ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
2 деңгейлі СМЖ құжаты
|
Құжатталған рәсім
|
042.17-52.18-65/02-2016
|
«Молекулалық физика» пәнінің оқу бағдарламасы
|
№ 1 басылым
09.06.2016 ж.
|
Міндетті компоненттің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Молекулалық физика
5В072300 «Техникалық физика»
Кафедра физика
Курс 2
Кредиттер саны - 3
Барлық сағат - 135
Дәрістер - 15
Семинар (тәжірибелік) сабақтар - 15
Зертханалық сабақтар -15
БӨЖ – 90
Емтихан - 2 семестр
Семей 2016 ж.
Алғысөз
1 КЕЛІСІЛДІ
Құрастырушы
аға оқытушы
Рахимбердина А.Т. _____________ 02.06. 2016 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра отырысында
Хаттама № 11, 09. 06. 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі: Маусымбаев С.С.______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында _____________
Хаттама №5, 08. 06. 2016 жыл,.
Төраға: Абдишева З.В ______________
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама № 6, 09. 06. 2016 жыл
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор:
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
МАЗМҰНЫ
Түсіндірме жазба
Кіріспе
Пәннің негізгі бөлімдері
Семинар сабақтардың тақырыбының тізімі
Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізім
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
1.1. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Молекулалық физика және термодинамика» пәні бакалаврларды дайындау барысында маңызды орын алады және 5В072300 «Техникалық физика» мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар үшін міндетті компонент блогының базалық пәндерге жатады.
1.2 Пәнді оқытудың мақсаты
- молекулалық физика пәнінің мақсаттары, зерттеу әдістері, термодинамикалық параметрлер, идеал газ ұғымы және идеал газ, Дальтон, Паскаль заңдары, барометрлік формула, флуктуация, статистикалық ансамбль, Максвелл, Больцман үлестірілулері туралы мағлұматтар алады.
- термодинамика негіздері, қайтымды және қайтымсыз процестер, жылу сиымдылық, циклдер, екінші реттік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мұмкін еместігі, жылу машиналары, энтропия ұғымдарымен кеңірек танысып, практикалық машықтар алады.
- нақты газдар, сұйықтар, қатты денелер, тасымалдау құбылыстары, фазалық ауысулар толығымен қарастырылады.
1.3 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеттері
- пәнді физикалық эксперимент пен практикалық тәжірибе нәтижелеріне негізделген физикалық теория ретінде көрсетіп, өте көп бөлшектен құралған жүйенің өзіндік ерекшеліктерін молекулалық физиканың заңдарының статистикалық сипатымен таныстыру.
- Молекулалық физиканың мәселелерін шешетін әдістер туралы қазіргі көзқарастарға сай жеткілікті мәліметтер беру және олар физикалық денелердің құрамындағы бөлшектердің қозғалысы мен өзара әрекеттесуісен байланысты болатынын көрсету.
- Қозғалыстың молекулалық түрінің экологияда маңыздылығын және экожүйелерді зерттеу үшін молекулалық физиканың әдістерін қолдануға болатынын көрсету.
1.4 Оқып-білудің нәтижелері:
Білу:
Молекулалық физиканың мәселелерін шешетін әдістер туралы қазіргі көзқарастарға сай жеткілікті мәліметтер беру және олар физикалық денелердің құрамындағы бөлшектердің қозғалысы мен өзара әрекеттесуісен байланысты болатынын көрсету.
- Қозғалыстың молекулалық түрінің экологияда маңыздылығын және экожүйелерді зерттеу үшін молекулалық физиканың әдістерін қолдануға болатынын көрсету.
Біліктілігі:
- ғылыми-зерттеулерді және орта оқу орындарында білім беру процесін ұйымдастыруға дағдылануы қажет;
Дағдысы:
- молекулалық физиканың негізгі заңдарын, тепе-теңдік термодинамиканың негіздерін, әртүрлі процестердегі кейбір физикалық параметрлердің өзгерісін туғызатын екінші параметрлердің өзгеріс заңдылықтарын және молекулалық физикада қолданатын математикалық аппаратты білуі қажет;
- элементар бөлшектер мен Әлем дүниесінің әртүрлі реттелу деңгейлеріндегі табиғаттың объектілерінің (нысандарының) құрылымы мен қасиеттерін зерттеу үшін молекулалық физика заңдарын қолдануы қажет;
Құзыретті болуы:
- ұйымдардағы адамдарды басқару іс-әрекеті ретінде менеджмент туралы түсінігі болуы қажет;
- өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыруды білуі қажет.
Пререквизиттер: механика, математикалық анализ;
Постреквизитер: Электр және магнетизм, Оптика, Атомдық физика, Электродинамика.
2. Кіріспе
«Молекулалық физика және термодинамика» пәні физиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Осы пәннен меңгерген білімдері кейіннен физиканың басқа бөлімдерін оқығанда толық түсіну мен меңгерулеріне көмектеседі. «Молекулалық физика және термодинамика» да пәнінің қысқаша мазмұны мынадай: Тепе-теңдік макропараметрлері. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелдік үлестірілуі.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер. Тасымалдау процестері. Фазалық ауысулар.
3. Пәннің негізгі бөлімдері
3.1. МОДУЛЬ 1 «Молекула-кинетикалық теория негіздері. Идеал газ»
3.1.1. Молекулалық физика және термодинамика пәні. Зат құрылымының молекула-кинетикалық теориясының негізі. Атомдар мен молекулалардың массасы. Зат мөлшері. Термодинамикалық жүйелер мен параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдіксіз процестер.
3.1.2. Молекула-кинетикалық теория. Идеал газ. Газ қысымы. Температура. Қысым мен температураны өлшеу әдістері, өлшемдері және өлшеу бірліктері. Идеал газ күйінің теңдеуі. Идеал газдың заңдары. Молекулалардың орташа энергиясы. Температураның молекула-кинетикалық мағынасы.
3.1.3.Статистикалық үлестірілу. Микроско-пиялық параметрлер. Флуктуацияның ықтималдылығы. Кездейсоқ шаманың үлестірілу функциясы туралы ұғым. Ықтималдық тығыздығы. Нормалау шарты. Максвелл үлестірілуінің функциясы.
3.1.4 Газ молекулаларының жылулық қозғалысының сипаттамалық жылдамдық-тары. Барометрлік формула. Больцман үлестірілуі.
3.2 МОДУЛЬ 2 «Термодинамика негіздері»
3.2.1.Термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясы. Молекуланың еркіндік дәрежелерінің саны. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мағынасы.
|
3.2.2.Жылусыйымдылық. Идеал газдың жылусыйымдылығының классикалық теориясы. Жылу сыйымдылықтың кванттық теориясы туралы ұғым. Изопараметрлік процестердің күйін сипаттау үшін термодинамиканың бірінші бастамасы мен идеал газ күйінің теңдеуін қолдану.
|
3.2.3.Изопроцестер. Әртүрлі процестердегі идеал газдың жұмысы. Адиабаттық процесс. Политроптық процесс.
|
3.2.4.Термодинамиканың екінші бастамасы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Дөңгелек процестер. Дөңгелек процесс кезіндегі жұмыс. Карно циклі. Тоңазытқыш қондырғы мен қыздырғыш. Жылулық машиналардың пайдалы әсер коэффициенті. Карно теоремалары. Клаузиус теңсіздігі.
|
3.2.5.Энтропия. Идеал газдың энтропиясы. Энтропияның физикалық мағынасы. Энтропия және қайтымсыздық. Энтропия мен ықтималдық. Тұйық жүйеде энтропияның өсу заңы. Қайтымсыз процестерде энтропияның өзгеруі. Изотер-миялық процестерде энтропияның өзгеруі.
|
3.2.6. Тасымалдау құбылыстары. Соқтығысулардың орташа саны мен молекулалардың еркін жолының орташа ұзындығы. Газдағы диффузия. Жылуөткізгіштік. Ішкі үйкеліс (тұтқырлық). Газдағы тасымалдаудың жалпы теңдеуі. Тасымалдау процестерін зерттеудің эксперименттік әдістері. Сиретілген газдағы физикалық құбылыстар.
|
3.3. МОДУЛЬ 3 «Нақты газдар. Сұйықтықтар. Қатты денелер»
3.3.1.Нақты газдар. Нақты газ қасиеттерінің идеал газ қасиеттерінен ауытқуы. Эксперименттік изотермдер. Газ-сұйықтық күйінің фазалық диаграммасы. Идеал емес газдардың күй теңдеулері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары.
|
3.3.2. Метатұрақты «орнықсыз) күйлер. Сындық температура. Сындық күй. Нақты газдың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Төмен және аса төмен температураларды алу.
|
3.3.3.Сұйықтықтың қасиеттері. Сұйықтықтың құрылымы. Жақын және алыс реті. Сұйықтықтағы тасымалдау құбылыстары-ның ерекшеліктері. Сұйықтықтың беттік қабатының қасиеті. Беттік керілу. Сұйықтық пен қатты дене шекарасындағы құбылыстар. Жұғу. Капиллярлық құбылыстар.
|
3.3.4. Заттардың кристалдық және аморфтық күйлері. Кристалдар симметриясының элементтері. Кристалдар классификациясы және кристаллографиялық жүйелер. Элементар ұяшық. Браве торы.
|
3.3.5. Қатты денелердің жылусыйымдылығы. Жылусыйымдылықтың классикалық теориясы. Дюлонг және Пти заңы. Қатты денелердің жылусыйымдылығының кванттық теориясы. Сұйық кристалдар.
|
4. Семинар сабақтарының тақырыптарының тізімі
1.Атом мен молекулалардың массасын есептеу.
2.Газ заңдары. Менделеев-Клапейрон теңдеуі
3. Максвелл үлестірілу»
4. Больцман үлестірілуі
5. Термодинамиканың бірінші бастамасы
6. Изопараметрлік процестердің күйін сипаттау үшін термодинамиканың бірінші бастамасы мен идеал газ күйінің теңдеуін қолдану
7. Әртүрлі процестердегі идеал газдың жұмысы
8. Термодинамиканың екінші бастамасы
9. Идеал газдың энтропиясы
10. Тасымалдау құбылыстары
11. Нақты газдар
12. Нақты газдың ішкі энергиясы. Фазалық түрленулер.
13. Сұйықтықтар
14.Кристалдар классификациясы және кристаллографиялық жүйелер. Элементар ұяшық. Браве торы.
15. Қатты денелердіңң жылусыйымдылығы. Дюлонг және Пти заңы
|
5.Зертханалық сабақтардың тақырыптары
1. Ауаның меншікті жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау
2. Больцман тұрақтысын анықтау
3. Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау
4. Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін Стокс әдісі көмегімен анықтау
5.Сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы әдісімен анықтау
6. Қатты дененің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтау
7. Қатты дененің меншікті жылу сиымдылығын анықтау»
|
6. Білім алушылардың өзіндік жұмысыының тақырыптарының тізімі
БӨЖ № 1
1.Молекулалық физика мен термодинамиканың дамуының қысқаша тарихы
2. Температураның молекула-кинетикалық мағынасы.
3. Статистикалық үлестірілулер.
4. Газ молекулаларының жылулық қозғалысының сипаттамалық жылдамдықтары.
БӨЖ № 2
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мағынасы
2.Жылу сыйымдылықтың кванттық теориясы туралы ұғым.
3. Политроптық процесс
4. Циклдерді техникада қолдану
5.Изотермиялық процестерде энтропияның өзгеруі
6. Сиретілген газдағы физикалық құбылыстар
7.Нақты газ қасиеттерінің идеал газ қасиеттерінен ауытқуы
8.Метатұрақты «орнықсыз) күйлер
9. Сұйықтықтағы тасымалдау құбылыста-рының ерекшеліктері
10. Кристалдар симметриясының элементтері
11. Сұйық кристалдар
7. Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі
7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1. Матвеев А.Н. Молекулярная физика: Учеб. для физ. спец. вузов-2-е изд.,М.:Высш. Шк., 1987 – 360 с.
7.1.2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. І том. Механика, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика. Орыс тілінен аударма.- Алматы, Мектеп, 2003 -508 б.
7.1.3. Мұқышева М.Қ., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы, 1 бөлім:Механика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Семей, 2009.
7.1.4. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
7.1.5. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
7.1.6. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.
|
7.1.7. Асқарова Ә.С., Молдабекова М.С. Молекулалық физика: Оқулық. Алматы. Қазақ университеті, 2006-246 б.
7.2 Қосымша әдебиеттер
7.2.1. Румер Ю.В., Рывкин М.Ш. Термодинамика. Статистическая физика и кинетика: Учебное пособие.-Новосибирск: НГУ, 2000-608 с.
7.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.
7.2.3. Косов Н., Саметқызы Молекулалық физика. І бөлімі.-Алматы: Рауан, 1993 -104 б.
7.2.4. Косов Н., Саметқызы Молекулалық физика. ІІ бөлімі.-Алматы: Рауан, 1997 - 96 б.
7.3. Интернет-ресурстар
7.3.1. Толық курсы жалпы физика курсы http://www.ph4s.ru.
7.3.2. http://www.toehelp.ru Сайт құрамында қажетті әдебиеттерді (Кітаптар) және т. б.
7.3.3. Еркін энциклопедиясы Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия http://ru.wikipedia.
7.3.4. Электронды кітапхана жүйесі "Университеттік кітапхана - электрон коталог" www.semgu.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |