Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15



Дата10.06.2017
өлшемі144,05 Kb.
#18633
түріСеминар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042 – Х.1.ХХ / 01-20_



«Химияны оқыту әдстемесі»

Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


№ 1 басылым

09 . 06.2016 г.




Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Ф ДП 042-1.09-2016-01

Химияны оқыту әдстемесі

«5В011300 – Биология»

Кафедра _химия және география________________

Курс __________________4_______________

Кредиттер саны ________2_______________

Барлық сағат ___________90____________________

Дәрістер _______________15______________________

Семинар (тәжірибелік) сабақтар _____15_______

Зертханалық сабақтар_________________________

БӨЖ_______________________________________

Курстық жұмыс (жоба) ___________семестр

Емтихан ____7______ семестр

Семей 2016 ж

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Онтагарова Д.Р., п.ғ.к., доцент м.а. _____________« 19 » 04 2016 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «химия және география»

Хаттама «__19__» ____04____ 2016__ жыл, № 9.


Кафедра меңгерушісі Ибраева Л.С. ______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында жаратылыстану-математика

Хаттама «__11__» ___05_______ 2016___ жыл, № 5.


Төраға Абдишева З.В. _______________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды


Хаттама «__09__» ___06_______ 2016___ жыл, № _6_
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны


  1. Түсіндірме жазба

  2. Кіріспе

  3. Пәннің негізгі бөлімдері

  4. Зертхана (тәжірибелік), семинар сабақтардың тақырыбының тізімі

  5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

  6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі



  1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА:

  1. Түсіндірме хат

«Химияны оқыту әдістемесі» пәні 5В011300 - «Биология» мамандығы білім бакалавры дайындығы үшін қажетті. Аталған пән мамандықтың кәсіби дайындығының теориялық деңгейін анықтайтын жаратылыстық ғылымдар пәндері арасында маңызды орын алады.

«Химияны оқыту әдістемесі» пәнінің қысқаша мазмұны:

Химияны оқыту әдістемесі химия ғылымының, педагогиканың, психологияның, философияның, жас ерекшелік физиологиясының басты мәселесін негізге ала отырып химияның теориясы мен сарамандық жұмыстарын оқытады. Химиялық әдістеме кәсіби мұғалім дайындаудың ақырғы баспалдағы болып табылады.

Химияны оқыту әдістемесі - мұғалімдер дайындайтын университеттер мен педагогика институттарының оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бірі. Ол болашақ мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жүзінде күнделікті туындап отыратын жеке методикалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан шеше білуге әзірлейді.



Пәнді оқудың мақсаты:

Оқыту мақсаты химия мұғалімінің орта мектепте жұмыс істеуге арналған білімі мен іскерлігінің қалыптасу талабынан туындайды.



  • Мектеп химия курсына қажетті материал іріктеу,химия білімінің даму логикасы, тарихы, психолого - педагогикалық жағдайын ескеру мәселелерін қарастыру.

  • Оқушыларға химиялық ақпарат беру, оқу процесін ұйымдастыру, танымдық әрекетін басқару, сарамандық икемділікті қалыптастырып, шығрмашылық қабілетін дамыту, ғылыми көзқарас негізін қалау мәселелерін қамтамасыз етеді.

  • Орта мектептердегі химия курсының мазмұны мен ұйымдастыру принциптерін, оқулық пен бағдарлама, оқу құралдарының құрылым ерекшелігін, альтернативті оқулықтардың құрылым ерекшелігін қарастырады.

  • Оқу кабинеттерінің құрал-жабдықтармен жабдықтауларын оқу құралдары мен дидактикалық мүмкіншіліктер мен зертханалық жабдықтардың болуын талап ету және онымен жұмыс істеу әдістемесін меңгеруді қамтамасыз ету.

  • Мамандандыру бойынша әдістемелік жұмыстарды жүргізу принциптерін меңгеру.

  • Студенттерді жаңа буын мектептер мен колледжде химияны оқытудың жаңашыл әдістемелік негізімен қаруландырып, өз бетімен әдебиеттемен жұмыс істеуге, одан алған білім негізін нақты педагогикалық жағдаятта қолдана білуге дағдыландыру.

Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

Білу : маңызды әдістемелік білім жүйесін жалпыланған түрде беру, студенттерді оларды нақтылау әдістерімен қаруландыру.

Дағды: әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізу үрдісінде өз бетінше білімін толықтыру дағдысына үйрету.

Біліктілігі : мектепте білім берудің мақсатының, ғылым мен практиканың жетістіктерінің өзгеруіне, жоғарғы оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің жетілдіруіне байланысты химияны оқыту әдістемесі курсы бұрынғымен салыстырғанда біраз жаңаланып, жетілдірілген жақтарын қолдана білуі.



Пәнді оқып –үйрену нәтижесінде қалыптастырылатын білім алушының құзырлықтары:

Жалпы құзырлықтар:

  • жаратылыстану ғылымдарының оқулықтарымен жұмыс жасай білу және және барлық анықтама түрлерімен жұмыс жасай білу;

  • жазбаша және ауызша тілді ғылыми стилде анық,түсінікті құрастыра білу және қисынды, дәлелдей айта алуы;

  • оқу жоспарына сәйкес (тәрбие бағдарламасы) бағдарламаның бөлімдері мен тақырыптарының ерекшеліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жүргізе алуы.

Арнайы құзырлықтар:

  • оқу нәтижелерiн бағалаудың қазiргi құралдарын қолдана білу (қазiргi бағдарламалық өнiмдер көмегiмен компьютерде) оқу жабдығы және химияның мектеп кабинетінде бар техникалық құралдармен қоса мультимедиа жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысы;

  • өзіндік кәсiби қызметтiң нәтижелерiн талдай бiлу;



3 Пәннің мазмұны
Кіріспе. Ғылым ретінде химияны оқыту әдістемесі және оқу пәні. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері. Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқыту методикасының қалыптасуы және дамуы. Қазақстанда химияны оқыту методикасы ғылымының дамуы.

Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары. Оқушыларға химиялық орта білім берудің міндеттері. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл – ойын дамыту.



Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.

Химия курсының мазмұнын талдауға және оқытуға қойылатын талаптар.

Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері.

Химиядан алған орта білім мазмұнының келешегі туралы.



Химияны оқыту әдістері . Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдістері. Сөз – көрнекі әдістер тобы. Сөз – көрнекі сарамандық әдіс іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру. Білім мен білікті тексерудің оқу – тәрбиелік маңызы. Оқушылардың білім мен білігін тексеру әдістері мен түрлері. Ауызша сұрақ қою. Оқушылардың білімі менбілігін жазбаша тексеру. Оқушылардың білім мен дағдысын эксперименттік тексеру. Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау.

Химиядан оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Сабақ туралы түсінік. Химия сабақтарының жіктелуі. Химия сабақтарының құрамы. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. Сабақты талдау. Сабақты жоспарлау. Сабақтар жүйесін жетілдіру. Химиядан топсеруен өткізу. Химияның факультативті сабақтары.

Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру методикасы.

Химияның алғашқы ұғымдарымен таныстырудың міндеттері мен маңызы.Химия пәні. Таза зат және қоспа ұғымдары. Заттардың өзгерістері туралы алғашқы ұғымның қалыптасуы. Заттың құрылысы туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуы



Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы.

Оқу – тәрбиелік маңызы және орны. Оқу материалының орналасуы және бнрілетін білімнің көлемі. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.

Бейорганикалық қосылыстар арапсындағы генетикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымның дамуы.

Заттың құрлымы, валентілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы. Химиялық байланыс және заттың құрылымын оқып үйренудің маңызы, орны және методикалық тәсілдері.

Валенттілік ұғымның қалыптасуы және дамуы. Тотығу дәрежесі туралы ұғымның қалыптасуы. Валенттілік, тотығу дәрежесі, химиялық байланыс және заттың құрылымы ұғымдарының арасындағы өзара байланыстар.



Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.

Химиялық реакция ұғымның мазмұны. Химиялық реакция ұғымның атом – молекулалық ілім тұрғысының дамуы.электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы. Иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.



Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысыноқып үйрену методикасы.периодтық заң және атом құрлысы – мектептегі химия курсының негіздері. Оқушыларды периодтық заңды өтуге әзірлеу. Периоттық заңды қорыту. Атом құрылысытуралы берілетін мәліметтер. Периодтық жұйедегі заңдылықтарды атомқұрылысы тұрғысынан түсіндіру. Химиялық байланыс және заттың құрылысы теориялары тұрғысынан оқушылардың периодтық заң туралы білімін қорыту.

Органикалық заттарды оқып – үйрену методикасы.

Органикалық химия курысының оқу – тәрбиелік маңызы мен міндеттері.

Органикалық химия курысының мазмұны мен құрылымы. Органикалық химияны оқытудың кейбір методикалық мәселелері. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру және дамыту. Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасуы.


4. ЗЕРТХАНА (ТӘЖІРИБЕЛІК), СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ

  1. Орта мектептің химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары. Кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.


  2. Мектеп бағдарламасы мен оқулықтарды талдау.

  3. Мұғалімнің оқу жоспарлары.Сабақ жоспары мен конспектісі.

  4. «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбы негізінде мектеп оқулығы, бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырыптың мазмұны мен оқыту әдістемесімен танысу.

  5. «Ауа. Оттегі. Жану» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

  6. Химиялық есептердің түрлері.

  7. Химиялық есептердің түрлері.

  8. «Сутегі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары». тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі

  9. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Атом құрылысы.

  10. «Бейорганикалық заттардың негізгі кластары» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі

  11. Элементтер химиясын оқытудың мазмұны мен әдістемесі

  12. Органикалық қосылыстарды оқытудың мазмұны мен әдістемесі



  1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1 БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы даярлаған құжаттар.

Тапсырма 1

Қазақстан республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарттары мазмұнымен танысу.



Тапсырма 2

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы даярлаған 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты мазмұнымен танысу. Химия оқу пәні. (8-11 сыныптар)



2 БӨЖ

Тақырыбы: Химиядан мектеп оқулықтары. Оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Тапсырма 1

Төмендегі сұрақтарға тірек конспект жазбаша жаз



  1. Мектеп сараманында химиядан қандай авторлардың оқулықтары және қандай уақыт аралығында қолданылды?

  2. Тұңғыш қазақ тілінде балама байқау оқулықтарын қашан, кімдер шығарды?

  3. Олардың құрылымын мен мазмұны.

Тапсырма 2

(кесте түрінде орында)

  1. Қазіргі кезде оқушылар қолданып жүрген төл оқулықтардың мазмұны мен құрылымы.

а) авторлары мен баспасына көңіл аудар, ойыңды қорытындыла.

ә) оқулықтардағы алғы сөзді оқып талда.

б) оқулықта қандай шартты белгілер бар?

в) Оқулық қандай тараулардан құралған?

г) Әр параграф, тақырып санында жаттығулар, тапсырмалар сұрақтар, берілген бе?

Олардың маңыздылығы.



3 БӨЖ

Тақырыбы: «Ауа. Оттегі. Жану» тақырыбына есептер шығару.

Төмендегі тапсырмаларды орында:

1. Термохимиялық теңдеу бойынша есептер шығару әдістемесімен танысу, үйрену. (8 класс, 64 бет).

а) Мына термохимиялық реакция теңдеуін ескере отырып, СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О + 802,3 кДж

Массасы 32 г. Метан жанғанда қанша жылу бөлінетінін есепте.

ә) Массасы 6 г Mg жанғанда 150,3 кДж жылу бөлінді? Осы деректерге сүйене отырып, MgO түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр.

б) Массасы 10 г СаСО3 айырылғанда 17,7 кДж жылу сіңірілді. СаСО3 айырылу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр


  1. в) Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына, газдардың көлемдік қатынастарына сүйеніп шығарылатын есептерді орында. 8 класс. § 28-29. 76-81 беттер.



4 БӨЖ

Тақырыбы: Оқушылардың білімін есепке алу және жеке бақылау.


Тапсырма 1

8-10химия тақырыптарының бірі бойынша оқушылардың білімі мен білігін тексеруге арналған тапсырмаларды құрастырып, даярла.



  1. Жаппай әңгімелесу;

  2. Ауызша жеке сұрау;

  3. Дидиактикалық тапсырмалар;

  4. Химиялық диктант;

  5. Білімді тестілік тексеру;

  6. Қысқа мерзімді тексеру жұмыстары;

  7. Бақылау жұмысы;

  8. Химиялық эксперимент;


6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер

  1. Нұғыманұлы И.,Шоқыбаев Ж.Ә,Өнербаева З.О Химияны оқыту әдістемесі / Алматы: Prints, 2005.

  2. Чернобельская Г.М. Основы методики обучения химии,М., Просвещение, 1987

  3. Шаповаленко С.Г. Учебник в системе средств обучения. Вып.4 1976

  4. Плетнер Ю.В., Полосин В.С. Практикум по методике преподавания химии. М., Просвещение, 1980.

  5. Общая методика обучения химии / Под редакцией Л.А. Цветкова. Ч. І и ІІ. М., Просвещение, 1983.

  6. Преподавание органической химии в средней школе. Л.А.Цветков. Изд. «Просвещение», 1988-240 стр

  7. Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004

  8. Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005

  9. Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006

Қосымша әдебиеттер

  1. “Білім” мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.

  3. Семенькова Н.Н К методике изучения темы « Первоначальные химические понятия». Химия в школе. 1990- 2004.

  4. Методика преподавания химии / Под ред. Н. Е. Кузнецовой. М,. Просвещение, 1984.

  5. Иванова Р.Г. Уроки химии в 7-8 классах. М., Просвещение, 1982.

  6. Нифантьев Э.Е, Верзилина М.К. Внекласная работа по химии с исползоанием хроматографии. М., Просвещение, 1983.

  7. Иванова Р.Г., Осокина Г. Н. Изучение химии в 9-10 классах М., Просвещение, 1982.

  8. Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп», 2004.

  9. М.Усманова, Қ. Сакариянова. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. Алматы. «Ата мұра».2005.

  10. Грабецкий А.А. Назарова Т.С. Кабинет химии. М. Просвещение, 1983.

  11. Интернет көздері

  12. «Химия мектепте» және «Химия в школе» журналдары.

Интернет-ресурсы

  1. http://school-collection.edu.ru/ 

  2. http://him.1september.ru/ 

  3. http://pedsovet.org/ 

  4. http://www.uroki.net/ - UROKI.NET.

  5. http://festival.1september.ru/subjects/4/ 

  6. http://som.fsio.ru/subject.asp?id=10000755 

  7. http://schools.perm.ru/ -

  8. http://www.alhimik.ru/ 

  9. http://www.chemistry.narod.ru/ 

  10. http://hemi.wallst.ru/ 

  11. http://www.college.ru/chemistry/ 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет