Қажетті құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.
Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді. Талдау: Сендердің көңіл-күйлерің қалай? Кімге өзінің қимылы қайтып келді? Ол өзгерді ме, әлде сол қалпында қалды ма? Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңдер? Қорытынды. Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.