Семинар тақырыбы: «Интербелсенді оқыту әдістері»


Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары



бет2/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,37 Kb.
#169045
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Интербелсенді оқыту Жаканбаева

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары

Дамыған елдердің экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс жасай білетін, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын бегілеп, стратегиялық бағыттарды айқындай білетін мамандарды көптен қажет етуде. Қазақстан экономикасы да біліммен жұмыс жасай алатын, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарында дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай құзыреттіліктерді меңгруі қажет екендігін былайша көрсетуге болады:


 Қазақстандық идея мен өзінділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны үшін жауапкершілікті жүктеу дайындылығы;
 Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы;
 Проблемаларды шешуге дайын болуы;
 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтынушы деңгейінде тиімді қолдану дайындығы;
 Тұлға аралық қарым-қатынасқа ауызша және жазбаша түрде дайын болуы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);
 Әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық;
 Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық.
Міне, бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену/үйрету ісінде интербелсенді әдістерінің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық денгейлерде оқу процесі шәкірттердің өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден құралуы қажет. Таным әрекетерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуі мен үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілерлің өзара әрекеттесуін оқу/оқудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диолог арқылы үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі»форматтарында жасаған қарым-қатынас(«әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»). Интербелсенді оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға ынталы:
1) Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортағасалып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
3) үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқыту - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтежелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірнеше мезетте тек өзінің әрекеті мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Сол себепті де интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтанда интербелсенді оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтежелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Интербелсенді оқыту оқушының тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Студенттер таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибиесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
 Терең ойлау, жеке рефлексилық қабілеттерді дамыту
 Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру
 Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдапалу
 Ақпаратты жан-жақты талдау
 Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру
 Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позитция (көзқарас, дүниетаным) ұстану
 Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу ,
 Басқада балама пікірлерді ескеру
 Шешім қабылдау жіне қиын мәселелерді ешу
 Ортақ жұмысқа жұмыла білу
 Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу
 Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс асаудың рухани және моральды ережелерді қабылдау
 Білім алушы топты ұжым ретінде қабылдайды.
Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын «үйретуге» бағыттайды, шәкірттің қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі білім алушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда студенттің сабаққа «таза парақ» (tabula rasa) күйінде келіп (немесе іші қуыс ыдыс секілді), оқытушының оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысты.
Ал интербеелсенді оқыту басты назарды «үдіріске», «процеске», яғни үйренудің өзіне, студенттердің «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – студенттердің өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікір талас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі. Сол себепті де интербелсенді оқытуда үйренушілер мынандай әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:
 Бірлескен жұмыс,
 Танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту,
 Бастамашылық,
 Кері байланыс жасау,
 Проблема шешу, шешім қабылдау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет