Семинар тақырыбы: «Интербелсенді оқыту әдістері»



бет1/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,37 Kb.
#169045
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Интербелсенді оқыту Жаканбаева


Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

ЖББП пәндер кафедрасы

СЕМИНАР
Тақырыбы: «Интербелсенді оқыту әдістері»
Өткізу уақыты: «10» қараша 2022 ж.

Құрастырушылар: Насырова А.К., Жақанбаева А.А., Шалтабаева К.А.

Қарағанды -2022
Жоспар

1. Кіріспе


2. Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
3. Тарих сабағында интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары
4. Қорытынды

«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,


көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң -үйренемін!»
Конфуций


Кіріспе
Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі оқытушының шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:
- коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;
- ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді;
- командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.
Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Мақсаты: интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өткізу технологиялармен бөлісу.
Жобаның өзектілігі:
Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луы үшін өткізілетін кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет