ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономикалық факультетінің «Экономика» кафедрасы 10-11 сынып оқушыларына арналған экономика негіздері бойынша олимпиада аясында мектеп, лицей, гимназия оқытушыларына «Инновациялық білім беру әдістері мен технологиялары» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады.
Семинардың өткізілу уақыты: 4 наурыз 2016 жыл, басталуы сағ: 9.15.
Өткізілетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, №5 Оқу-зертханалық кешен, 821 аудитория, К. Мунайтпасов көшесі, 5
Семинар тілі: қазақша, орысша.
Материалдарды ұсыну тәртібі:
Семинарға қатысу үшін 2016 жылдың 1 наурызына дейін kafedra_ekn@enu.kz – эл.мекен-жайына төмендегі материалдарды бекітілген файл ретінде жіберу керек:
- семинарға қатысуға өтініш (қосымша);
- баяндаманың мәтіні және атауы (қатысушыларға 5-7 минут беріледі).
Қатысушыларды марапаттау:
Белсенді қатысушылар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сертификатымен марапатталады.
Семинарды ұйымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономикалық факультетінің «Экономика» кафедрасы
Мекен-жайы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, №5 ОЗК, 803 аудитория,
К. Мунайтпасов көшесі, 5
Анықтама телефондары: 8(7172)709500-32805
Өтініш үлгісі
Т.А.Ә. (толық)
|
|
Жұмыс орны
|
|
Қызметі
|
|
Мекен-жайы, телефон
|
|
E-mail
|
|
Баяндаманың тақырыбы (қатысушыларға)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |