Семинар тапсырмасы Фонетика және оның салалары (слайд түрінде салынды) Жаттығу



Дата13.02.2022
өлшемі24,43 Kb.
#131634
түріСеминар
Байланысты:
2-семинар тапсырмасы (1)


2-семинар тапсырмасы

  1. Фонетика және оның салалары (слайд түрінде салынды)

Жаттығу. Берілген мәтіннен фонетикаға қатысты терминдерді тауып, лингвистикалық сөздік бойынша олардың түсінігін қарап, конспектілеңіз.
... Әдетте, тілдің фонетикалық жүйесі тұрақты болады. Егер бір тілден екінші тілге белгілі бір дыбыс(фонема ене салса, ол өздігінен енбейді, сөздің құрамында қолданылып, сөздер арқылы ғана енеді... Аффрикат ц дыбысы цазац тілінің байыр- гы төл сөздерінде цолданылмайды... Бір тілдің екінші тілге тигізген фонетикалық әсерін тек цана белгілі бір дыбыстардың енуі тургысынан гана емес, сонымен бірге бул мәселені жалпы фонетикалыц жуйе мен фонетикалыц кұбылыс шеңберінде царау керек... Туркі тілдерінде екпін жылжымалы болмай, көбінесе сөздің соңгы буынына тусетіні белгілі... Тілдің әрбір сала- сының өз заңы болады. Мысалы, казақ және басца да туркі тіл- дерінде жуан дауыстыдан кейін жуан дауыстының, жіңішке дауыстыдан кейін жіңішке дауыстының келуін немесе алтай, цыргыз тілінде ерін дауыстылардан кейін міндетті турде ерін дауыстының келуі аталган тілдердің фонетикалыц заңдарының цатарына жатады. Сингармонизм заңы — басқа тілдерге карағанда, туркі тілдеріне өте-мөте тән заң...(К.Аханов. «Тіл білімінің негіздері» оқулығынан)
Жауабы: Аффрикат ( лат. affricata - жұғыскан, орыс. аффриката — шұғыл ) (үзілмелі) және ызын (сүзілмелі) дауыссыздардан жасалады, бірақ олардың жай қосындысы емес, жымдаса кірігуінен жасалған бір бүтін дыбыс. Алғашқы жартысы шұғыл басталып, соны сүзілмелі дыбыспен аяқталады. Мысалы: дыбыстарының, қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін дыбысының (джақсы — жақсы, джоқ — жоқ) сипаты осындай.
Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.

  • Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады.

  • Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.

]
Фонема вариациясы (лат. variat - өзгеру) орыс. вариация фонемы — фонемалардың қосымша варианттарының (аллофондардың) жалпы атауы. Олар негізгі вариантқа қарама-қарсы қойылып қаралады. Бұл құбылыс орыс тіліне тән.
Фонемалардың айырым белгілері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Фонемалардың айырым белгілері — фонемаларды бір-бірінен ажырататын белгілер.

  • Мысалы: т—д дыбыстарының айырым белгілері — олардың бірінің қатаң, екіншісінің ұяң екендігі, с—з дыбыстарының айырым белгілері — бірінің шұғыл, екіншісінің ызың, а—ә дыбыстарының айырым белгілері — олардың жуан-жіңішке екендігіне байланысты.

Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық (лат. differens - ажырату) белгілері деп аталады.
Фонемалардың жұптас жіктері
Фонемалардың жұптас жіктері (лат. binarius - жұп) орыс. бинарная классификация фонем — дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т. б. жұпталып жіктелуі.
Фонемалардың негізгі белгілері
Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері.

  • Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі.

Жалпы тіл білімінде Фонемалардын конститутив белгілері (лат. constitutio - орнату, анықтау) термині колданылады.
Сингармонизм (гр. συν - бірге, гр. ἁρμονία - үндесу) — үндестік заныҮндестік заңы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалық бейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосьімшалар да осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Сингармонизмнің басты касиеті, оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді.
Сингармонизмнің жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарайүндес дыбыс, үндес белгі, үндес сөз, үндес буын, үндес әуен сияқты терминдер қолданылады.

  • Ерін үндестігі (губная гармония) — сөйлеу тілінде алғашқы буындағы еріндік дауыстының әсерімен кейінгі буындардағы дауыстылардың еріндікке айналуы. Мысалы: бұрынғы — бұрұңғұ, өрік — өрүк, күрек — күрөк, көлеңке — көлөңкө. Жалпы тіл білімінде "лабиалды сингармонизм" терминімен аталады.

  • Езу үндестігі (гармония негубных) — тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстардың бірынғайласуы: даладағылар, кемедегілер, ақындық.

Сингармонизм қалыбы — сингармонизм бойынша сөздердің не біркелкі жуан, не біркелкі жінішке болып айтылу қалыбы. Мұндай қалып сөздердің басым көпшілігіне тән.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет