«Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма» сабағына рефлексиялық есеп.
Мұғалім сабағын жеті модулді басшылыққа алып жоспар жасаған. Себебі оқушыларға берілетін тапсырмаларға модулді енгізу арқылы оқу үдерісінің айырмашылығын және оқушының білім-білік дағдыларына, ойлау қабілеттеріне, мысалдарды қандай деңгейде меңгере алатындығын, сабаққа деген қызығушылығы қалай болады деп, яғни бұрынғы дәстүрлі сабақ пен оқудағы жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда жақсы жақтарын, жетістіктерін зерттеу,байқау мақсатында болды. Жұмысты орындауда сабақта жеті модульді кіріктіру, тапсырманы сыни тұрғыда ойлауға бағыт – бағдар беру , диалогтық оқыту , бағалау, АКТ-ны қолдануды және оны оқытуда рөлі басты назарында болды. Ол үшін мұғалімге іскерлік , ізденіс , шығармашылық , табандылық пен төзімділік қажет ететіндігін түсінді. Ал енді осы жеті модульді оқытуда қолданған жұмыстарына тоқталсам.
1- әрекет.
«Жылулық сыйлаймын» психологиялық тренинг арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырды.
2- әрекет.
Оқушыларды диаграммалардың суреттері арқылы 3 топқа бөлді.
«Дөңгелектер тобы», «Графиктер тобы», «Бағандар тобы».
3- әрекет.
Үй жұмысын: Отбасындағы бауырларын жас шамасына қарай бағанды диаграммаға кескіндеу арқылы түйіндеді.
4-әрекет.
Оқушылар: Бірінші тапсырмада есептер шығарып, шығару жолдарын баяндап, «Джигсо» әдісімен постер қорғатты.
5- әрекет.
Екінші тапсырмада: «Кім тапқыр» логикалық тапсырмаларды орындауда: таяқшалардан бірнеше қате теңдіктер құрастырылып, әрбір теңдікте бір таяқшаның ғана орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдікке келтіруде оқушылар көп ойланып, уақытты тиімсіз пайдаланды.
6- әрекет.
Үшінші тапсырма: “Сәйкестендіру”.
Оқушылар диаграмманың аты мен суретіне қарай сәйкестендірді. Бұл сәйкестендіруде оқушылардың диаграммалар туралы білетіндері жылдамдықтарынан көрініп тұрды.
7- әрекет.
Жекелген оқушыларға тапсырма берді.
8- әрекет.
Кері байланыс: «Білемін. Білдім. Білгім келеді».
Оқушылар сабақ және үйренгендері туралы кері байланыстарын стикерге жазу арқылы сабақты қорытындылады.
Үй тапсырмасына: Есептер беріп, олардың диаграммасын салуды тапсырды. Мұғалім сабақта қолданған әдіс-тәсілдерін тиімді қолданғаны, оқушының сабақта алған білімдерін өмірде де тиімді пайдалана алатындықтарын, оқушылардан алынған кері байланыстардан көрініп тұрды.
А.Ешекенованың 6 «а» сыныбына биология пәнінен өткізген
Достарыңызбен бөлісу: |