Абдрахманова Нышанкүл
Гидроаэромеханика, сұйықтар мен газдардың қозғалысын зерттейтін механика бөлімі, олардың қатты денелермен өзара әрекеттестігін -сұйықтар мен газдарды зерттеуде бірыңғай тәсіл ретінде қолданылады.
Сұйықтық ағыны - белгілі бір бағытта қозғалатын сұйық бөлшектердің үздіксіз массасы. А шығысының жылдамдығы Q сұйық С түтік көлемі V уақыт аралығы S-көлденең қимасы арқылы ағып жатыр.
Q = V/ t
Тұтқырлық
Тұтқырлық (ішкі үйкеліс) –қозғалыс кезінде сұйық қабаттарының бір-біріне жанама бойымен әсер ету құбылысы
Сұйық қозғалысы үшін Ньютон заңы:
Қозғалыстағы сұйықтың қабаттарының арасындағы кедергі күші жылдамдық градиентіне және көлденең қима ауданына тура пропорционал .
- тұтқырлық [пуаз]; [Пас].
Тұтқырлықты түсіндіру Жоғары тұтқырлығы бар сұйықтықтар өте баяу ағады, бал сияқты. Төмен тұтқырлығы бар сұйықтық Тез су сияқты ағады. Тұтқырлық бірлігі Паскаль-секунд (Па∙с)
Ламинарлы және турбулентті ағыстар
Ағыстың түрлері Сұйықтың жеке қабаттары бір-бірімен араласпай, бірінің бетімен екіншісі сырғып параллель қозғалса мұны ламинарлық ағыс деп атайды
Ағынның жылдамдығы немесе көлденең өлшемдері артуымен ағыстың сипаты айтарлықтай өзгереді. Сұйықтықтың белсенді түрде араласуы орын алады. Мұндай ағыс турбуленттідеп аталады
Табиғатта кең таралған техникалық құрылғыларда кең қолданылатын тұтқыр сұйықтың құйынды қозғалысын турбуленттік қозғалыс дейді.
Турбуленттік қозғалыстарға жататындар – ауаның атмосферадағы орын ауыстыруы, судың мұхиттардағы, көлдердегі, газ құбырларындағы, турбиналардағы, насостар мен компрессорлардағы, зымыран және реактивті қозғалтқыштардың соплоларындағы ауаның ағысы.
Тарихта турбуленттік қозғалыстың алғашқы ғылыми зерттеулері – 1883 жылы ағылшын физигі О. Рейнольдс жасаған тәжірибелер болып табылады. Онда ғалым судың қозғалысын көлденең қимасы дөңгелек цилиндрлік құбыр арқылы зерттеді. Ламинарлық қозғалыстағы сұйықтың жылдамдығын арттырғанда, бояуы бастапқыда өте анық көрінетін түзу сызықты ағынға толқындар жұғып таралатынын байқауға болады.
Ол толқындардың ағын бойымен таралуы – әуелі тыныш және түзу сызықты болған қозғалыста ұйытқудың пайда болғанын көрсетеді.
РЕЙНОЛЬДС САНЫ
Ламинарлы ағыс турбулентті ағысқа айналады.
Егер Rе > Rе кp болса, онда ағыс турбулентті. Қанның тамырлар бойымен қозғалысы ламинарлы болып табылады.
Бернулли теңдеуі .
Теңдеудің сол жағындағы алғашқы екі мүшесінің қосындысы сұйықтықтың (бірлікмассағақатысты) толық потенциалдық энергиясына, ал үшінші мүшесі сұйықтықтың кинетикалық энергиясына тең. Демек, тұтас алғанда теңдеу қозғалыстағы сұйық ағыны үшін механикалық энергияның сақталу заңын өрнектейді әрі р және һ арасындағы негізгі тәуелділікті белгілейді.