Семинар тренинг Досқалиева Зейнеп Раушанқызы



бет3/3
Дата24.10.2023
өлшемі28,26 Kb.
#188123
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
d0b1d0bed0bbd0b0d188d0b0d29b-d0b8d0b5d181d196-e28093-d0b1d2afd0b3d196d0bdd0b3d196-d0b6d0b0d181-d0bcd0b0d0bcd0b0d0bdc2bb-d181d0b5d0bc (3)
«Студенттердің-ғылыми-зерттеу-жұмыстары-туралы-Ережесіне»-өзгерістерді-енгізіп-бекіту (1), «С улет нері. Тілдік ж йе ж не норма» б лімі бойынша жиынты ба, Пирамида және оның элементтері, түрлері, Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары, 19-20-сабақ Тұлпар-Тальго. Сөз дәлдігі., sabaq-kz attachment mzh.-debiet-11-synyp-m.uezov.-abay-zholy-roman-epopeyasy, Бизнес колледж Жасұлан (3), Конференция бағдарламасы (1), 1587448413, 1641309415, 1645337993, 1596614858, 000638ed-53f7714a, « о амды сананы жа ыртуды зекті м селелері», Қазақ тілі 2-тоқсан 11-сынып ЖМБ (1)
Жас маманға жаднама

Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым – қатынас жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс – тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылым зерттеу іс – әрекеттерінің жолдарын үйрету – тәлімгер ұстаздардың басты міндеті.
Сабақ өткізуде, жас мұғалімге арналған жаднама

  1. Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз.

  2. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне жол табыңыз.

  3. Сыныптағы оқушыларды, әсіресе – ерекше назар аударатын оқушыларыңызды түгелдеңіз.

  4. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.

  5. Журналдың бетін қоңыраудан бұрын ашып қойыңыз.

  6. Кезекшілерден сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.

  7. Сабақты ерекше жігермен бастаңыз.

  8. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.

  9. Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық сабақта тәртіпсіздік туғызады.

  10. Оқушыларға матиериалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз.

  11. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз.

  12. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз.

  13. Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.

  14. Сабақ кезінде басқа істермен щұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.

  15. Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз.

  16. Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.

  17. Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз.

  18. Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз.

  19. Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.

  20. Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз.

  21. Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.

Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындауына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандарды оқу орнын бітіре салысымен, барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Жас мамандар ұстаздық қызметінің алғашқы жылдарында – ақ, бар күш – жігерін тек қана жұмысқа арнауы керек.
Жас маманға:
Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет.
Әдістемелік жұмысты мұғалімдердің өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды, үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ, жас мамандарға қойылатвн талаптар:

  • Мұғалімнің жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;

  • Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;

  • Мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;

  • Мұғалім педагткалық қарым – қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек.

Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті. Тәлімгерлік жұмыста ең бастысы, жас мамандарды еліміздің мәртебесін асқақтататын білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі мұғалім болуға баулу.
Қорытынды:
«Бақыт денен не?» деген сауалдың «Бақыт деген – таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын сіз де естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысымызға, туысымыздан артық болып кеткен қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соңқұрқылтайдың ұясындай жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме?
Педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын мықты мамандарымыздың, жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап мектебімізде арта берсін, сіздерге тек жеміс пен жеңіс тілей отырып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет