ІІІ-топ Күш Бізге берілген тапсырмада,қысым ауданға тәуелді ме деген сұраққа жауап берер болсақ,әрине тәуелді.Оған мынадай мысал айтуға болады.Адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шыңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады. Алақаныңды жоғары қаратып, сол қолыңды үстелге қой. Кітапты алақаныңа қырымен қойып, оны оң қолыңмен төмен қысып бас.
Сол қолың қысымның артуын сезе ме? Енді кітапты алақанға емес, үстелге қой. Бір қолыңмен кітапты үстінен ақырын бас, екінші қолыңды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұр. Осы кезде қол қосымша қысымды сезе ме?
Міне, осы тәжірибені жасай отырып, кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана тарататынына көз жеткізуге болады.
ІІ-топ Масса:Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен – бірі қалай әрекеттесетіні бізге белгілі.Ал енді сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан – жаққа бірдей таратады.
Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Өлшем бірлігі француз ғалымының құрметіне қойылған:
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=106 Па
Сергіту сәті
2- тапсырма Есептер шығару
«Күш» тобының есептері:
№1
200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?
«Салмақ» тобының есептері:
№1
Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?
«Масса» тобының есептері:
№1
Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1, 95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.
3-тапсырма
Жалпы үш топқа тапсырма:
Шығармашылық жұмыс. Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің үстел бетіне әсер ететін қысымын анықтау
4.Кері байланыс:«Кім алғыр?» ойыны арқылы тексереміз.
5. Бағалау.Смайлик арқылы бағалау.Марапаттау.
6. Үйге тапсырма: §43, 44.
Достарыңызбен бөлісу: |