Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата20.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Силлабус. Әдеби процесс

Сағат саны
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 
1.
Көркем шығарманың құрылысы. 
2.
Әдеби шығарма – көркемдік әлемі. 
3.
Мазмұн пен шішін, олардың бірлігі. 
4.
Мазмұн мен пішін элементтері. 
Дәріс тезисі: 
Пішін мен мазмұн. Әдетте қарапайым өмірде Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні. 
Оның енді ішкі қасиеті, анықтамасы – мазмұн. Мазмұнның сыртқы қасиеті – пішін. Қандай 
жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек 
мазмұн пішіннен басым (примат). Ал көркем әдебиеттегі пішін мен мазмұн қандай? Әдетте 
шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді. Бұған негіз 
бар. Алайда мазмұн деп суреттелінген өмір құбылыстарын айту қисынды болмас еді. Өйткені 
шығарманың мазмұны – баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай өмірлік құбылыстардың тікелей 
өзі емес соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті. Өмір шындығы әдебиет 
шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой – 
сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. 
Шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы, ал 
пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, 
композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки 
көркем шығарманың тілі. Форма дегеніміз – мазмұнның сыртқы көрінісі. Форма мынадай 
компонеттерден құралады, яғни форманы ашатын амал-тәсілдері образ, сюжет пен композиция
метод, жанр, өлең құрылысы, ырғақ, әуен, интонация т.б. жатады. З.Қабдолов мазмұны мен форма 


туралы: «Әдеби шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеалының тұрғысынан сурткер таныған 
ақиқат өмір, пішін (форма) – осы шындық түтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни 
әдеби қаһармандар өмірі», – деп анықтама береді. 
Бекіту сұрақтары 
1.
Көркем шығарманың мазмұны дегенді қалай ұғасыз?
2.
Шығарманың пішімі неге өзгермелі сипатта болады?
3.
Мазмұн мен пішіннің байланысы қандай? 
4.
Көркем шығармаға аналитикалық талдау жасағанда негізге алынатын талаптар қандай?
5.
Зейнолла Қабдолов мазмұн мен пішіннің бірлігі жөнінде қандай тұжырым айтады? 
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
 
Тақырыбы
: Композиция. Сюжет пен фабула.
Сағат саны
1
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Көркем шығармадағы сюжет желісі. 
2.
Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер. 
3.
Сюжет түрлері, сюжеттік желілер. 
4.
Сюжет және көркем тартыс. 
5.
Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері (М.Атымов). 
Дәріс тезисі:
Композиция – латын тілінде құрастыру, тәртіпке келтіру деген ұғымды білдіреді. 
Әдебиет теориясында композиция – көркем шығарманың құрылысы деген сөз.Көркем 
шығармадағы негізгі әңгіме адамдар жайында болғандықтан, олардың сырқы пішіні, кескіні, 
мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса, 
көркем шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді, әр алуан бөлшектердің қалауын тауып
жазушы шебер қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Сюжет дегеніміз – шығармадағы 
кейіпкерлердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары, яғни шығармадағы 
оқиғаның дамуы.Ендеше, оқиға қалай болса солай суреттелмейді; белгілі бір тәртіппен дамиды. 
Бір оқиға себебі болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек 
кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі 
аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі бір мезгілдерде болғандығы көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет