірмейді, оның орнына мұны адам мен қоғамтіршілігін қозғаушы жалғыз қуатқа ай-налдыруға шақырады. Құдайдың бірлігін шынайы тұтастыққа ие кез келген тұлғадан көруге болады. Бірақ бірлік идеясымұсылмандардан басқа да қа- уымдардың діниталпыныстарын құрметтеуді талап етті. Құдай жалғыз,оның жалғыздығына сену – кез келген ақиқат діннің басты сипаты. Жалғыз жоға-ры Ақиқатқа сенудің сыртқы көріністері әртүрлі мәдени дәстүрлер арқылы айқындалуы да мүмкін, әр топырақта өзіне тән сипатта өзін көрсете береді, алайда ақиқат діннің негізінде арабтар ежелден Алла деп келген Ол болуы тиіс.Алланың «көркем есімдерінің» бірі – ән-Нур,

«Нұр». Құрандағы мына бір белгілі аятта, Құдай – барша білім мен Трансценденттінің көріністерін қамтып қалуға септесетін мүмкіндік атаулының қайнар көзі: Алла –ғарыштар мен жерді түгел қамтыған нұр (Иесі). Алланың (мүміннің жүрегіне салған иман) нұры –майшам орнатылған шырағдан дерсің. Бірақ онышығыстан да, батыстан да іздеме, таппайсың. Ол шам от тимесе де жана беретін киелі зәйтүн ағашының майымен жанады. Майшамның әйнегі інжу-маржандай жарқыраған жарық жұл-дызға да ұқсайды. Бара-баражарқырап, нұры биікке көтеріле беретін (мүміннің жүрегіндегі иман нұрының теңеуі) осы секілді...290-ка кұрандағы Құдай жайлы баяндаудың символикалық сипа-тын танытады. ән-Нур Құдайдың өзі емес, Ол сол Нұрмен Өзінің сөзін (шырақ) толтырады, кейін оныменадам жүрегін (нұрдың ұясын) жарқыратады. Нұрды толықтай шырағданға да, шишаға да, шырағдан майына да телу мүмкін емес. Тәпсіршілердің айтуынша, исламның алғашқы кезеңдерінен бастап Нұр – уақыт пен кеңістіктен тыс иләһи Ақиқатты сипаттаудың ең сәтті символдарының бірі. Бұл аяттардағы зәйтүн ағашы уахидың үзілмей жалғасуы-ның символы ретінде қабылдануы керек: зәйтүн ағашы бір «түптен» шыға-ды да, кейіннен әртүрлі діни тәжірибеге сай тармақталыпкете береді. Осы-лайша, шынайы уахи белгілі бірмәдениетпен немесе жергілікті аймақпен шектелмейсалаланып тарай береді: ол Батыста да емес, Шығыста да емес. Христиан Барака ибн Нәуфал Мұхаммедті шынайы пайғамбар деп мой-ындады. Бірақ Исламдықабылдау оның ойына да кіріп-шықпады; Мұхаммед де мұны ойға алған жоқ. Пайғамбар ешқашан яхудилер мен христи-андарды Алланың дініне шақырған жоқ (әрине,бұған тыйым жоқ еді), өй-ткені оларға өздерінің төлуахиы жеткен еді. Құран өткен пайғамбарлар-дың үгітімен көрегендігін жоққа шығармайды, керісінше,Құранда әрдай-ым адамзатқа ортақ діни тәжірибеніңсабақтастығы еске алынады. Мұның астын сызыпкөрсету керек, өйткені, бүгінгі күні

Батыстықтардың көпшілігі исламдағы атрибуттарғакеңпейілдік таныта алмайды. Ал мұсылмандар о бастан, яхудилер мен христиандарға қарағанда ешқашан өз уахиларын жалғыз ақиқат деп танытпаған болатын. Қазіргі кездегі исламды жазғыруға себеп боп жатқан төзімсіздіктері бір Құдайға деген бәсекелестіктен туып жатқан жоқ, көбіне басқа себептерге байланысты. Мейлі кім болсын, қу-атты Батыс елдері немесе араб билеушілері болсын, егер әділетсіздікке жол берсе,(мысалы, Иран шахы Мохаммед Риза Пехлеви секілді)мұсылмандар әділетсіздікке төзе алмайды. Құранешқандай да басқа діни көзқарастарды жалған немесежетілмеген деп айтпайды; әрбір пайғамбар, керісінше,өзінің алдындағының мұрасын мақұлдап, дамытады. Құранда Құдайдың жердегі барша халыққа елші жібергендігі айтылады. Ислам дәстүрі бойынша, мұн-дай елшілердің саны 124 мыңдай, бұл символикалық сан, есепсіз көптікті білдіреді. Осылайша Құран оныңүндеуі жаңалық емес екендігін, мұсылман-дар екіжүзділікке салынбастан өз сенімдерінің ежелгідіндермен жақын-дығын мойындаулары керектігін үнеміқайталап отырады:(Кұран, 24:35.)

Мұхаммед мұсылмандарға жүздерін Иерусалимге емес,Қағбаға қаратып құлшылық қылуды бұйырды.Құбыланың ауысып, географиялық бағыттың өзгеруікейінірек Мұхаммедтің ең батыл һәм жасампаз қадамы ретінде бағаланды. Құлшылықта жүздерін ежелгі екі уахимен еш байланы-сы жоқ Қағбаға бағыттай отырып, мұсылмандар үнсіз ғана өздерінің дәстүр-лі діндердің біріне де қатысы жоқ екендіктерін және тек қана бір Құдайға құлшылық ететіндіктерін негіздеді. Олар бірҚұдайлық дінді қиратып жау-ласушы топтарға бөлген бұзықтардың сектасы емес. Ислам, керісінше иман еткендерді ең алғашқы муслим, Құдайға шын беріліп, оның құрметіне қаси етті үйді соққан Ибраһимнің түпкідініне қайтарады: «Нағыз тура жолды тапқыларың келсе,яхудилердің немесе насара- лардың жүрген жолына түсіңдер», - деді олар. «Жоқ, біз, (Құдайға) шын берілген (ханифа) Ибраһимнің дініндеміз. Ол ешуақытта да(Жаратқан Иемізге) серік қоспаған!» - деп айтқыноларға, (уа, Мұхаммед). (Ей, иман келтіргендер), оларғажәне де былай деп айтыңдар: «Біз Аллаға және бізге түсірілген ақиқатқа иман келтіреміз. Ибраһим, Ысмайл,Ысқақ, Жақып және оның ұрпақтарына түсірілгенге,Раббылары тарапынан Мұса мен Исаға және басқа да пайғамбарларға берілген (ақиқи кітап-тарға) сенім білдіреміз. Біз олардың ешқайсысын да бөле жармаймыз. (Бір Аллаға) ғана бойсұнамыз».Әрине, адамдаржорамалдап жасап алған ақиқатты, Құдайды ұмыту –нағыз пұтшылдық.Мұсылмандықжыл санау Мұхаммедтің туған күнімен де, алғашқы уахи алғанкүнмен де басталмайды (жалпы алғанда мұнда жаңалық боларлықтай ештеңе жоқ еді), хижра жылынан, Мәдинаға қоныс аударып мұсылмандар иләһи қалауды өмірлеріне өзек етіп, сенімдерін қуатты саяси күшке айнал-дырған кезбен бастайды. Бұған дейін көзімізжеткендей, Құран бойынша барлық мұсылмандар әділдік пен теңдік үстемдік ететін қоғам құрулары тиісжәне мұсылмандар саяси міндеттеріне өтежауапкершілікпен қара-ды. Басында Мұхаммед саяси көсем болуды ойламайтын, бірақ алдын-ала болжап білу мүмкін емес бұдан кейінгі оқиғалар Пайғамбардыарабтардың жаңаша саяси проблемаларын шешугеитермеледі.Хиджра мен Мұхаммед-тің өлімінің (632 ж.)арасындағы он жыл барысында үмметті жер бетіненжойып жібергісі келетін меккелік құрайыштар жәнемәдиналық дұшпан-дарымен мұсылмандар тіршілік үшін табандылықпен күресті. Батыста М-хаммедті көбінесе қарсы шыққан халыққа күшпен исламдықабылдатқан қолбасшы бейнесінде қабылдайды. Ал шындығында барлығы керісінше болды: Пайғамбар өз өмірі үшін күресті, Құранда тіпті христиандықтыңөлшемдеріне сай әділ соғыстың теологиясын

дамыта алды және ол ешқа-шан дінін күшпен қабылдаттырған емес. Құран осы ойды анық жеткізеді:«(Пенде баласын) дінге мәжбүрлеп кіргізуге рұқсатжоқ..».Сонымен қатар Құдай Сөзі ұрыс-керіс пен жанжалға қарсы жеккөрінішті сіңіреді және әділ соғыс деп тек қана өзін-өзі қорғауды айтады. Кейде адамдарғашынымен игі іс үшін күресуге тура келеді. Мысалы, христиандар бірауыздан Гитлерге қарсылық көрсетті. Қалай болғанда да Мұхаммед өте үздік саяси талант иесі еді. Өмірінің соңында араб тайпаларының көп бөлігіүмметке қосылып үл-герді, алайда Мұхаммедтің өзі айқын білгеніндей, олардың



«мойынұсынуы» (ислам) кейде жасанды, кейде саязболды. 630 жылы Мұхаммедке Меккенің қақпалары даашылды, пайғамбарға қан төгіссіз туған қаласын қоластына қарату нәсіп болды. Өлерінен аз уақыт бұрын 632жылы Мұхаммед «қошта-су қажылығын» атқарды, бұларабтардың пұтпарастық қажылығының мәнін өзгертіписламның бес ұстынының біріне айналдырған қажылық болды.Содан бері әрбір мұсылман егер бұған кедергі болатын жағдайлар бол-маса, ғұмырында кемі бір рет қажылық жасауы тиіс. Әрине, қажылар ең әуеліМұхаммедке құрмет көрсетеді, бірақ шынтуайтындақажылық санада Пайғамбардан гөрі Ибраһим, Исмаилжәне Ажарды жаңғыртады. Сырттай бақылаушыға қажылық бір қызық рәсім секілді көрінуі мүмкін. Әдеттегідей, жат жерліктер үшін бөтен елдегі әлеуметтік және діни дәстүрлер қызық бо-лып көріне береді.Дегенмен де қажылық көбінесе діни тәжірибенің ерекшетолқынысын туғызады, сондықтан да исламруханиятының әлеуметтік және жеке тұлғалық шегінтамаша көрсетеді.Қазіргі кезде белгілі уақытта Мек-кеге қажылыққа келгендердің арасында тек арабтар емес, барлық ұлттан мұсылмандар бар, осылайша басқа жұрттың адамдары да ежелгі арабтық ғұрыппен айналысуға мүмкіндік алды. Қажылардың бәрі дәстүрлі киімге оранып, нәсілдік және таптық айырмашылықтанада күйде Қағбаға жақын-дап, әрбір мұсылман уақытшаболса да күйбең тіршіліктің қамытынан бо-сайды. Оларэгоистік құмарлықтан арылып, бір ғана нәрсені назарғаалып, бір бағытта қозғалатын үлкен қауымның ішіне сіңіп кетеді. Олар Қағбаға тәуап етпестен бұрын, «Я, Раббым құлдық ұрып қызметіңе келіп тұрмын» деп бәрі бірауыздан айқайлайды.Бұл рәсімнің терең сырын өте ғажап түр-де бақилық болған ирандық философ Али Шариати былайша жеткізеді: Қағбаға жақындап оныайнала тәуап ете бастағанда өзіңді ұшы-қиыры жоқөзенге құйылып аға жөнелген бұлақтай сезініп кетесің. Бейне бір аяғың жерден көтеріліп, сені толқын алып бара жатқандай болады. Қуатты ағы-стың сүйреуімензаулай жөнелесің. Қағбаға жақындай түскен сайын сені жан жағыңнан сіресе қалған топ қыса түседі, ал сенболсаң осы сәтте қай-та туасың. Енді сен – Халықтың бөлшегісің, сен - тірі және мәңгі жасайтын адамсың.... Қағба - ғаламның шырағы, осы жарқыраған нұр сені өз орбитасына тарта түседі. Сен осы жаппай қозғалыстың бір бөлшегіне айналасың, және өзіңді ұмытқан күйі Құдайдың дәл қасында айналып жүресің. Сен көп өтпейеріп кететін түйіршікке айналасың. Міне, осы – шынайы махаббаттың ең биік шыңы!Яхудилер мен христиандарқауымдастықтың рухани маңыздылығын та-лай рет ескерткен еді. Сол сияқты қажылық та әр мұсылманға ортасында Құдай тұр деп саналатын қалың үмбетпен сіңісіп араласуға мүмкіндік бе-реді. Басқа да діндегі сияқты қажылықтың басты мұраты - тыныштық пенүндестік. Зияратшыға киелі мекеннің шекарасын бір қадам аттап өтсе жетіп жатыр. Сол сәттен бастап, кез келген зорлық ауыр күнә саналады. Киелі ме-кенде қажыларға дөрекі сөйлеуге болмайды. Тіпті жәндік өлтіруге тыйым са-лынады. 632 жылдың маусым айындақатты сырқаттанған Мұхаммет көп ұзамай көз жұмды.Оның қазасынан соң көптеген бәдәуилер үмбеттен бөлінгісі келді. Бірақ бұған дейін арабтардың саяси бірлігі нығайып алған еді. Көп ұзамай ең жүгенсіз дегентайпалардың өзі Бір Құдайлық дінді ақыр

қабылдады. Мұхамметтің таңғажайып жеңісі арабтарға бірнеше ғасыр бой-ына жап-жақсы қызмет етіп келген бұрынғы мәжусилік сенімдерінің ендігі заманда пайдаға аспайтынын анық көрсетті. Аллаға деген сенім барлық дамыған дінге тән кісінің басқаға жаны ашу сезімінтудырды. Әлеуметтік теңдік пен бауырластық сезіміоның ең өзекті қасиеті саналды. Бұлжымас әділдік принципі әлі күнге дейін ислам идеалының негізгі сипаты болып тұр. Мұхаммедтің көзі тірісінде бұл идеалдың ішіне ер мен әйелдің тең құқығы да кірген еді. Қазір Батыс жұртында исламды бейне бір әйел затын бұрыннан жек көретін дін сияқты сипаттайтын көзқарасорныққан. Бірақ Алланың діні де христиандық сияқтыәуелде әйел затына жайлы қараған. Исламға дейінгі жәһилет (надандық) дәуірінде «Кіндік кезеңге» дейінсалтанат құрған әйелдерге деген теріс көзқарастыңтамыры Арабияда тереңге кеткен еді. Мысалы көп әйел алу кең тараған болатын. Тұрмысқа шыққан қыздың өзі әкесінің үйінде тұра беретін. Ақсүйек әйелдерде ғана біраз бедел мен билік болды. Мысалы Мұхаммедтің әйелі Хадиша саудасы дөңгелеген кәсіпкер еді. Бірақ ол кезде көп әйел күңнің дәрежесінде күн кешетін. Олар-дың не саяси, не адами құқықтары болмады. Қала берді қыз баланы нәресте кезінде өлтіру қалыпты ғұрыпсаналды. Мұхаммедтің ізінен ең бірінші ергендердіңішінде әйелдер де болды. Ер мен әйелдің құқықтарынтеңестіру пайғамбардың арманы еді. Бөбектерді өлтіруге Құран сөзі қатаң тыйым салды және қыз бала туылғанда бұлқан-талқан болатын арабтарды сөкті. Одан бөлек ажырасу мен мирас бөлісуде әйелдердің заңды құқықтарын орнықтырды. ХІХ ғасырдың аяғына дейінмұндай теңдік Батыс әйелдерінің түсіне де кірмеген еді.Мұхаммед үмбет ісін қалыпқа келтіруде әйелдердің белсенді болуын жігерлендірді сыйлады. Әйелдер ой-пікір ұсыныстарының жерде қалмайтынына сенімдіболғандықтан пікірлерін ашық айтатын дәре-жеге жетті.Бірде мынадай оқиға болады. Мәдинадағы әйелдерпайғамбарға келіп

