Семинардың ашылуы 11: 05 баяндама. Дебат технологиясы жаңа заман талабы



бет2/3
Дата09.01.2023
өлшемі425,41 Kb.
#165196
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
дебат ереже 2222

Кілттік сөз (дефиниция).
Қоғамда болып жатқан құбылыстарды әр тұлға өзінше ой елегінен өткізетіні белгілі. Ал пікірсайыс осы көзқарастарды зерттеп, ақ-қарасын айыруға көмектеседі. Тақырыпты өзекті етіп, ашу үшін кілттік сөздің орны айтарлықтай. Мәселен, резолюция "БП Гитлердің саясатын ақтайды" болса, Гитлерді және саясатты позициясына орай таныстырып, дефинициясын ұсынады. Ойын алаңы соған қарай құрылады. Енді кілттік сөздердің қыр-сырын қағидалармен жүйелейік:
1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, тез жатталады.
2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс.
3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ.
Кілттік сөздерге қатысты көптеген қайшылықтар туындайтыны баршамызға анық.
Бірауыздан бекітілген шешім мынадай:
1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ, ортақ кілттік сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
2. Атамаса да айдан анық сөзді түсіндіру дұрыс емес деп шағымдану бар. Дегенмен, керек тастың ауырлығы жоқ тақырыптар да бар. Тағы бір жағы пікірсайысшы болғандықтан сараптауға білім жетер. Ақылды шешімді ситуацияға қарап қабылдарсыз.
Ақпарат жинау, статистикалық мәлімет
Бүгінде пікірсайысшылардың арасындағы ойын барысында көптеп еститін қарсылықтардың бірі «дезинформация» (жалған ақпарат). Бұл сөзге дефиниция бермесек те барлығымыздың құлағымыз естіген, себебі әрбір турнирлерде жиі айтылатын сөздердің бірі десек келісерсіз. Біреулер мұндай жалған ақпараттарды ойларынан құрастырып жатса, ал енді бірі бұқаралық ақпарат беттерінен оқып білгендерін айтып ақталып жатады. Ия, бүгінде біз пікірсайыс турниріне дайындалғанда газет, кітаптарға көп жүгінбей көмекті интернет беттерінен іздейтіндігіміз мәлім. Бірақ, осы интернет беттеріндегі ақпараттардың қаншалықты шындық, не өтірік екендігіне аса мән беріп қарап жатпайтындығымыз тағы бар. Мысалы, «Карл Поппер» форматында ойыншы қандайда бір маңызды ақпарат айтқан болса, ол ақпаратты қайдан алғандығы жөнінде сілтеме жасап өтуі тиіс. Қазірде біз ойнап жүрген АПФ, БПФ форматтарында мұндай талаптар жоқ, сол себепті жалған ақпараттарды жиі естіп жатамыз. Ғаламтордан мәліметтер іздеп қарасақ, сан түрлі сайт беттерінен ақпараттар легі лық етіп шыға келеді. Сонымен қоса, әр пікірсайысшы тек керекті, маңызды ақпараттарды көрсете алуы да ойынның мәйегі болып табылады. Қазір қандай да бір тақырыпқа байланысты ақпараттар іздесең өте көп, солардың ішінен тек қажеттісін, пайдаға асатынын сүзіп алып, оны дұрыс жеткізе білу керек. Енді осы ойындарға дайындалу барысында қандай сайт беттерінен шынайы, нақты, әрі соңғы мәліметтерді алуымызға болады? – деген сұрақ туындайды. Көбіне интернет беттерінен мәлімет алған кезде әр мақаласы мен берілетін мағлұматтары сүзгіден өтетін ресми сайттардан қараған дұрыс.
Кей ойындарда біз жаңа бір қабылданып жатқан заңдарға, не болмаса жаңа бағдарламаларға байланысты пікір алмасамыз. Сондай ойын кездерінде біз заң баптарын, бағдарламаларды қарастырамыз. Осындай тақырыптарға қатысты ойынға дайындалу кезінде соңғы мәліметтер шығып отыратын сайттар:
http://www.adilet.gov.kz/ru,
http://www.zanmedia.kz/,
http://adilet.zan.kz/ .
Ендігі кезекте «status quo» (қалыптасқан жағдай) келтіретін статистикалық ақпараттар легі, қазіргі жағдай барысында статистикалық мәліметтердің ескі болып шығып жатулары не болмаса, екі тараптың мәліметтері екі түрлі келтіріліп жатады. Бұл да ғаламтор беттеріндегі өзімізге қажетті ақпараттарды дұрыс көздерден алмауымыз. Егер де ойын масштабы Қазақстан бойынша ойналып жатқан болса, онда елімізге байланысты статистикалық мәліметтерді http://www.stat.gov.kz/ сайтынан қарасаңыздар болады және осы сайтта әр облысқа да тиесілі статистикалық ақпараттарды қарай аласыздар.
Ойынға дайындалу процесінде ойынның тақырыбына қатысты түсінбеушіліктер, қиындықтар туып жатса, онда университет оқытушылары және ойын тақырыбымен байланысты салада қызмет атқаратын мамандардың көмегіне жүгіну тақырыпты тереңірек әрі нақты түсінуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет