Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық угтверситеті
Тақырыбы: 3 семинар тақырып.
Орындаған;Қоңырбай Дана
Қабылдаған: Оспанова Алуа Шакирқызы
Алматы,2021ж
1. Қиялдың түрлері, ерекшеліктері.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі — түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |