Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет28/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Интерактивтік технологиялар оқытудың әдістері мен түрлерінің, бағдарламаларының интерактивті мүмкіндіктері кері байланысты іске асыра отырып, студенттің белсенділігін арттыруға, дәстүрлі оқыту жүйелерінің көбінде орындалмайтын диалог пен тұрақты көмекті де іске асыруға мүмкіндік береді. Демек, бір –бірімен бетпе – бет кездесусіз–ақ студент пен оқытушы арасында интерактивті қарым–қатынас орнату және пән бойынша білім мен дағдының белгілі бір мөлшерін өз бетінше игеру.
«Интерактивтік» термині ағылшынның өзара белсенділік мағынасындағы «interaction» сөзінен шыққан. Бұл термин көбіне – көп информатика, коммуникация және өндірістік дизайн саласында кеңінен қолданылады.
Біздің тәжірибемізде интерактивті дәріс педагог жетекшілігімен ұйымдастырылатын дәстүрлі оқыту тәсілі мен жекелей компьютерлік оқытудың ұтымды жақтарының үйлесімінен тұрады. Компьютер мұғалімнің белсенді көмекшісіне айналды. Ақпараттық–танымдық мазмұнмен қатар, интерактивті дәріс мазмұндау барысында компьютерлік слайдтарды қолдану арқасында эмоционалдық сипатқа ие.
Интерактивтілік келесі құралдар арқылы жүзеге асырылады:
- ақпараттық құралдар: компьютер мен интерактивті тақта. Компьютер ақпаратты өңдеуге арналған әмбебаб құрал, интерактивті тақта – компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіру арқылы дәріс өткізуге мүмкіндік беретін құрал;
-программалық құралдар немесе «электрондық басылымдар»: электрондық оқулықтар, электрондық дидактикалық материалдар, электрондық анықтамалар, электрондық энциклопедиялар, жаттықтырушы және дамытушы компьютерлік программалар.
Бастауыш сыныпта интерактивтік тақтаны қолдану оқушылардың назарын оқу үдерісіне аударып, қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырады. Программаларды көрнекі түрде басқару, тез белгілеу, тақтада балалардың көз алдында қолмен түзетулер енгізу, жазып алынған файлдарды оқушыларға сыныпта таратылатын материал, үйде өзіндік жұмыс ретінде орындалатын тапсырма түрінде беруге жағдай жасайды. Балаларға тақта алдында ұялуды және қорқынышты жеңуге көмектеседі, оларды оқу үдерісіне оңай қызықтырады. Сыныпта немқұрайлы оқушы кездеспейді, барлық пәндер бойынша оқу оқушылар үшін жеңіл және тартымды, қызықты бола бастайды. Сондықтан интерактивті тақтаны бастауыш сыныпта оқыту үдерісінде қолдана білуге үйрену болашақ мұғалімдер үшін өте қажет.
1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Бүгінгі 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты қабылданған жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген білім беру нәтижелері ретіндегі құзыреттіліктерді қалыптастыру жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Сондықтан болашақ мұғалімдерді оқытуда оларды қолдана отырып, оқушыларға да осы технологиялар негізінде білім, білік, дағды қалыптастыруға үйретуде маңызды болып отыр. Жобалау мен зерттеу әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше.
Жобалау технологиясы тек қандай да білім беріп қоймайды, ақпарат алу, оларды теориялық, практикалық кәсіби қызметінде қолдана білу тәсілдеріне, студенттерді топпен де, жеке де жұмыс істеуге үйретеді; әртүрлі ұйымдастырушылық шешімдерді өз бетінше қабылдай білу біліктілігін қалыптастырады; коммуникативтік біліктілігін дамытады; фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, сәйкестендіруді үйретеді; студенттердің идея тастау, болжау және оларды шешу біліктілігін дамытады; білім беру үдерісінде танымдық шығармашылық құзыреттілігінің негізі ретіндегі субъектінің шығармашылықпен ойлау қалыптасады; студенттердің түйіндік құзыреттіліктерін қалыптастыру жүзеге асады.
Жоба – латынша PROJECTUS- «алдын - ала» (Д. Дьюи, У. Килпатрик, С. Шацкий), «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші»,- деген мағынаны білдіреді. «Жобалауға оқыту», «оқушылардың жобалау әрекеті» туралы соңғы кезде көп айтылып жүр. Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді [15].
Жобалау технологиясы педагогикада жаңа әдіс емес. Ол өткен ғасырда АҚШ-та пайда болды. Оны философия және білім берудің гуманистік бағытымен байланыстырып Дж.Дьюи, В.Х. Килпатрин енгізген мәселелер әдісі деп атады [16].
Еуропада жоба технологиясы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында енгенмен, тиімді нәтиже бермеген болатын. Себебі, жоба технологиясының теориясы жеткілікті зерттелмеген еді.
Жоба – оқытушы көмегімен ұйымдастырылған және студенттің өзбетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс - әрекеттер жүйесі. Жобалау технологиясының негізгі идеясы – студенттің нәтижеге бағытталған оқу – танымдық әрекеті. Нәтиже практикалық немесе теориялық маңызды проблеманың шешімі болуы тиіс.
Біздің жағдайымызда ортаға студент↔оқытушы болып тақырып тасталады. Содан соң студенттер өз ойларын айтады. Сыртқы нәтиже: – оны көруге болады, тәжірибеде қолдануға болатын өнім. Ішкі нәтиже – студенттің тәжірибесі (білік, білім, құзыреттілік, құндылықтар).
Қажетті құзыреттіліктер: жауапкершілікті өзіне алу; бірлесіп шешімге келу; таңдау жасау; талдау, бағалау.
Тұжырымдық позициялар: ізгілендіру ұстанымы; ынтымақтастық; басқаның пікірін сыйлау; нәтижеге жауапкершілік.
Оқытушының міндеті:

  • Зерттеу және іздену әдістерін терең меңгеру және оны студенттермен ұйымдастыру;

  • Студенттердің өз пікірін еркін айта алатындай дискуссиялар ұйымдастыру;

  • Студенттерді қойылатын мәселені шешу жолын іздестіруге бағыттау;

  • Жобаның проблемасын шешу үшін ғылымның әртүрлі саласынан алған білімді кіріктіруге үйрету.

Жобаның түрлері: тәжірибеге бағытталған жоба, зерттеушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба.
Жобалау әрекетінде студенттердің өзгермелі өмірлік жағдаяттарға бейімделу, қажетті білімді өз бетінше ала білу, практикада туындап отыратын мәселелерді шеше білу қабілеттерін шешуге мүмкіндік беретін танымдық белсенділік басымдық алады. Жобалау әдісі әруақытта студенттің әдейі бөлінген уақытта (бірнеше минуттан бірнеше аптаға, кейде айға дейін жеке, қосарлы, топпен) өзбеттерінше әрекет етуіне бағытталған. Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – ол тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді. Жобалау әдісін мәселенің нақтылығы; алынған нәтиженің практикалық, теориялық, танымдық мәні; студенттің өзіндік әрекеті; жобаның кезеңдері көрсетілген мазмұндық бөлімін құрастыру; жобаны орындауға зерттеушілік әдістерді қолдану; зерттеу әдістерін, алынған мәліметтерді талдау, қорытындысын шығару, соңғы нәтижені түзетіп, реттеу, тұжырым жасауға байланысты «жобалау технологиясы» деп атайды [17]. Өкінішке орай, қазіргі студенттердің басым бөлігі ақпарат алудың әртүрлі әдебиеттер, электрондық басылымдар, интернет сияқты көптеген көздері бола тұрса да білім алуға белсенділік көрсетпейді. Бұл жерде негізгі мәселе қоғамдағы өте көп ақпарат ағымына байланысты студенттер өздеріне керекті мәселелерді іздеп табу жолдарын біле бермейді, дайын материал алуды көздейді. Бұл мәселені шешу үшін студенттерді жобалау әрекетіне үйретудің мынадай кезеңдерден тұратын дайындық жүйесі ұсынылады:
- жобалау алды қызмет;
- қысқа және орта мерзімді жобаларды орындау;
-оқытудың классикалық құралдарын қолданып, орта және ұзақ мерзімге арналған моножобаларды орындауды ұйымдастыру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану арқылы ұзақ мерзімді моножобаларды орындау;
- пәнаралық және факультетішілік жобалармен жұмыс [18].
Жобалау технологиясы студенттерді өз ойларын өздеріне ыңғайлы уақытта, шығармашылық түрде ұйымдастырылып, ойластырылған түрде жеткізе білуге дағдыландырады, өздерін - өздері іске қосып, өз іс - әрекетіне баға беруге, тексеруге әсерін тигізеді. Ең бастысы жобаның құрылысы қандай болатынын және тұсау кесері қандай түрде өтетінін студенттердің өздері шешеді. Жобамен жұмыс істей отырып, студенттер жеке де, топпен де өз беттерінше керекті мәліметтерді табуға, түрлі дерек көздерін пайдалануға үйренеді. Оқытушы олардың тең құқылы кеңесшісіне айналады. Бірігіп жұмыс жасау ұжымды жақындастырады, студенттердің бірі- бірімен қарым – қатынасы, тек өз жұмысына емес, бүкіл ұжым жұмысына деген жауапкершілігін арттырады. Әрбір студент өзі бастаған жұмысының толық нәтижесін көру үшін оны жақсы аяқтауға тырысады. Мұндай оқу технологиясы білімгерлерге шығармашылық ізденіске дағдылануды, ұжымда жұмыс жасауды үйретеді. Дәстүрлі сабақтардан гөрі жобалау технологиясын қолданған сабақтар оқытушыға да, студентке де жауапкершілік жүктейді, шығармашылық ізденісті талап етеді. Жоба технологиясын қолдану студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға, оны меңгеруіне, мектепке барған кезде балалармен жаңаша жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыруға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет