«Мұқият тыңдап, досыңа түсіндір» әдісі бойынша видеодан тыңдап, тысқа шығып ойын жинақтап, түсінігін айтты.Айта алмағандардың құлағына достары сыбырлап естеріне түсірді. Ол әдіс өте қызықты өтті.Топ басшыларына өз топтарына сәйкес постер қорғау тапсырылды.Уақыт белгіленіп тез арада жарыса қорғады. Онда балалар бес жол өлең, өз өлеңдерін, суреттерін, мақал-мәтел тауып таңғалдырды. Келесі тапсырма тәжірибе жасау болды.
Балалар бұнда өздері өсінділер мен пияз не тамыры жоқ өсімдіктерді қалай көбейтуге болатындығын айтып көрсетті. Оқығаныңды есіңе түсір, өтілген тақырып бойынша түрлі әдістер арқылы жауап алынды. Мұнда кітаптағы материал мен байланысты мәтіннен керекті жауаптар оқылды.Тест сұрақтарына жауаптар да айтылды. Кептірілген өсімдіктерді де тауып көрсетті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары болды. Бір-бірін тыңдап жанашырлықпен, адамгершілікпен сабақ қызықты жалғасты.Талдау,жинақтау әдісі бөліміне келгенімізде өздері ВЕНН диаграммасы арқылы адамдар мен өсімдіктерге тән ортақ іс-қимылды айтып берді. Сабақ барысында әрбір баланы мадақтап, бағалап, тақтаға топқа стикерлер жабыстыру арқылы ұпайлар берілді. Олар өздері жеке,жұптық,топтық жұмыстар түрлерін көрсетті.Соған сәйкес мен де оларды бағаладым. Сабақ соңында оқушылар қолдарына гүл шоқтарын алып, кері байланыс жасауға кірісті. Келген барлық қонақтарға сабақпен байланыстыра тілектерін айтып, жақсылық тіледі. Мұғалім сабағында жоспарлаған жұмыстарының барлығы сәтті өтті.
Мұғалім ретінде жүрекжарды тілегін оқушыларға да, келген қонақтарға да «Гүлжүрек» әдісімен аяқтады.
Ж.Ерманованың
Достарыңызбен бөлісу: |