«Құран игеруде ерлер бізден озып кетті. Мүмкін болса,қыз-келіншек-терге арнап Құраннан арнайы сабақ өтсеңіз. Біз де оқуда оларды қуып жет-сек» деп өтініш жасаған. Пайғамбар бұл өтінішті орындады. «Неліктен Құран тек ерлерге қарата сөйлейді? Біз де Құдайға бағынып тұрмыз ғой?» деген сұрақты әйелдер жиі қоятын. Нәтижесінде әйел мен ердің ар-намыс және рухани мәселеде тең құқықтығы туралы уахи енді. Содан бастап Құран тікелей әйел жұртына жиірек тіл қататын болды. Мұндай құбылыс еврейлер мен христиандардыңкиелі жазбаларында сирек кездесетін. Өкінішке қарай,христиандар сияқты исламда да еркектер дінді өздеріне бейімдеп, жекешелендіріп алды. Олар Құран мәтіндерін мұсылман әйелінің теңдігін жоққа шығаратын жолдармен тәпсірлеп тастады. Құран бүкіл әйелге жаппай бетіңді бүркеп жүр деп бұйырмаған. Ондай аят Мұхаммедтің әйелдеріне ғана қатысты енген еді. Бұл олардың ерекше мәртебесін айқын-дап тұру үшін керек болған. Алайда ислам діні әлемдік өркениеттен орын алып, іргесі бекіген соң бұл дәстүрді бүкіл әлемгетаратты. Соның кесірі-нен әйелдер екінші дәрежедегіадамға айналып шыға келді. Арабтар әйелдердің бет-әлпетін бүркеп, гаремдерге қамап қоюды парсы жұрты мен христиандық Византиядан «жұқтырған» еді. Ол жақта әйелдер ежелден- ақ теңдік көрмей оранып, қамалып, тапталып жататын. Аббасидтер династиясы дүрілдеген дәуірде (750-1258) әйелдерінің жағдайыхристиан мен еврей қауымындағы қыз- келіншектердіңхәліндей өте мүшкіл болатын. Қазіргі кезде мұсылманфеминистері еркектерін Құранның ілкідегі рухани өсиеті-не оралуға үндеп жатыр. Осының өзі барлық дін сияқты, исламды да түрлі жолмен тәпсірлеуге болады дегенді тағы бір еске салады. Сондықтан да уақыт өтекеле исламның ішінен түрлі ағымдар мен бағыттарбөлініп шықты. Олардың ең біріншісі пайғамбардың күтпеген өлімінен соң билік үшін басталған текетіреседі. (Сүннилер мен шииттер) Көпшілік дауыспенМұхаммедтің ең жақын досы

Әбу Бәкір ең бірінші халиф болып сайланды. Бірақ біреулері пайғамбардың туысы әрі күйеу баласы Әбу Тәліптің ұлы Әлиді халиф тағында көргісі кел-ген. Әли Әбу Бәкірдің билігін мойындады. Бірақ Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб, Осман ибн Аффан есімді алғашқы үш халифтің саясатына наразы болған кей мұсылмандар Әлиге деген адалдығын іштей сақтап жүрді. 656 жылы Әли ақыры халиф болып сайланды. Шииттер кейін уақыт өте келе Әлиді үм-беттің көсемі, бірінші имам деп танитын болды. Сүннилер мен шииттердің екігежарылуы доктриналық емес саяи тұрғыдан басталды.Осының өзі сая-саттың мұсылмандардың Құдай туралытүсінігі мен діндерінде қаншалықты маңызды орыналғандығын тағы бір көрсетіп берді. Шиит-и-Әли «Әли-дің партиясы» үмбеттің ішінде азшылық боп қалды. Ендіолар қарсылық ретінде өздерінің діни парыздары туралытүсініктерін айшықтауға кірісті. Шииттер Мұхаммедтің немересі Әлидің ұлы Хусейінді қайғылы өлімін өз-деріне символ етіп алды. Әли қаза тапқан соң Хусейнхалифатты билеген Омейядтар әулетінің билігін мойындамай қойған еді. 680 жылы халиф Йа-зид Куфақаласының жанындағы Кербаланың шөлінде Хусейінніңқасына ерген шағын әскерімен қырып жіберді. Сол шайқаста пайғамбардың неме-ресі де опат болды. Йазидтің мына қанды қырғыны бүкіл мұсылман жұртын шошытты. Осыдан бастап Хусейн шииттер үшін керек кезінде тирандарға қарсы қайтпай күресудің нағыз қаһарман үлгісі боп мәңгіге қалды. Бұл ке-зеңде мұсылмандар өздерінің империясын құра бастаған еді. Алғашқы ха- лифтерді сол кезде қуаты қайтып, шөгіпбара жатқан Парсы және Византия империясының қарамағындағы араб тайпаларына исламды тарату мәселе-сі алаңдатқан еді. Оммейядтар династиясыкезінде халифаттың шекара-сын Азия мен СолтүстікАфрикаға дейін кеңітті. Бірақ бұл кезде исламның бұлайша қанат жаюына шабыт берген дін емес,арабтардың империялық пиғылы болатын. Жаңа империя құрамына ешкімді зорлап исламға кіргізген жоқ. Шын-дығында Мұхаммед дүниеден озған соңғы ғасырда басқаларды исламға кіргізуді ешкім қошкөрмеді. Ал 700 жылдар шамасында тіпті басқаны ис-ламға кіргізуге заңмен тыйым салды. Мұсылмандар иудаизмнің Йақұбтың ұрпағына ғана нәсіп болғанысияқты, ислам да арабтарға ғана бұйырған дін дептүсінетін.

«Кітап иелері» (әһлі-китаб) саналғандықтан яхудилермен христиандарға өз діндерін ұстанып жүре беруге рұқсат етті және азшылық ретінде қорғалатын зимми деген мәртебе берді. Ал Аббасидтер кезінде ха-лифтер басқа жұрттың исламға өтуін қош көрді. Сол кезде семит және ари тайпалары исламды қуана-қуана қабылдады. Ғайса пайғамбардың қорлық тартып өлім құшуыхристиандықтың қалыптасуына қаншалықты рөл ойна-са, Исламның да осылайша сәтті дамуы оның қалыптасуына тура сондай дәрежеде ықпал етті. Осыдүниедегі жетістігіне жете қуанбайтын христи-андарменсалыстырғанда мұсылманның жеке діни өмірі үшінсаясат жат саналмайтын. Мұсылмандар өздерінҚұдайдың қалауына сәйкес әділетті қоғам құруға міндеттіміз деп білді. Сол себепті де үмбетке ерекшеқасиет-ті сипат дарытуға тырысты. Үмбет дегенадамзатты әділетсіздік пен езгіден құтқаруға арналған және Құдайдың өзі үмбеттің сондай әрекетіне шапаға-тын төгіп тұрушы қасиетті «белгідей» қарайды.Үмбеттің саяси қабілетінің мықты болуы мұсылманның жеке рухани өмірі үшін де өте маңызды. Мыса-лы христиандардың дін қабылдарда теологиялық таңдау жасағаны сияқты. (Олар христиандықтың қай тармағынқабылдағаным жөн деп басын қаты-рады. Католик, протестант, методизм және баптизм) Христиандарғамұсылмандардың саяси белсенділігі қалай түсініксізкөрінсе, өздерінің шым-шытырық діни тартысқа жиі араласуы да мұсылман-дар мен еврейлерге дәл солайабсурд көрінеді. Қалай болғанда да исламның алғашқы тарихында Құдайдың заты тура-лы пікірлермұсылмандарда билік пен халифаттың саяси ахуалынақатысты алаңдаудан туды.

Христиандар үшін Исаның тұлғасы мен сипатынақатысты айтыс-тартыс қаншалықты маңызды болса,үмбетті кім басқарады және ол үшін адамның қандайқасиеті басты назарға алынуы керек деген сұрақтыңайналасындағы пікірлер ислам доктринасын негіздеуде дәл сондай маңы-зға ие болды. Рашид халифалар кезеңі (әділетті төрт халиф) аяқталған соң, мұсылмандар Мәдинадағы ат төбеліндей жауынгер жамағатқа мүлде ұқ- самайтын жаңа дәуірде өмір сүріп жатқанын түсінді.Арабтар территория-сы шапшаң кеңейіп бара жатқан империяның қожайыны боп шыға келді. Енді олардың көсемдерін дүнияуи нығметтер көбірек қызықтырған сияқты. Ақсүйектер үлде мен бүлдеге оранды.

Мұсылмандар Құран мен шариғаттың қағидаларын қатаң сақтай отырып, өз ер-кімен діни парыздарын орындауға кіріседі:Менің сүйген құлым маған жақындау үшін не істесе де Мен оған міндет етіп жүктегенпарыздарды жасамайынша, соншалықты жақын келеалмайды. Менің құлым Маған жету үшін міндеттелгенборышынан да артық нәрсені жасауға бейіл. Мен оны жақсы көріп, сүйген құлдарымның қатарына қоспайынша, ол да әрекетін тоқтатпайды. Ол Менің сүйікті құлыма айналғанда, Мен де оның естір құлағына,көретін көзіне, ұстайтын қолына, жүретін аяғынаайналамын!Яхудилер мен христиандардың Құдайысияқты Алла да трансцендентті һәм жердегі тіршіліккеда аралысып кете алатын имманентті Құдай саналады.Мұсылмандар өздерінің болмысындағы осы Құдайлық сезімдерді психотехникалық амалдар арқылы тәрбиелепөсіре алады. Олардың осы әдістері яхудилер мен христиандардың діни тәсілдеріне қатты ұқсайтын. Мұхаммедке еліктеу арқылы тақуалық жолды ұстанатын мұсылмандар типін әһлі-хадис (дәстүршілдер, традиционалистер) деп атайтын. Олар барлық адам тең деген әділдік принципін ұстанатындықтан қарапайымжұртты қатарына көптеп тарта білді. Дәстүршілдер Оммеядтар мен Аббасидтердің ас та төк шылқыған өмірін қолдаған жоқ. Бірақ шииттердің бүлікшіл так-тикасын да қоштамады. Әһлі-хадистердің пікірінше,халифтердің ерекше рухани қасиетпен дараланып тұруыміндетті емес. Халиф – бар болғаны ұйымдастырушы қарапайым әкім. Олар Құран мен сүндеттің иләһи сипаты-на ерекше мән бере отырып, әр мұсылманныңҚұдаймен тікелей байланыс орнатуына септесетін құрал ұсынды. Бірақ мұндай діндарлықтың ішінде аб көзқарасына қарсы болу сияқты сандырақ депқабылдады. Шииттер болса, ойларын христиандағытірілу көзқарасына барынша жақын сипатта дамытты. Хүсейіннің трагедиялық өлімінен кейін шииттертек Әлибин Әбу Тәліптің тегінен өрбігендер ғана үмбетке билікжүргізе алады деп мәлімдеді және исламның ішіндегі бөлек бір мәзхабқа айналды. Әли Мұхаммедтің немереінісі және күйеу баласы болғаны үшін онымен туы-стықбайланысы бар еді. Пайғамбардың перзенттерінің бәрі сәби кезінде шетінеп кеткендіктен, оның бас көтеререркек туысы Әли ғана еді. Құранда пайғамбарлар Құдайдан ұрпағына нығмет беруін жиі сұраған. Шииттербұл ұғымның аясын кеңейтіп, тек Мұхаммедтің Әлиден тараған отбасы нәсілінің (әһлі бәйт) тікелейиләһи білімге (ілім) ие екеніне сене бастады. Олар Үм-меттітек иләһи нұсқаумен ғана билейтін еді. Әлидің бірұрпағы билікті қолына алса, мұсылмандар әділетті Алтын Заманда тіршілік етер еді және үммет Құдайдың қалауына сай басқарылар еді деп сенетін. Әлидің жеке тұлғасына деген сүйіспеншілік таңғаларлық дәрежеге жет-ті. Радикалды шиит топтары Әли мен оның тегін Мұхаммедтен де жоғары қойып, оларды тіпті Құдайдайкөрді. Бұл үрдіс көркем бір иләһи нәсілден өрбігентаңдаулы отбасына қатысты антикалық Иран дәстүріне ұқсайтын. Омейядтар кезеңінің соңына қарай кейбір шииттеркемел ілімнің тек Әлидің нәсіліне нәсіп болғандығына сене бастады. Мұсылмандар үмметтіңнағыз Имамы Құдайдың назары түскен осы отбасынан

шығады деп иланды. Билік құрсын-құрмасын, мұсылмандар оның жетегіне еруге барынша мұқтаж. Әр мұсылман оны іздеп тауып, мойынсұнуға міндетті. Халифтер бұл имамдар-ды билікке қарсы оппозицияошағы ретінде көргендіктен, оларды билік-тіңдұшпанына балады. Шииттердің сөзіне қарағанда,имамдардың көбісін улап өлтірді, біразы жасырынуға мәжбүр болды. Әр имам опат болған кезде оның ілімін кейінгілер мирасқа алып қалуға тиіс еді. Таңдау олардың бір туысқанына түсіп отырды. Біртіндеп имамдардыиләһи күштің аватарына(бейне) балай бастады. Олардың әрқайсысы Құдайының дүниедегі болмы-сының айғағы (хужжат) еді және жасырын түрде адам бойында иләһи қа-сиетті тірілтеді. Оның сөздері, әмірі мен бұйрықтары Құдайдан келеді. Хри-стиандардың Исаны адамдарды Құдайға бастайтын Жол, Хақиқат және Нұр деп санайтыны сияқты шииттерда имамдарға Құдайдың қақпасы (баб), жол (сәбил) және әр ұрпақтың көсемі ретінде құрмет көрсетеді. Шииттік әр ағым осы Құдайлық тізбекті өздерінше жалғады. Мәселен, он екіимам шиитлары Әлидің Хүсейіннен тарайтын он екі немересін қабыл-дады. 939 жылы соңғы немере имамжасырынып, жоғалып кетті. Кіндігінен өрбіген перзентіқалмағандықтан, одан тарайтын тізбек тоқтады. Жетілікдеген атпен танылған Исмаилиттер осы имамдардың жетінші буынының соңғы имам екендігіне сенді. Он екіимам шиитлары арасында мәсіхшіл бір түсінік туды. Онекінші немесе Ғайып Имамның

«Алтын Заман» орнату үшін қайта келетіндігі сенімі тарады. Бұлар ашықтан-ашық қауіпті ойлар еді. Ол тек саяси тұрғыдан ғана қауіпті емес еді. Сонымен бірге дөрекі, қарабайыр жорамалдардың да көбеюіне жол ашты. Кейбір шектен шыққан шииттерба-тини (ішкісезім) жолды дамытып, Құранның символдық тәпсіріне мән бере бастады. Бұл туралы келесі тарауда сөз болады.Шииттердің сенім жүйесі басқа мұсылмандарғақарағанда шым-шытырық сипатымен ерекшеленетін. Мұсылмандар олардың қайта тірілу қағидасын қисынсыз бір сандырақ деп санады. Шииттер көбінесе ақсүйектер табы мен зиялылар арасынан шықты. Ирандағытөңкерістен кейін Батыс жұрты шиитларды Исламныңескіден келе жатқан радикал мәзхабы ретінде қабылдайды, бірақ бұл тұжырым-ның өзі дұрыс емес. Шииттік софистикалық дәстүрге жатады. Шындығында шииттердің Құранды ақылға сүйеніп (рационалдық)тәпсірлеуге тырысқан мұсылмандармен бірнеше ортақтұстары бар еді. Мутазила деген атпен та-нылған бұл топ бөлек мәзхаб қалыптастырды. Олардың саясикөзқарастары барынша қатаңдығымен ерекшеленді.Шииттер сияқты, Мутазила да сарай-дың салтанатты өмірін өткір сынады және билік жүйесіне қарсы жиі- жиі саяси наразылық танытып отырды. Құдайдың адам ісіне жөн сілтеуі мәселесінде саяси түйткілдер теоло-гиялық тартыс тудырды. Омейядтардың қолдаушылары еш шімірікпей, Исламға сай келмейтін мінез-құлықтың өз міні емес екендігін, Құдайдың өздерін солайжаратқандығын алға тартатын. Құран Құдайдың әр нәрсеге күші жететінін және әр жерде әзір әрі нәзір (көруші) екендігін жиі-жиі тілге тиек етеді. Бірнеше мәтін билеушілердің билікке қатысты көзқарастарынқорғау үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ Құрандағытабанды тұжырымдар адамның жауапкершілігі мәселесінде де көрініс табады:

«Шындығында адамдар өздерін өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді». Жүйені сынап келгендер соңында ерік-қалау мен ахлақи жауапкершіліктің мәніне тоқта-латын. Мутазила орта жолды ұстанып, бір мәселеде ұшқары кетуден тарты-нып отырды (и’тазабу, аулақтұру). Адамның ахлақи қасиетін қолдау үшін қалау еркіндігін қорғап шықты. Құдайдың қарапайым, жаңсақ-дұрыс сияқты пенделік ұғымдардан пәк екендігінеиланған мұсылмандар Оның әділетіне шек келтірген сияқты болар еді. Бүкіл жалаң ережелерді бұзып, олардан арылған Құдай қатыгез билеуші кейпінде тек бір жыртқыш болуы мүмкін еді. Шииттер сияқты, Мутазилада әділеттің Құдайдың мәйегі екендігін алға тартады. Ол



ақылға кереғар құбылысты қабыл етпейтін-ді. Мутазилаағымы адам өз тағдырын өзі жасап, өзі жаратады деген көзқа-расқа бекіген. Олардың осы мәндес ойлары Құдайдың Құдіретті Жаратқан (қадир-и мұтлақ) сипатына қайшы келеді. Яғни дәстүрлі ағымдардыңтүсіні-гіне теріс түседі. Дәстүршілер Мутазиланың Құдайды тек ақылдың күшімен тануға болады деген ойынан және Оған толығымен адамдық сипаттардыбергенінен тіксініп қалды. Олар Құдайдың затына ақыл жетпейді деген түсінікті орнықтыру үшін тағдыр алдын-ала жазылып қойған деген қағида-ны қабылдады. Егер Оны танып-білдік десек, бұл ойдың өзі Құдай емес, жайбір адамның түсінігі ретінде қалады. Құдай адамдардыңқарабайыр дұрыс-бұрыс деген ұғымдарынан пәк. Оныбіздің өлшеміміз бен тұжырымдары-мыз арқылы танумүмкін емес. Бір әрекеттің жаман не жөнсіз екенін ада-ми қасиеттердің артықшылығы арқылы аңғараалмаймыз. Оны Құдайдың жазмышы ретінде бағалау жеткілікті. Мутазила адамдық идеалға айналған әділетті Құдайдың мәйегі деп танытқан сәтте ағаттыққа ұрынды.Христи-андарды да толғандырған тағдыр мен қалау еркіндігі мәселесі адами си-патпен көмкерілген Құдай идеясына келгенде қиындай түсті. Брахман си-яқты,адамдық сипаттан ада Құдай ой жетпейтін иләһиболмыстың пердесі сияқты көрінетін «жақсы» және «жаман» ұғымдарынан ұзақ тұруы мүмкін. Бірақжасырын түрде адами сипатқа енген және адамзаттарихында ықпал-ды рөл атқарған Құдай келе-келесынға ұшырай бастады. Мұндай «Құдайды әдеттегідентыс қатыгез билеуші немесе тергеуші етіп көрсету және оның біздің қалауымызды орындауын күту өте оңай. «Құдайды кісілік көзқарасы-мызға сай консерваторға немесе социалистке, нәсілші немесе төңкерісшігеайналдыра аламыз. Бұл қауіп кейбіреулерді адамисипатқа ие Құдайға дін-нен тыс құбылыс ретінде қарауға алып келді. Өйткені мұндай көзқарас бізді соқыр сеніміміздің құрбаны қылады және біздің адамдық ойларымызды тереңдете түседі. Дәстүршілдер бұл қауіптен сақтану үшін әрі яхудилер, әрі христиандардаескіден бері келе жатқан Құдайдың заты мен әрекетіарасындағы айырым-ды қолға алды. Бұлсипаттамалардың кейбірі тылсым Құдайды әлеммен бай-ланыстыруға жарады. Ал Құранда билік, білім, қалау, есту, көру және сөйлесу сияқты сипаттардың Аллаға тәнекендігі айтылған. Дәстүршілдер бұлардың Құран сияқты жаратылмағандығын, ежелден бері Оның сипаттары екенін алға тартты. Бұлар Құдайының танылмаған, әрқашан біздің түсінігімізден тыс қалған затынан бөлек сипаттар. Яхудилердің «Құдай - Дана болмыс» не-месе «Тәурат дүние жаратылмай тұрып Құдаймен бірге бар еді» деп ойлаға-ны сияқтымұсылмандар да осы кезде Құдайының адами сипаттарымәсе-лесінде Оның толықтай адам ақылына сыймайтындығы туралы көзқарасты жетілдіріп жатыр еді. Халиф әл-Мамун (813-832) Мутазила жағынашығып, олардың көзқарастарын Исламның ресмикөзқарасына айналдыруға тал-пынбаса, бұл ойлар тек бір шоғыр адамға әсер еткен болар еді. Бірақ Ха-лиф Мутазила көзқарасын қабылдату үшін Дәстүршілдерді қыспаққа алған соң, қарапайым кісілер мұндай Исламға жат әрекеттен қорқа бастады. Ах-мад ибн Ханбал (780-855) әл-Мамунның қыспағынан әзер құтылды. Ол ке-меңгер Дәстүршіл әрі халық қаһарманы ретінде тарихта қалды. Тіпті өзін азаптаушылар үшін де дұға етті. Ханбалдың қасиеті мен харизмасы Халифті жекпе-жеккешақырған кезде көрінді. Оның «Құран жаратылмаған»қағида-сы Мутазиланың шектен тыс ақылшылдығынақарсы халық наразылығының құпия сөзіне айналды. ИбнХанбал Құдайы туралы қандай да бір рационалдық тартысқа түсу-ден бас тартты. Осылайша байсалды Мутазила әл-Хуайан әл- Қарибиси (ө. 859)«шындығында Құран Құдайдың сөзі ретіндежаратылмаған, бірақ адам

239оқыған кезде жаратылған қыры пайда болады» депбітімге шақырған көзқа-рас ұсынғанда, Ибн Ханбал бұлпікірді де жоққа шығарды. Әл-Қарибиси өз көзқарасынжетілдіруге дайын еді. Ол «Құран араб тілінде жазылдыжәне оқылды. Егер бұл тіл Құдайдың ежелдегі сөзінің бөлшегі болса, онда Құран жаратылмаған» деген көзқарасты алға тартты. Ибн Ханбал бұл ойды да іскеалғысыз етіп тастады. Өйткені мұндай рационалды таныммен Құранның түп-төркіні жайлы ой толғау қауіпті. Рационалды тәсіл ақылға сыймайтын Құдайдытанып-білуге жарамайды. Ол Мутазила Құдайды бүкілжасырын сипаттарынан арылтып, Оны ешқандай діни мәні қалмаған дерексіз фор-мулаға айналдырды деп кінә тақты. Ибн Ханбал Құранның Құдайдың осы әлемдегі іс-әрекетін сипаттағанда немесе «сөйлегенін»,«көргенін», «тағын-да отырғанын» түсіндірген кезде не антропологиялық терминдермен ай-тылғанда, осы сөздер тілдік мәнінде (била кәйф) қолданылуы қажет деген пікірінде табандап тұрып қалды. Бәлкім, оны Афанасий сияқты радикал хри-стианға ұқсайды деуге болатын шығар. Өйткені Афанасий де тірілу қағида- сын түсіндіру кезінде рационалистік бұрмалауларға қарсы тұрды. Ибн Хан-бал Құдайдың болмысын қисын менұғым арқылы ұғыну, Құдайдың затына ой жетпейді дегенұстанымнан ауытқыған жоқ. Дегенмен, Құранда әрдайым білу мен ұғудың маңызы жиі айтылатын-дықтан, Ибн Ханбалдың көзқарасы қарабайырлау көрінеді. Бірқатар мұсыл- мандар оның ойларын теріс және кедергі қоюшы деп тапты. Әбу әл-Хасан ибн Исмаил әл- Ашари (878-941) да бітімге келуге шақырды. Әшари Мута-зила болып жүргенде түсіндеПайғамбардың оған Хадиспен айналыс деп бұйырғанын көріп, Дәстүршіл болған. Сөйтіп Мутазила Исламның бәлесі деп пәтуа шығарды. Содан кейін тағы бір түс көрді. Мұхаммед оған ренжіген сыңай танытып, «Менсаған ақылшы көзқарастан бас тарт демеп пе едім, текхадистің шындығын негізде деп едім ғой» деді301.Осыдан кейін Әша-ри Ибн Ханбалдың агностикалық(танылмайтын) ұстанымын қорғау үшін Мутазиланыңрационалистік тәсілін қолданды. Мутазила Құдайдың уахила-рын ақылмен қамту мүмкін десе, ӘшариҚұдайдың біздің ұғымымыздан тыс екендігін дәлелдеуүшін ақыл мен қисынды қолданды.Мутазила Құдайды жүйелі бірақ жансыз концепциямен түсіндіруге ойысса,Әшари Оның (Алла) ақылға қонымсыз қайшылығынақарамастан, Құрандағы кәміл Құдайға қайтуды мақсаттұтты. Ол Дионисий Ареопагит секілді, қайшылықадамдар-дың Құдайға деген құрметін күйшейтеді деп сенді. Әшари Құдайды кез келген адамнан туатынидеялар секілді талқылап немесе талдап отыратынабстрактілі таным деңгейіне түсіруден бас тартты. Білу, билік ету, бар болу секілді тағы да басқа иләһи сипаттар – ғасырлардан бері Құдайға тән боп келген анық ақиқаттар болатын. Алайда бұл сипаттар Құдайдың затынан бөлек еді, өйткені Құдай затында жалғыз және күрделі емес, ешнәрсеге ұқ-самайтын. Күрделі бір болмыс ретінде түсінілмейтін, қарапайымның нақ өзі:Оның көптеген сипаттарын жеке жеке алып немесеОның затын бөлшектеп талдап, анықтама беру мүмкін емес. Әшари бұл парадоксты шешуге деген талпыныстың бәрінен бас тартатын. Ақыры Құранда Алла өзінің «тағында отырады» деп айтылды да, мінсіз-пәк рухтың «отыруын» елестете алмасақ та мұны бұлжымайтын факт ретінде қабылдауға тура келеді. Әшари мақсатты обскурантизм мен шектен шыққан рационализм ара-сынан орта жол табуға тырысты. Мәтіншілдердің кейбіреуі тіпті Алланың физикалық бейнесі бар деп сенді, өйткені Құранда турашылдар Құдайды жоғарыда көреді, делінген-тін. Хишам ибнХаким қатты кеткені соншалықты: Алланың белгілі, ұзын, кең әрі жоғары, бар бағытта теңдей үлкен, нұр шашқан, үш түрлі өлшемде де үлкен, мекеннен тысқары мекенде, таза ме-талл құймасы секілді, бар қырымен інжу секілді жарқыраған, түс, дәм, иіс және сипап сезударыған денесі бар . Кейбір шииттік топтар бұлкөзқарастарды қабыл алды, өйткені

имамдар-да Құдайлық инкарнация бар деп сенетін.Мутазила, мысалы, Құрандағы

«Алланың қолы» жайлы айтылғанды аллегориялық жолмен ауыспалы мағы-нада Оның (Алла) шексізжомарттығы немесе кеңдігі деп түсіну керек дептабандылық танытты. Әшари, адамдар Құдайы жайлытек қана символдық тілмен сөйлей алады дегенҚұрандағы аргументтерге сүйене отырып, мәтін-шілдердің жорамалдарын қабыл алмады. Сонымен қатар рационалды ұста-нымды тұтасымен жоққа шығаратын дәстүршілдермен (традиционалист) де келіспейтін. Оның басты аргументі мынау еді: Мұхаммед мұндайпробле-малармен бетпе-бет келмеді, егер бетпе-бет келгенде мұсылмандарға жол көрсетер еді, ақыры мұндай шешім қалдырмаған екен, Құдай жайлы ақиқат танымға қол жеткізу үшін барша мұсылмандар аналогия (қиияс) арқылы пайымдаулары қажет.Әшари табандытүрде ымыраға жеткізетін позицияны таңдады. Ол Құран-ды мәңгі және жаратылмаған Құдайы Сөзі екенін дәлелдемек болып тек қағаз, сия және дыбыстары жаратылған деді. Әшари Мутазиланың адам-ның еркі жайлы доктринасын сынға алды. Оның ойынша, текҚұдай ғана адам әрекеттерінің барлығының «жаратушысы» бола алады. Бір жағынан олдәстүршілдердің адам өзін құтқаруда ешқандай да рөл ойнамайды деген көзқарастарын жоққа шығарды.Әйткенмен Әшаридің ұсынған шешімі қай-шылықтыкөрінді: Құдай адамның бар әрекетін жаратады, әйтсе деадамға әрекетіне сәйкес сый мен жазаны иеленугемүмкіндік береді.Біраққалай болғанда даИбн Ханбалменсалыстырғанда Әшари

«Құдай» деп аталатын танып білу мүмкін емес, тылсымАқиқатты құрғақ пайымның қалыбына са-лып түсінуге тырысуды қате десе де, түрлі сұрақтардың соңына түсіп, көп- теген метафизикалық проблемалардың шешімінтабуға талпынды.Әша-ри кәлам (сөзбе сөз: «сөз» немесе «сөйлесу») деп аталатын мұсылмандық дәстүрдің негізін қалады. Әдетте мұны «теология» деп аударады.Х-ХІ ға-сырларда Әшаридің ізбасарлары кәлам методологиясын дамытты. Алғашқы Әшарилер Алланың жоғары билігі жайлы қисынды түрде пайымдауға мүм-кіндік беретінметафизикалық жобасын жасауға тырысты. Әшарилікмек-тептің алғашқы атақты теологы Әбу Бакр әл-Бақыллани (1013 ж.ө.) болды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет