Семинар тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде (мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары). Орындағандар: Мырзабекова Мархабат Оспан Рамазан Нұрмаханбет Азат Елмұратұлы Дәулет Тобы: 201К-химиялық инженерия «Мемлекет»


Осы теория мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және таптардың пайда болуында емес, бір тайпалардың басқаларды жаулап алуы, күш қөрсетуінде деп уа



бет3/5
Дата01.11.2022
өлшемі128,79 Kb.
#155992
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-Семинар Саясаттану
Қазіргі студенттің психологиялық портреті, СРО2-1 ааа

Осы теория мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және таптардың пайда болуында емес, бір тайпалардың басқаларды жаулап алуы, күш қөрсетуінде деп уағыздайды.

Тарихи материалистік теорияның ізін салушылар

К. Маркс, Ф. Энгельс, Морган. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіреді. Яғни, қоғамдық еңбектің бөлінуі, артық өнімнің жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы таптарға бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік.

Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет.

  • Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағын көрсетеді.
  • Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
  • Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет қызметі – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары.

Мемлекет қызметі әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет қызметін ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған:

-ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты;

-сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды.

Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет қызметін төрт топќа жіктеу танылған:

  • 1-мемлекеттің экономикалық қызметі. Оған экономиканың дүрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.
  • 2-саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан ќорғау мәселелерін шешу жатады
  • 3-мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның аұысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
  • 4-идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған қызметіне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет